Қамыры жұмсақ беляш: Ариана Дәуренқызы жаңа рецепт ұсынды
Жарияланған күні:
Беляш – ТМД елдері аумағында кеңінен таралған, тойымды әрі құнарлы тағам. Күнделікті тұрмыста жиі пісірілетін тағамның қамырын қалай жұмсақ етіп даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен біле аласыздар.
Беляш - түркі тілдес ұлттардың бәліш сөзінен шыққан. Қалмық, удмурт, башқұрт ұлтарында кеңінен танымал тағамның рецебімен фудблогер Ариана Дәуренқызы таныстырады. Сондай-ақ, блогер беляш қамырын қалай жұмсақ етіп даярлаудың құпиясымен де бөлісетін болады.
Сипаттамасы
Асхана: башқұрт, қалмық, удмурт және т.б.
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 20 минут
Дайын болу уақыты: 10 минут
Құрамы
Жылы су - 250 мл
Тұз бен қант - 1 шай қасық
Жұмыртқа - 1 дана
Ашытқы - 1 шай қасық
Өсімдік майы - 30 мл
Ұн - 480 г
Тартылған ет - 300 г
Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай
Пияз - 1 дана
Дайындалуы
1. Қамырдың ашытқысын дайындаймыз
Жылы суға бір шай қасық тұз, қант, ашытқы, бір дана жұмыртқа, сұйық май қосып, жақсылап араластырамыз.
2. Жұмсақ қамыр илейміз
Сұйық массаға ұнды електен өткізіп, қосамыз. Осылайша иін қандырып, жұмсақ қамыр илейміз. Сосын 1,5 сағатқа қамыр көтерілу үшін, бетін жауып, жылы жерге қоямыз.
3. Салмасын дайындаймыз
Тартылған етке пиязды ұсақтап турап саламыз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш қосамыз. Өсімдік майын қосып, бәрін жақсылап араластырамыз.
4. Қамырды жайып, салмасын саламыз
Ашыған қамырды бірнеше бөліктерге бөлеміз. Әр бөліктен дөңгелек шар тәрізді пішін жасаймыз. Әр шарды қолмен жайып, ішіне салмасын салып, түйеміз. Осылайша беляши дайын болып шығады.
5. Беляшиді пісіреміз
Табаға сұйық майды құйып, қыздырамыз. Қызған майға беляштарды салып, екі жақ беті қызарғанша қуырып, пісіріп аламыз. Осылайша қамыры жұмсақ, үлпілдеп тұратын беляши дайын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2113473-qamyry-zhumsaq-beliash-ariana-daurenqyzy-zha4a-retsept-usyndy/