Шоколад қосылған тоқаштар: Диана ең оңай рецебін ұсынады
Жарияланған күні:
Шоколад қосылған тоқаштарды үй жағдайында қалай дайындауға болады? Үлпілдек әрі тәтті болып шығатын тоқаштардың рецебімен бүгінгі материалда таныс бола аласыздар.
Шоколад қосылған тоқаштар отбасыңыздың ең сүйікті нан өнімдерінің біріне айналуы мүмкін. Үй жағдайында осындай тәтті тоқаштарды қалай даярлауға болады? Танымал фудблогер Диана Есенбекованың рецебімен таныс болыңыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: десерт
Дайындалатын уақыты: 30 минут
Дайын болу уақыты: 40 минут
Құрамы
Сүт - 1 стакан
Құрғақ ашытқы - 1 ас қасық
Тұз - 1 ас қасық
Қант - 100 гр
Бал - 2 ас қасық
Жұмыртқа - 3 дана
Ұн - 400 гр
Сары май - 180 гр
Кофе - 1 ас қасық
Шоколад - 100 гр
Дайындалуы
1. Жұмсақ қамыр илейміз
Бір стакан жылы сүтке ас қасық ашытқы, тұз, қант, балды қосып, жақсылап араластырамыз. Сосын екі жұмыртқаны қосып, тағы да араластырып аламыз. Кейін електен өткізілген ұнды қосып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамыр иленіп болған соң, бетіне сары майды қосып, жұмсақ қамыр илейміз. Дайын қамырды жарты сағатқа қойып, көтерілуін күтеміз.
2. Қамырдан тоқаштар жасаймыз
Ашыған қамырды бірнеше бөліктерге бөліп, тоқаштар дайындаймыз. Әр күлшені домалатып, противеньге саламыз.
3. Күлшелерді пісіреміз
Күлшелерді дөңгелек формаға келтіріп, противеньге орналастырған соң, 15 минутқа бетін жауып, тындырып қоямыз.
4. Тоқаштың бетіне крем дайындаймыз
Бір жұмыртқа мен жұмыртқаның сарысына қант қосып, жақсылап араластырып аламыз. Сосын бөлме температурасындағы сары майды салып тағы араластырамыз. Кофені сумен араластырып, жұмыртқа мен майдың қоспасына қосамыз. Бәрін жақсылап араластырамыз. Сосын үш ас қасық ұн қосып, қою крем қоспа дайындаймыз.
5. Крем қоспаны тоқаштарға жағып, пісіреміз
Дайын крем қоспаны тоқаштарға жағып шығамыз. Сосын алдын ала қызып тұрған пешке, 180 градуста жарты сағат пісіреміз.
6. Тоқаштарға ерітілген шоколадты құямыз
Ыстық тоқаштардың ішіне ерітілген шоколадты құйып, дастарханға ұсынамыз. Жақындарыңызға мұндай тоқаштар ұнайтыны сөзсіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2099648-shokolad-qosylgan-toqashtar-diana-eng-ongai-retsebin-usynady/