Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамыры жұмсақ беляш: Ариана Дәуренқызы жаңа рецепт ұсынды

Жарияланған күні:

Дәмді беляш. Скриншот
Дәмді беляш. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Беляш – ТМД елдері аумағында кеңінен таралған, тойымды әрі құнарлы тағам. Күнделікті тұрмыста жиі пісірілетін тағамның қамырын қалай жұмсақ етіп даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен біле аласыздар.

Беляш - түркі тілдес ұлттардың бәліш сөзінен шыққан. Қалмық, удмурт, башқұрт ұлтарында кеңінен танымал тағамның рецебімен фудблогер Ариана Дәуренқызы таныстырады. Сондай-ақ, блогер беляш қамырын қалай жұмсақ етіп даярлаудың құпиясымен де бөлісетін болады.

Сипаттамасы

Асхана: башқұрт, қалмық, удмурт және т.б.

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 10 минут

Құрамы

Жылы су - 250 мл

Тұз бен қант - 1 шай қасық

Жұмыртқа - 1 дана

Ашытқы - 1 шай қасық

Өсімдік майы - 30 мл

Ұн - 480 г

Тартылған ет - 300 г

Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

Пияз - 1 дана

Дайындалуы

1. Қамырдың ашытқысын дайындаймыз

Қамырдың ашытқысын дайындаймыз. Скриншот
Қамырдың ашытқысын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Жылы суға бір шай қасық тұз, қант, ашытқы, бір дана жұмыртқа, сұйық май қосып, жақсылап араластырамыз.

2. Жұмсақ қамыр илейміз

Жұмсақ қамыр илейміз. Скриншот
Жұмсақ қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Сұйық массаға ұнды електен өткізіп, қосамыз. Осылайша иін қандырып, жұмсақ қамыр илейміз. Сосын 1,5 сағатқа қамыр көтерілу үшін, бетін жауып, жылы жерге қоямыз.

3. Салмасын дайындаймыз

Cалмасын дайындаймыз. Скриншот
Cалмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Тартылған етке пиязды ұсақтап турап саламыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосамыз. Өсімдік майын қосып, бәрін жақсылап араластырамыз.

4. Қамырды жайып, салмасын саламыз

Беляшиді түйеміз. Скриншот
Беляшиді түйеміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Ашыған қамырды бірнеше бөліктерге бөлеміз. Әр бөліктен дөңгелек шар тәрізді пішін жасаймыз. Әр шарды қолмен жайып, ішіне салмасын салып, түйеміз. Осылайша беляши дайын болып шығады.

5. Беляшиді пісіреміз

Беляштарды пісіреміз. Скриншот
Беляштарды пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Табаға сұйық майды құйып, қыздырамыз. Қызған майға беляштарды салып, екі жақ беті қызарғанша қуырып, пісіріп аламыз. Осылайша қамыры жұмсақ, үлпілдеп тұратын беляши дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2113473-qamyry-zhumsaq-beliash-ariana-daurenqyzy-zha4a-retsept-usyndy/