Фарш қосылған баклажан: Ақнұр Тілекқызы ұсынған тіскебасар рецебі
Жарияланған күні:
Фаршталған баклажан тағамы - отбасыңыз бен қонақтарыңыздың ең сүйікті тағамына айналуы мүмкін. Дәмді әрі жеңіл тағамның рецебімен бүгінгі материалда таныс бола аласыздар.
Фаршталған баклажан рецебімен фудблогер Ақнұр Тілекқызы таныстырады. Танымал блогердің YouTube арнасынан осы және өзге де ерекше тағамдарының рецебімен таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Кавказ, Жерорта теңізді елдері
Санаты: тіскебасар
Дайындалуы уақыты: 20 минут
Дайын болу уақыты: 25 минут
Құрамы
Тартылған ет - 400 г
Пияз - 1
Аскөк - қалауыңызша
Тұз, бұрыш - дәміне қарай
Су - мөлшеріне қарай
Томат пастасы - мөлшеріне қарай
Дайындалуы
1. Баклажанды пісіреміз
Баклажандарды жіңішке етіп турап, пеш табаларына саламыз. Үстінен аздап тұз сеуіп, сұйық май жағып, пеште жартылай пісіріп аламыз.
2. Салмасын дайындаймыз
Тартылған етке пияз бен аскөкті молырақ етіп салып, араластырамыз. Сосын тұз бен бұрышты дәміне қарай қосамыз. Бір жұмыртқа қосып, тағы да жақсылап араластырамыз.
3. Тартылған еттен котлет жасап, қуырамыз
Тартылған еттен шағын котлет жасап, табаға жартылай қуырып, шала пісіріп аламыз.
3. Котлетті баклажанға ораймыз
Дайын болған котлеттерді баклажанға ораймыз. Томат соусын жарты кесеге суға қосып, баклажандар салынған ыдысқа құямыз. Алдын ала қызып тұрған отқа, 180 градусқа 20-25 минутқа қойып, пісіріп аламыз. Осылайша, фаршталған баклажандар дайын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2091368-farsh-qosylgan-baklazhan-aqnur-tilekqyzy-usyngan-tiskebasar-retsebi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.