Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауықтың сан етінен ерекше самса: Ариана Дәуренқызынан дәмді тағам рецебі

Жарияланған күні:

Тауықтың сан етінен самса. Скриншот
Тауықтың сан етінен самса. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Тауық етінен дайындалатын самса жақындарыңыздың ең сүйікті тағамына айнаулы мүмкін. Ерекше тағамды үй жағдайында қалай даярласа болады? Бүгінгі рецепттен біле аласыздар.

Тауықтың сан етінен дайындалатын ерекше самсаның рецебімен фудблогер Ариана Дәуренқызы таныстырады. Танымал блогердің YouTube арнасынан осы сынды тағы да көптеген рецепттермен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Азия

Санаты: баста тағам

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 40 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 1 дана

Соя соусы - 2 ас қасық

Ұн - 500 г

Пияз - 1 дана

Күнжіт - дәміне қарай

Тауықтың сан еті - 15 дана

Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

Су - 250 мл

Кориандр, зірә - дәміне қарай

82,5% сары май - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Қамыр илейміз

Қамыр илейміз. Скриншот
Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Шұңғыл ыдысқа су құямыз. Оған бір шай қасық тұз бен бір жұмыртқа саламыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Сұйық массаға ұнды електен өткізіп, қосамыз. Осылайша, қамыр илеп, оны 15 минутқа тындырып қоямыз.

2. Қамырды жаямыз

Қамырды жаямыз. Скриншот
Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Тындырылған қамырды алдымен бірнеше бөліктерге бөлеміз. Сосын әр бөлікті қалыңдығын шамамен 2 мм етіп, жұқа етіп жаямыз. Әр жаймаға еріген майды құйып, жағым шығамыз. Үстінен тағы бір осындай жайманы қоямыз. Екеуін бір-біріне жабыстырып, орап шығамыз. Осылай оралған әр жайманы бір-біріне жабыстырып, тоңазытқышқа жарты сағатқа қоямыз.

3. Тауықтың сан етін маринадтаймыз

Тауықтың сан етін маринадтаймыз. Скриншот
Тауықтың сан етін маринадтаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Тауықтың сан етіп жуамыз. Үстінен тұз, кориандр, зірә мен қара бұрышты дәміне қарай қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Тауық етін жарты сағатқа, маринадтауға қоямыз.

4. Самсаларды түйеміз

Самсаны түйеміз. Скриншот
Самсаны түйеміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Тоңазытқыштан қамырды алып, алдымен 15 бөлікке бөлеміз. Әр бөлікті орташа қалыңдықта жаямыз. Қамырға тауықтың сан етін салмастан бұрын, алдымен бір пиязды аршып, ортасынан бөліп, турап аламыз. Қамырдың әр бөлігіне алдымен пиязды, сосын тауықтың сан етін салып түйеміз. Осылайша, он бес самса түйіп, дайындаймыз.

5. Самсаны пісіреміз

Cамсаны пісіреміз. Скриншот
Cамсаны пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

Дайын болған самсаны пештің протвеніне саламыз. Пешті алдын ала 180 градусқа қойып, қыздырып аламыз. Тауықтың сан етін пешке салып, бір сағатқа қойып, пісіреміз. Самсалар дәмді әрі тойымды болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2118963-tauyqtyng-san-etinen-erekshe-samsa-ariana-daurenqyzynan-damdi-tagam-retsebi/