Баклажан мен тауық етінен "хит" салат: Ариана Дәуренқызының ерекше рецебі
Жарияланған күні:
Баклажан мен тауық етінен жасалатын "стир фрай" салаты бүгінде сұранысқа ие. Дәмі тіл үйіретін салаттың рецебімен бүгінгі материалдан таныса аласыздар.
Баклажан мен тауық етінен жасалатын салат көпшілік арасында "стир фрай" атымен танымал. Белгілі фудблогер Ариана Дәуренқызы бүгін сіздерге аталған салаттың рецебімен таныстыратын болады.
Сипаттамасы
Асхана: Қытай
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 15 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Тауықтың төс еті - 300гр
Баклажан - 300 гр
Жартылай ащы бұрыш - 125 гр
Қызанақ -200 гр
Көк пияз - 25 гр
Жасыл пияз - дәміне қарай
Картоп крахмалы - 10 гр
Сарымсақ - 20 гр
Паприка - 4 гр
Өсімдік майы - 30 гр
Қант - 5 гр
Cоусқа:
Паприка - 1 шай қасық
Сарымсақ - шай қасық
Қышқыл-тәтті бұрыш - 1 ас қасық
Соя соусы - 1 ас қасық
Дайындалуы
1. Баклажанды ірі етіп тураймыз
Баклажанды жақсылап жуып, екіге бөлеміз. Әр бөлікті ірілеу етіп тураймыз.
2. Баклажанды тұздап, крахмалдаймыз
Туралған баклажанды шұңғыл ыдысқа салып, шым-шым тұз қосамыз. Сосын жүгері крахмалын қосып, араластырамыз.
3. Тауықтың төс етін тураймыз
Тауықтың етін ірілеу қылып тураймыз. Сосын жүгері крахмалын, паприка, бір тісше сарымсақ, сұйық май қосып, жақсылап араластырамыз. 30 минутқа тұзы сіңуі үшін, маринадтап қоямыз.
4. Көкөністерді тураймыз
Жартылай ащы екі бұрышты тазалап, ұзын тілімше түрінде тураймыз. Қызанақтарды орташа етіп тураймыз.
5. Баклажан мен тауық етан қуырамыз
Табаға сұйық майды құйып, қыздырамыз. Қызып тұрған майға баклажанды салып, екі жақ беті қызарғанша жақсылап қуырып аламыз. Баклажанды қуырып болған соң, осы майға тауық етін салып, қызарғанша қуырамыз.
6. Салаттың барлық құрамын араластырамыз
Дайын болған баклажан мен тауық етан көкөністерге саламыз. Бір тісше сарымсақты ұсақтап турап, қосамыз. Сондай-ақ, жарты қасық паприка, қалауыңызша жасыл пияз, бір ас қасық соя тұздығы, бір қасық тәтті және қышқыл соус қосып, жақсылап араластырамыз. Дәміне қарай тұз қосуды ұмытпаңыз. Дайын салатты тәрелкелерге салып, дастарханға ұсынасаңыз болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2090576-baklazhan-men-tauyq-etinen-hit-salat-ariana-daurenqyzynyng-erekshe-retsebin-bilesiz-be/