Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тартылған еттен жасалған қуырдақ: Диана Есенбекова дәмді тағам рецебін ұсынады

Опубликовано:

Тартылған еттен дайындалған қуырдақ. Скриншот
Тартылған еттен дайындалған қуырдақ. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қуырдық - баршамыздың сүйіп жейтін тағамдарымыздың бірі. Қазақ халқында әдетте қуырдақты жас малдың жаңа сойылған етінен дайындап жатады. Ал, тартылған еттен даярланатын қуырдақ жайлы естіп көрдіңіз бе? Бүгінгі материалда дәл осындай әдіспен дайындалатын қуырдақтың рецебін ұсынатын боламыз.

Қуырдақ қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі. Жаңа сойылған жас малдың етінен даярланатын тағам кез келген қонақты таң қалдыратыны анық. Ел арасында кеңінен танылған құнарлы тағамның ерекше рецебімен фудблогер Диана Есенбекова бөліседі. Ол аталған бас тағамды тартылған еттен жасап көрді.

Сипаттамасы

Асхана: Қазақ

Санаты: бас тағам

Дайындалу уақыты: 25 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Болгар бұрышы - 1

Қызыл пияз - 1

Аскөк - дәміне қарай

Сарымсақ - 1 тісше

Қызыл, қара бұрыш - 0,5 шай қасық

Тұз - дәміне қарай

Тартылған сиыр еті - қалауыңызша

Жұмыртқа - 1 шт

Картоп - 5

Cұйық май - мөлшеріне қарай

Дайындалуы

1. Көкөністерді тураймыз

Көкөністерді тураймыз. Скриншот
Көкөністерді тураймыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қызыл бұрышты алдымен жұқа тіліктерге, сосын кішкентай шаршы пішінде, ұсақтап тураймыз. Қызыл пиязды да дәл солай тураймыз.

2. Дәмдеуіштер мен тартылған сиыр етін қосамыз

Тартылған сиыр ето мен дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот
Тартылған сиыр ето мен дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Көкөністерге бір тісше сарымсақты ұсақтап турап, қосамыз. Сосын дәміне қарай тұз, қара, қызыл бұрыш, аскөкті қосамыз. Жұмыртқаны қосып, жақсылап араластырамыз.

3. Картопты қуырамыз

Картопты қуырамыз. Скриншот
Картопты қуырамыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қазанға сұйық майды құйып, қыздырамыз. Қызған майға ірі етіп туралған картопты салып, қуырамыз. Картоп қызарып, піскен кезде, сүзгішпен сүзіп, үлкен табаққа саламыз.

4. Тартылған етті қуырамыз

Тартылған етті қуырамыз. Скриншот
Тартылған етті қуырамыз. Скриншот: YouTube/CУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Тартылған етті қазандағы ыстық майға салып, піскенше қуырып аламыз. Сосын табақтағы картоптың үстіне саламыз. Тағамның дәмін келтіру үшін, пиязды турап, үстінен саламыз. Осылайша, қуырылған еттен дайындалатын қуырдақ дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2090309-tartylgan-etten-zhasalgan-quyrdaq-diana-esenbekovadan-damdi-tagam-retsebin-usyndy/

pixel