Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нан салма: Диана Есенбековадан дәмді рецепт

Опубликовано:

Нан салма тағамы: Скриншот
Нан салма тағамы: Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қазақстанның әр өңірінде әр түрлі аталатын нан салма тағамы - көпшіліктің сүйіп жейтін асы. Үй жағдайында оны қалай дәмді етіп пісіруге болады? Бүгінгі рецепттен біле аласыздар.

Нан салма тағамы - дәмді әрі құнарлы тағам. Жасалу жолы оңай әрі көп уақытты қажет етпейтін тағамның рецебімен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Азия

Санаты: бас тағам

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Картоп - 6-7

Сәбіз - 1

Тәтті бұрыш - 1

Қызанақ - 3

Пияз - 1

Cұйық май - мөлшеріне қарай

Сарымсақ - 2 тісше

Ет - 1 кг

Тұз, қара бұрыш, паприка, кинза - дәміне қарай

Томат пастасы - 1 ас қасық

Дайындалуы

1. Көкөністерді тураймыз

Көкөністерді тураймыз. Скриншот
Көкөністерді тураймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Ең алдымен картопты аршып, тазалап жуып, орта мөлшерде, төртбұрыш етіп тураймыз. Сәбізді де дәл сондай пішінде тураймыз. Сосын тәтті бұрышты турап аламыз. Пиязды ортасынан бөліп, сақина пішінде тураймыз. Сарымсақты ұсақтау етіп тураған дұры болады. Қызанақтарды орташа мөлшерде, шаршы етіп турап аламыз.

2. Етті қуырамыз

Етті қуырамыз. Скриншот
Етті қуырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қызып тұрған қазанға сұйық майды құйып, үстінен етті саламыз. Етке дәміне қарай тұз, қара бұрыш, паприка, кинзаны сеуіп, жақсылап қуырамыз. Бірер минуттан кейін етке сарымсақ пен пиязды салып, араластырып, қуырып, 15 минуттай бетін жауып, бұқтырып қоямыз.

3. Көкөністерді етпен бірге пісіреміз

Ет пен көкөністерді қуырамыз. Скриншот
Ет пен көкөністерді қуырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

15 минуттан кейін етке қызанақ, сәбіз және картопты қосамыз. Сосын тәтті бұрышты қосып, барлығын жақсылап араластырып, қуырып аламыз. Қуырылып болған соң, бір ас қасық томат пастасын қосып, араластырамыз. Осылайша, бетін жауып, 30 минутта баяу отта пісіріп аламыз.

4. Қамырды пісіреміз

Қамырды пісіріп аламыз. Скриншот
Қамырды пісіріп аламыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қайнаған суға тұз бен жайма қамырын салып, 5-10 минуттай қайнатып, қамырды пісіріп аламыз. Қамырды қолдан жайса да болады.

5. Дайын тағамды дастарханға ұсынамыз

Дайын болған нан салма тағамы. Скриншот
Дайын болған нан салма тағамы. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қамыр піскен соң, оны табаққа сүзіп аламыз. Бетіне піскен ет пен көкөністерді саламыз. Қамырдың арасына жабыспас үшін, оны көкөністермен жақсылап араластырамыз. Нан салманың бетіне көк пиязды турап, дастарханға ұсынамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2093846-nan-salma-diana-esenbekovadan-damdi-retsept/