Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алма қосылған жұмыртқасыз шарлотка: Ризадан ең дәмді рецепт

Жарияланған күні:

Жұмыртқасыз шарлотка. Скриншот
Жұмыртқасыз шарлотка. Скриншот: YouTube/Riza Nurlankyzy

Жұмыртқасыз шарлотка жайлы естуіңіз бар ма? Алма мен корица қосылып жасалатын десерттің рецебімен бүгінгі материалда таныс бола аласыздар.

Шарлотканы жұмыртқасыз да пісіруге болады. Ол үшін, қолыңызда айран, алма және корица сияқты негізгі құрам болса болғаны. Фудблогер Риза Нұрланқызы ерекше рецепт ұсынады.

Сипаттамасы

Асхана: Француз

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 35-40 минут

Құрамы

Ұн - 140 гр

Қамыр қопсытқыш - 10 гр

Қант - 150 гр

Жарма ұнтағы - 140 гр

Сұйық май - 100 мл

Айран - 250 мл

Ас содасы - 0,5 шай қасық

Алма - 4 дана

Корица - 1 шай қасық

Дайындалуы

1. Айранға ас содасын қосамыз

Айранға ас содасын қосамыз. Скриншот
Айранға ас содасын қосамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Айранға жарты шай қасық ас содасын қосып, жақсылап араластырамыз. Қоспаны жарты сағатқа қойып қоямыз. Сонда айран көтерілетін болады.

2. Қамырдың негізгі құрамын араластырамыз

Қамырдың негізгі құрамын араластырамыз. Скриншот
Қамырдың негізгі құрамын араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Ұнға қант, жарма ұнтағы, қопсытқышты салып, жақсылап араластырамыз. Оның үстіне сұйық майды қосамыз. Сондай-ақ, ашыған айранды қосып, жақсылап араластырып, біркелкі қамыр дайындаймыз.

3. Алманы дайындаймыз

Алманы ұсақтап турап, корицамен араластырамыз. Скриншот
Алманы ұсақтап турап, корицамен араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Алманы жассылап жуып, ұсақ, шаршы етіп тураймыз. Үстінен корицаны қосып, жақсылап араластырып аламыз. Дайын болған алманы қамырға қосып, араластырамыз.

4. Шарлотканы әсемдейміз

Шарлотканы безендіреміз. Скриншот
Шарлотканы безендіреміз. Скриншот: YouTube/ Riza Nurlankyzy

Екі алманы ортасынан бөліп, видеодағыдай етіп, жұқа тілімдерге тураймыз. Сосын шарлотканың бетіне әсемдеп, раушан гүлі сияқты қойып, безендіріп шығамыз. Алдын-ала 180 градуста қызып тұрған пеште, 35-40 минутқа қойып, пісіреміз. Осылайша, жұмыртқасыз дайындалатын алма шарлоткасы дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2091875-alma-qosylgan-zhumyrtqasyz-sharlotka-rizadan-eng-damdi-retsept/