Cарымсақ қосып пісіретін бәтір: Арианадан нанның ең жеңіл рецебі
Жарияланған күні:
Сарымсақтан жасалатын бәтін нан күнделікті ас мәзіріндегі ашытылған нанды алмастыруы мүмкін. Оңай әрі тез жасалатын бәтір нанды үй жағдайында қалай дайындауға болады? Бүгінгі рецепттен таныс бола аласыздар.
Сарымсақ қосылып пісірілетін бәтір нанның рецебімен Ариана Дәуренқызы таныстырады. Фудблогердің бұдан басқа да рецепттерімен оның YouTube арнасынан таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 20 минут
Дайын болу уақыты: 25 минут
Құрамы
Жылы су - 200 мл
Құрғақ ашытқы - 1 шай қасық
Қант - 1 шай қасық
Өсімдік майы - 2 ас қасық
Ұн - 350 г
Тұз - 1 шай қасық
Сары май - 50 г
Ақжелкен (петрушка) - 2 ас қасық
Сарымсақ - 2 тісше
Тұз - дәміне қарай
Моцарелла ірімшігі - мөлшеріне қарай
Дайындалуы
1. Қамырдың ашытқысын дайындаймыз
Жылы суға бір шай қасық тұз, бір шай қасық қант, бір шай қасық құрғақ ашытқы саламыз. Сосын екі ас қасық өсімдік майын құйып, жақсылап араластырамыз.
2. Жұмсақ қамыр илейміз
Суға ашытылған ашытқыға біртіндеп ұн қосамыз. Сосын сары майды саламыз. Осылайша, ұнды біртіндеп қоса отырып, иін қандырып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырды илеп болған соң, бетін жауып, жылы жерге 40-45 минутқа, көтерілуге қоямыз.
3. Қамырды жаямыз
Пісіруге арналған қалыпқа пергамент қағазын төсейміз. Сосын көтерілген қамырды қалыпқа салып, қолымыздың көмегімен жаямыз. Сосын тағы да бетін жауып, 15 минутқа қоямыз.
4. Сарымсақ пен сары майды араластырамыз
50 гр сары майды шұңғыл ыдысқа салып, аскөк қосамыз. Екі тісше сарымсақты аршып, ұсақ үккіштен өткіземіз. Дәміне қарай тұз сеуіп, бәрін шанышқымен жақсылап еземіз.
5. Сары майды қамырға жағып, бәтір нанды пісіреміз
Көтерілген қамырда қолымызбен жайып, видеодағыдай етіп, шұңқыр жасап шығамыз. Сосын сары майды қамырдың бетіне біркелкі етіп, жақсылап жағып шығамыз. Моцарелла ірімшігін үккіштен өткізіп, үстінен сеуіп шығамыз. Алдын ала қызған пешке, 180 градусқа 20-25 минутқа қойып, пісіреміз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2092580-carymsaq-qosyp-pisiretin-batir-arianadan-nannyng-eng-zhengil-retsebi/