Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диана ұсынған рецепт: макарон қосып жасайтын салат түрін білесіз бе

Опубликовано:

Макароннан әзірленген салат. Скриншот
Макароннан әзірленген салат. Скриншот: pixabay.com

Үй жағдайында макароннан салатты қалай дайындауға болады? Ерекше әрі дәмді салаттың рецебімен бүгін бөлісетін боламыз.

Макароннан салат жасау рецебін бұрын-соңды естімеген боларсыз. Танымал фудблогер Диана Есенбекова үй жағдайында оңай әрі тез жасалатын, ерекше әрі дәмді салаттың рецебін ұсынады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: тіскебасар

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 10 минут

Құрамы

Қызылша - 1 дана

Макарон - қалауыңызға қарай

Қаймақ - 100 гр

Аскөк, кинза, тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

Құрғақ сарымсақ - дәміне қарай

Сүрленген тауық еті - көлеміне қарай

Консервіленген жүгері - жарты банка

Қатты ірімшік - көлеміне қарай

Дайындалуы

1. Қызылшаны тураймыз

Қызылшаны тураймыз. Скриншот
Қызылшаны тураймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Бір қызылшаны алып, сыртқы қабығын аршып, кесектеу етіп турап аламыз. Сосын кастрюльге суды құйып, қызылшаны салып, қайнатып аламыз. Сосын қызылшаны сүзіп аламыз.

2. Макаронды пісіреміз

Макаронды пісіріп аламыз. Скриншот
Макаронды пісіріп аламыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қызылшаны сүзіп алған соң, қалауыңызша макаронды алып, суға пісіріп аламыз. Сосын кастрюльден макаронды сүзіп аламыз.

3. Салаттың соусын дайындаймыз

Салаттың соусын дайындаймыз. Скриншот
Салаттың соусын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қаймақты шұңғыл ыдысқа салып, дәміне қарай аскөк, кинза, тұз, қара бұрыш пен кептірілген сарымсақты салып, жақсылап араластырамыз. Дайын болған қоспаға макаронды салып, тағы да араластырамыз.

4. Сүрленген тауық еті мен жүгеріні қосамыз

Тауық еті мен жүгеріні қосамыз. Скриншот
Тауық еті мен жүгеріні қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Макаронға сүрленген тауық ето мен консервідегі жүгеріні қосып, жақсылап араластырамыз.

5. Салаттың бетіне ірімшік себеміз

Cалаттың бетіне ірімшікті себеміз. Скриншот
Cалаттың бетіне ірімшікті себеміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Алдымен дайын болған салатты тәрелкеге салып аламыз. Сосын бетіне қатты ірімшікті үккіштен өткізіп, себеміз. Осылайша, макарон салаты дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2101724-diana-usyngan-retsept-makaron-qosyp-zhasaityn-salat-turin-bilesiz-be/