Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеседе пісетін кешкі ас: Ариана Дәуренқызы ерекше тағамның рецебін ұсынды

Жарияланған күні:

Ерекше кешкі ас. Скриншот
Ерекше кешкі ас. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Кешкі асқа отбасыңызға қандай тағам әзірлеу қажеттігін білмесеңіз, тартылған еттен жасалатын ерекше тағамды даярлап берсеңіз болады. Оңай әрі тез дайындалатын тағамның рецебімен бүгінгі материалда таныс бола аласыздар.

Кесеге салынып жасалатын ерекше тағамның рецебімен фудблогер Ариана Дәуренқызы таныстырады. Блогердің YouTube арнасына тіркеліп, жазылуды ұмытпаңыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Славян елдері

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 35 минут

Құрамы

Нан тілімі - 2-3 дана

Сүт - 300 мл

Тартылған ет - 400 г

Пияз - 1 дана

Қара бұрыш - 0.5 шай қасық

Тұз - 1-2 шай қасық

Өсімдік майы - 30 мл

Ірімшік - 100 г

Қызанақ - 1-2 дана

Жұмыртқа - 4 дана

Жасыл пияз - дәміне қарай

Тұз, қара бұрыш - 0.5 шай қасық

Дайындалуы

1. Нан тілімдерін сүтке маламыз

Нан тілімдерін сүтке маламыз. Скриншот
Нан тілімдерін сүтке маламыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Екі үш нан тілімін шұңғыл ыдысқа салып, үстінен жылы сүт құямыз. Нан тілімдеріне сүт әбден сіңгенше батырып қоямыз.

2. Тартылған етке пияз бен дәмдеуіштерді қосамыз

Тартылған етке пияз қосамыз. Скриншот
Тартылған етке пияз қосамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Тартылған етке пиязды аршып, блендерден өткізіп, қосамыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш пен дәмдеуіштерді қосамыз. Сүтке малынған нан тілімдерін де қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Пиалаларды дайындаймыз

Пиалаларды дайындаймыз. Скриншот
Пиалаларды дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Пештің противеніне күнделікті пайдаланатын кеселерді қоямыз. Әр кесеге аздаған сары май салып, ішін майлап аламыз. Сосын әр пиалаға тартылған етті жұқа етіп, жайып шығамыз.

4. Салмасын дайындаймыз

Салмасын дайындаймыз. Скриншот
Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа жарып, үстінен көк пиязды ұсақтап турап, қосамыз. Сосын аздаған сүт қосамыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз.

5. Пиалаға ірімшік пен салмасын құямыз

Пиалаға ірімшік пен салмасын саламыз. Скриншот
Пиалаға ірімшік пен салмасын саламыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Тартылған ет салынған пиалаға алдымен ірімшікті үккіштен өткізіп, салып аламыз. Сосын үстінен әр кесеге салмасын құямыз.

6. Кеседегі салманың үстінен қызанақ қоямыз

Қызанақ қойып, пісіреміз. Скриншот
Қызанақ қойып, пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Қызанақты жуып, ортасынан екіге бөлеміз. Әр бөлікті жіңішке етіп турап аламыз. Әр кеседегі салманың үстінен қызанақты қойып шығамыз. Сосын алдын ала қызып тұрған пешке, 180 градусқа, 30-35 минутқа қойып, пісіреміз. Осылайша, ерекше кешкі ас дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2115705-kesede-pisetin-keshki-as-ariana-daurenqyzynan-erekshe-tagamnyng-retsebin-usyndy/