Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хит рецепт: Ақнұр Тілекқызынан картоп қосылған чебуректер рецебі

Жарияланған күні:

Картоп қосылған чебуректер. Скриншот
Картоп қосылған чебуректер. Скриншот: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Чебуректерді әдетте ет қосып даярлайтыны баршаға аян. Алайда оның картоп қосылған нұсқасы да бар екен. Дәмі тіл үйіретін мұндай чебуректердің рецебімен бүгінгі материалда таныс бола аласыздар.

Чебурек - қырым татарларының ұлттық тағамдарының бірі. Әдетте етпен әзірленетін ұлттық тағамды, картоп және жасыл пияз қосып та дайындауға болады екен. Фудблогер Ақнұр Тілекқызы бүгін сіздерге осы рецептпен таныстыратын болады.

Сипаттамасы

Асхана: Қырым татарлары

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 40 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

Құрамы

Ұн - 500 г

Cүт - 50 г

Өсімдік майы - 460 мл

Жасыл пияз - дәміне қарай

Картоп - 500 г

Тұз - дәміне қарай

Қара бұрыш - дәміне қарай

Су - 250 мл

82,5% сары май

Дайындалуы

1. Қамыр илейміз

Қамыр илейміз. Көрнекі сурет
Қамыр илейміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қайнаған суға үш ас қасық өсімдік майы, бір шай қасық тұзды саламыз. Ұнды бөлек ыдысқа електен өткізіп, дайындап аламыз. Ортасын ашып, суды құйып, қамыр илей бастаймыз. Дайын болған қамырды 15-20 минутқа тындырып қоямыз.

2. Салмасын дайындаймыз

Салмасын дайындаймыз. Скриншот
Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Картоптың қабығын аршып, суға салып, қайнатамыз. Тұз қосамыз. Картоп піскен соң, суын төгіп, сүт, сары майды қосып, пюре жасаймыз. Жасыл пиязды ұсақтап турап, картопқа қосамыз. Салмасына дәміне қарай тұз бен қара бұрыш қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Чебуректерді түйеміз

Чебуректерді түйеміз. Скриншот
Чебуректерді түйеміз. Скриншот: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Тындырылған қамырды алдымен бірнеше бөліктерге бөлеміз. Сосын әр бөлікті орташа қалыңдықта жаямыз. Ортасына салмасын салып, екі жақ шетін түйеміз.

4. Чебуректерді пісіреміз

Чебуректерді пісіреміз. Скриншот
Чебуректерді пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Қазанға өсімдік майын құйып, қыздырамыз. Чебуректерді майға салып, екі жақ беті қызарғанша жақсылап қуырып аламыз. Осылайша картоп қосылған дәмді чебуректер дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2107632-hit-retsept-aqnur-tilekqyzynan-kartop-qosylgan-cheburekter-retsebi/