Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рафаелло-чизкейк: Дианадан кешкі шайға дәмі тіл үйіретін тәтті десерт рецебі

Опубликовано:

Дәмі тіл үйіретін рафаелло чизкейкі. Скриншот
Дәмі тіл үйіретін рафаелло чизкейкі. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Чизкейкті даярлаудың түрлі жолы бар. Танымал аспаздар дәмді десерттің түр-түрін жасап келеді. Осы ретте, назарларыңызға рафаелло чизкейктің рецебін ұсынбақпыз.

Кешкі шайға жақындарыңызды қандай тәттімен қуантарыңызды білмесеңіз, оңай әрі тез жасалатын рафаелло чизкейкін жасап көріңіз. Дәмі тіл үйіретін десерттің рецебімен Диана Есенбекова таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Ұн - 250 гр

Cары май - мөлшеріне қарай

Жұмыртқа - 4 дана

Қант - 50 гр

Салмасына:

Қаймақ - 200 гр

Ірімшік - 500 гр

Қант - 200 гр

Какос ұнтағы - 50 гр

Ақ шоколад - мөлшеріне қарай

Рафаелло - 1 қорап

Дайындалуы

1. Үгітілмелі қамыр дайындаймыз

Үгітілмелі қамыр дайындаймыз. Скриншот
Үгітілмелі қамыр дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Алдымен ұнды електен өткізіп аламыз. Сосын бөлме температурасындағы майды салып, үгітілмелі қамыр дайындаймыз.

2. Қамырға жұмыртқа мен қант қосамыз

Үгітілмелі қамырға жұмыртқа қосамыз. Скриншот
Үгітілмелі қамырға жұмыртқа қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Үгітілмелі қамырға екі жұмыртқа мен қантты қосып, жақсылап араластырамыз. Дайын болған қамырды формаға саламыз. Салмасын дайын болғанша, қамырды тоңазытқышқа 15-20 минутқа қоямыз.

3. Салмасын дайындаймыз

Cалмасын дайындаймыз. Скриншот
Cалмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Бөлек ыдысқа қаймақ, сұйық ірімшік, қант, кокос ұнтағы мен жұмыртқаны салып, жақсылап араластырамыз. Салма іртік болмау үшін, оны миксермен араластырған жөн.

4. Чизкейкті пісіреміз

Чизкейкті пісіреміз. Скриншот
Чизкейкті пісіреміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Салманы қамырдың бетіне құйып, алдын ала қызып тұрған пешке, 180 градусқа жарты сағатқа қойып, пісіріп аламыз.

5. Чизкейкті безендіреміз

Чизкейкті әсемдейміз. Скриншот
Чизкейкті әсемдейміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Чизкейк піскен соң, оны суытып аламыз. Ақ шоколадты ерітіп, бетіне құямыз. Чизкейк рафаелло деп аталатындықтан, оның бетіне рафаелло шоколадын қойып, сәндеп шығамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2101172-rafaello-chizkeik-dianadan-keshki-shaiga-dami-til-uiiretin-tatti-desert-retsebi/