Жазға жеңіл ас: Диана Есенбековадан тауықтан жасалатын сорпаның рецебі
Жарияланған күні:
Тауық сорпасы оңай әрі тез дайындалатын тағамдардың бірі. Сорпаны үй жағдайында қалай дәмді етіп даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.
Тауық сорпасының үй жағдайында қарапайым жасалу жолын көпшілік біледі. Алайда оны дәмді етіп даярлау сырын қыз-келіншектер біле бермеуі мүмкін. Осыған орай, фудблогер Диана Есенбекова тауық етінен дайындалатын жеңіл әрі дәмді сорпаның рецебін ұсынады.
Сипаттамасы
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 10 минут
Дайын болу уақыты: 30 минут
Құрамы
Тауық еті - қалауыңызға қарай
Пияз - 2 дана
Сәбіз - 2 дана
Сарымсақ - 1 тісше
Сельдерей, лавр жапырағы, аскөк - қалауыңызша
Тұз - дәміне қарай
Тауық сорпасына арналған дәмдеуіш - дәміне қарай
Картоп - көлеміне қарай
Кеспе немесе дәнді-дақылдар - қалауыңызша
Дайындалуы
1. Қазанға тауық еті мен көкөністерді саламыз
Қазанға бір пияз бен екі сәбіз, тауық еті, біс тісше сарымсақ пен сельдерейді саламыз. Дәміне қарай тұз бен лавр жапырағын қосамыз. Сорпа қайнаған кезде, бетіндегі көбігін алып тастаймыз.
2. Тауық сорпасына арналған дәмдеуішті қосамыз
Тауық сорпасына арналған дәмдеуішті дәміне қарай қосамыз. Сорпаның құрамындағы барлық заттар сорпаға сіңген соң және ет піскен соң, оны сүзгімен сүзіп аламыз.
3. Көкөністерді блендерден өткіземіз
Сорпа қайнаған соң, ондағы еттен бөлек, көкөністерді де сүзіп аламыз. Сосын блендерге салып, үстінен аздаған сорпа қосып, блендерден өткізіп аламыз.
4. Картопты сорпаға қосамыз
Блендерден өткен көкөністерді сорпаға қосамыз. Сосын картопты ұсақ шаршы түрінде турап, оны да сорпаға қосамыз. Тауық етін де суытып, турап сорпаға саламыз.
5. Сорпаға кеспе қосамыз
Қайнап жатқан сорпаға кеспе немесе өзіңіз ұнататын кез келген дәнді-дақылды қоссаңыз болады. Кеспені қайнатып, пісіріп аламыз. Дайын болған сорпаны ыдысқа құйып, бетіне аскөк сеуіп, берсеңіз болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2103920-zhazga-zhengil-as-diana-esenbekovadan-tauyqtan-zhasalatyn-sorpanyng-retsebi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.