Үй асханасында дапанджиді қалай пісіреміз: Диана Есенбекова ұсынған рецепт
Жарияланған күні:
Дапанджи - ұйғыр халқының басты тағамдарының бірі. Дәмді әрі құнарлы тағамды үй жағдайында қалай әзірлеуге болады? Бүгінгі рецептте білетін боласыздар.
Ұйғыр тағамын пісірудің тәсілдерін белгілі фудблогер Диана Есенбекова айтып берді. Блогердің YouTube арнасынан одан өзге де ерекше тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: ұйғыр
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 25 минут
Дайын болу уақыты: 30 минут
Құрамы
Тауық еті - 1 туша
Қызанақ - 3 дана
Жартылай ащы бұрыш - 2 дана
Тәтті бұрыш - 1 дана
Сельдерей, көк пияз - дәміне қарай
Картоп - қалауыңызша
Тұз, дәмдеуіштер - дәміне қарай
Cарымсақ - 1 тісше
Томат пастасы - 1 ас қасық
Cоя соусы - 1 ас қасық
Дайындалуы
1. Тауықты суға пісіреміз
Тауықтың тушасын алып, алдымен бөлшектеп аламыз. Сосын салқын суда қайнатып, оған тауық етін салып, пісіріп аламыз.
2. Көкөністерді тураймыз
Жартылай ащы және тәтті бұрышты жіңішке тілім түрінде тураймыз. Қызанақты да ірілеу етіп тураймыз. Сельдерей мен көк пиязды ұсақтап турап аламыз.
2. Тауық еті мен көкөністерді қуырамыз
Қызып тұрған қазанға майды құйып, алдымен тауық етін жақсылап қуырып аламыз. Сосын қалауыңызға қарай картоп пен ащы және тәтті бұрышты салып, қуырамыз.
3. Дәмдеуіштерді қосамыз
Қуырылып жатқан ет пен көкөністерге дәміне қарай тұз бен дәмдеуіштерді қосамыз. Сондай-ақ. екі тісше сарымсақты қосып, жақсылап қуырамыз. Бір ас қасық томат пастасы мен соя соусын қосып, тағы да қуырамыз. Сельдерей мен көк пиязды салуды да ұмытпаймыз. Бәрін жақсылап араластырып, жарты сағатқа, баяу отта бұқтырып қоямыз.
4. Күрішті пісіреміз
Қызып тұрған табаға өсімдік майын құйып, күрішті салып, араластырамыз. Күрішке тұз қосып, майда жақсылап қуырып аламыз. Сосын қайнаған су құйып, күрішті 15 минут бұқтырып, пісіріп аламыз.
5. Дайын дапанджиді дастарханға ұсынамыз
Кесеге күрішті салып, тәрелкеге әдемілеп төңкеріп, саламыз. Жанына тауық еті мен көкөністерді салып, дастарханға ұсынамыз. Осылайша, үй жағдайында дапанджи тағамын оңай әрі дәмді етіп даярлауға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2098799-ui-zhagdaiynda-dapandzhidi-qalai-daiyndauga-bolady-diana-esenbekova-usyngan-retsept/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.