Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ыстықта таптырмас сусын: апельсин шырынын қалай дайындауға болады

Жарияланған күні:

Дайын болған сусын. Скриншот
Дайын болған сусын. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Балалар сүйіп ішетін "пико" - апельсин шырынан қалай дайындауға болады? Бүгінгі рецептте аптап ыстықта шөліңізді басатын ерекше шырынның жасалу жолымен таныстыратын боламыз.

Үй жағдайында аптап ыстықта шөліңізді қандыратын апельсин шырынын қалай дайындауға болады? Фудблогер Ақнұр Тілекқызы рецебімен бөлісетін болады.

Сипаттамасы

Асхана: Америка

Санаты: сусын

Дайындалу уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

Құрамы

Апельсин - 3 дана

Лимон - 1 дана

Қант - 300 г

Су - 4 литр

Жалбыз - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Апельсиндерді тазартып, тураймыз

Апельсиндерді тазартып, тураймыз. Скриншот
Апельсиндерді тазартып, тураймыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

Алдымен үш апельсиннің қабығын аршып аламыз. Сосын сүйектерін алып тастаймыз. Жемісті турап, сусын дайындалатын, ішінде 4 л суы бар ыдысқа саламыз.

2. Лимон мен қантты қосамыз

Туралған лимон. Көрнекі сурет
Туралған лимон. Көрнекі сурет : pixabay.com

Лимонды да апелсин сияқты турап, дайындап аламыз. Суға саламыз, сосын үстінен қант себеміз. Барлығын араластырып, қайнатып аламыз.

3. Жемістерді сүзіп, блендерден өткіземіз

Апельсинді блендерден өткіземіз. Скриншот
Апельсинді блендерден өткіземіз. Скриншот: pixabay.com

Қайнаған соң судан жемістерді сүзіп аламыз. Сосын блендерден өткізіп аламыз. Қайтадан суға салып, отты басып, сусынды салқындатамыз.

4. Жалбыз қосамыз

Жалбыз қосамыз. Көрнекі сурет
Жалбыз қосамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дайын болған сусынға қалауыңызша жалбыз қоссаңыз болады. Сонда шырынның дәмі ерекше болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2124603-ystyqta-taptyrmas-susyn-apelsin-shyrynyn-qalai-daiyndauga-bolady/