jitsu gif
Тағам

    Ірімшік қосылған картоп құймақтары: Ариана ұсынған дәмді әрі ерекше рецепт

    Ірімшік қосылған картоп құймақтары. Көрнекі сурет
    Ірімшік қосылған картоп құймақтары. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Құймақтарды әдетте жұмыртқа мен ұннан жасайды. Десе де, картоп қосылған құймақ жайлы естімеген боларсыздар. Бүгінгі материалда ірімшік қосылған картоп құймақтары туралы айтатын боламыз.

    Ірімшік қосылған картоп құймақтарының рецебін танымал фудблогер Ариана Дәуренқызы ұсынады. Блогердің YouTube арнасынан өзге де дәмі тіл үйіретін тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Славян елдері

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 15 минут

    Дайын болу уақыты: 10 минут

    Құрамы

    Жұмыртқа - 3

    Картоп - 4-5 дана

    Тұз - дәміне қарай

    Ыстық сүт - 400 мл

    Аскөк - дәміне қарай

    Ірімшік (сулугуни) - 70 гр

    Өсімдік майы - 4 ас қасық

    Ұн - 150 гр

    Дайындалуы

    1. Қайнатылған картопты еземіз

    Картопты еземіз. Скриншот
    Картопты еземіз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Қайнатылған 4-5 дана картопты шұңғыл ыдысқа салып, жақсылап езіп аламыз.

    2. Жұмыртқа қосамыз

    Жұмыртқа қосамыз. Скриншот
    Жұмыртқа қосамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Картоп езбесінің үстіне үш дана жұмыртқаны қосамыз. Дәміне қарай тұз себеміз. Сосын бәрін жақсылап араластырамыз.

    3. Ыстық сүт қосамыз

    Ыстық сүт қосамыз. Скриншот
    Ыстық сүт қосамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Дайын болған картоп езбесіне ыстық сүттің жартысын қосамыз. Тағы да жақсылап араластырамыз.

    4. Ұн қосамыз

    Ұн қосамыз. Скриншот
    Ұн қосамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Қоспаға ұнды біртіндеп қосып, біркелкі етіп араластырамыз. Бұл ретте қамырдың іртік болып шықпауы үшін, ұнды шанышқымен жақсылап араластырған жөн.

    5. Ірімшік пен аскөкті қосамыз

    Ірімшік пен аскөкті қосамыз. Скриншот
    Ірімшік пен аскөкті қосамыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Құймақтың қамырына алдымен аскөкті, кейін ірімшікті қосамыз. Сосын бәрін жақсылап араластырамыз. Негізгі массаға сүттің қалған бөлігін қосып, араластырамыз. Соңында сұйық май қосып, тағы да жақсылап араластырып аламыз.

    6. Құймақты ыстық табада пісіреміз

    Құймақты пісіреміз. Скриншот
    Құймақты пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Табаны пеште қыздырып, құймақты ожаумен құямыз. Осылайша, құймақтың қамыры біткенше, толықтай пісіріп шығамыз. Құймақтар жұқа әрі дәмді болып шығады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.