Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Брокколи мен гүлді орамжапырақ салаты: Ақнұр дәруменге бай салаттың хит рецебін ұсынды

Опубликовано:

Брокколи қосылған дәмді салат. Көрнекі сурет
Брокколи қосылған дәмді салат. Көрнекі сурет: pixabay.com

Брокколи мен гүлді орамжапырақ күнделікті тамақ рационына міндетті түрде енуі керек. Соңғы кездері мұндай пікірді, әсіресе нутрициологтар жиі айтып жүр. Дәруменге бай көкөністерден қандай салат әзірлеуге болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

Брокколи мен гүлді орамжапырақ қосылған салатты үй жағдайында қалай әзірлеуге болады? Ақнұр Тілекқызы жасалу жолы оңай әрі дәруменге бай хит салаттың рецебін ұсынады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: тіскесабар

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

Құрамы

Гүлді орамжапырақ - 1 дана

Брокколи - 1 дана

Қияр - 2-3 дана

Қазанақ - 2 дана

Корнишондар - жарты банка

Жұмыртқа - 2 дана

Cарымсақ - 3-4 тісше

Тұз - дәміне қарай

Майонез немесе зәйтүн майы

Дайындалуы

1. Гүлді орамжапырақ пен брокколиді пісіріп аламыз

Орамжапырақ пен брокколиді пісіріп аламыз. Көрнекі сурет
Орамжапырақ пен брокколиді пісіріп аламыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Гүлді орамжапырақ пен брокколиді бөлшектеп аламыз, сосыни жақсылап жуамыз. Қайнаған суға салып, 3 минуттай қайнатып, пісіріп аламыз.

2. Қияр мен қызанақты тураймыз

Қияр мен қызанақты тураймыз. Көрнекі сурет
Қияр мен қызанақты тураймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қияр мен қызанақты жақсылап жуып, кесектеу етіп тураймыз. Жай қызанақтардың орнына черри қыназақтарын да пайдалансаңыз болады.

3. Жұмыртқаны тураймыз

Жұмыртқаны пісіріп, тураймыз. Скриншот
Жұмыртқаны пісіріп, тураймыз. Скриншот: pixabay.com

Екі жұмыртқаны пісіріп аламыз. Сосын қабығын аршып, ірілеу етіп тураймыз.

4. Корнишондарды тураймыз

Корнишондарды тураймыз. Көрнекі сурет
Корнишондарды тураймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Корнишондарды ірілеу етіп тураймыз. Барлық көкөністерді шұңғыл ыдысқа салып, араластырамыз.

5. Көкөністерді майонезбен араластырамыз

Көкөністерді майонезбен араластырамыз. Көрнекі сурет
Көкөністерді майонезбен араластырамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Туралған көкөністерге дәміне қарай тұз, майонез қосып, жақсылап араластырамыз. Осылайша, гүлді орамжапырақ пен брокколи қосылған салат дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2112099-brokkoli-men-guldi-oramzhapyraq-salaty-aqnur-darumenge-bai-salattyng-hit-retsebin-usyndy/