Алма қосылған чизкейк: Диана Есенбекова ұсынған десерт рецебі
Жарияланған күні:
Алма қосылған чизкейк - дастарханға десерт ретінде ұсынуға болатын тамаша бәліш. Жақындарыңызға дәмі тіл үйірер чизкейкті дайындау үшін, бүгінгі рецептпен таныс болыңыздар.
Алма қосылған чизкейктің ең дәмді рецебімен фудблогер Диана Есенбекованың YouTube арнасында таныс бола аласыздар. "Супер келін Диана" атымен жүргізілетін арнада бұдан басқа да көптеген дәмді тағамның рецебі ұсынылған.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 15 минут
Дайын болу уақыты: 35 минут
Құрамы
Ұн - 300 гр
Қопсытқыш - көлеміне қарай
Сары май немесе маргарин - 110 гр
Жұмыртқаның сары уызы - 3 дана
Қант - 40 гр
Алма - 3 дана
Қант - 40 гр
Лимон шырыны - жарты лимон
Жұмыртқаның ақ уызы - 3 дана
Қант - 60 гр
Қаймақ - 400 гр
Жүгері крахмалы - 30 гр
Дайындалуы
1. Алманы дайындаймыз
Үш алманы жуып, тазалап, бірнеше бөлікке бөліп, шаршы түрінде тураймыз. Алманы қызып тұрған табаға салып, үстінен қант және жарты лимонның шырынын қосып, жақсылап араластырамыз. Сосын алманың шырыны шыққан соң, отты өшіріп, алманы суытып қоямыз.
2. Қамырдың құрғақ құрамын дайындаймыз
Шұңғыл ыдысты алып, ішіне қамырды електен өткізіп, салып қоямыз. Сосын бөлме температурасындағы майды салып, жақсылап үгітеміз.
3. Үгітілмелі қамыр илейміз
Ұн мен сары майдың қоспасына қант сеуіп, жұмыртқаның сарысын салып, үгітілмелі қамыр илейміз. Қамырды пішінге салып, тоңазытқышқа қойып, суытып қоямыз.
4. Жұмыртқаның ақ уызын қантпен араластырамыз
Жұмыртқаның ақ уызын шұңғыл ыдысқа құйып, миксермен көпіргенше жақсылап араластырамыз. Сосын жүгері крахмалы және қаймақты салып, тағы да араластырамыз.
5. Чизкейкті формаға салып, жинаймыз
Чизкейктің қамырын тоңазытқыштан алып, алдымен алманы саламыз. Сосын сұйық қоспаны құямыз. Бетіне артылған қамырды себеміз.
6. Чизкейкті пісіреміз
Чизкейкті алдын ала қызып тұрған пешке, 180 градусқа қойып, 35 минут пісіреміз. Осылайша, дәмі тіл үйіретін, алма қосылған чизкейк дайын болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2098757-alma-qosylgan-chizkeik-diana-esenbekova-usyngan-desert-retsebi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.