Ыстықта таптырмас сусын: апельсин шырынын қалай дайындауға болады
Жарияланған күні:
Балалар сүйіп ішетін "пико" - апельсин шырынан қалай дайындауға болады? Бүгінгі рецептте аптап ыстықта шөліңізді басатын ерекше шырынның жасалу жолымен таныстыратын боламыз.
Үй жағдайында аптап ыстықта шөліңізді қандыратын апельсин шырынын қалай дайындауға болады? Фудблогер Ақнұр Тілекқызы рецебімен бөлісетін болады.
Сипаттамасы
Асхана: Америка
Санаты: сусын
Дайындалу уақыты: 10 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Апельсин - 3 дана
Лимон - 1 дана
Қант - 300 г
Су - 4 литр
Жалбыз - қалауыңызша
Дайындалуы
1. Апельсиндерді тазартып, тураймыз
Алдымен үш апельсиннің қабығын аршып аламыз. Сосын сүйектерін алып тастаймыз. Жемісті турап, сусын дайындалатын, ішінде 4 л суы бар ыдысқа саламыз.
2. Лимон мен қантты қосамыз
Лимонды да апелсин сияқты турап, дайындап аламыз. Суға саламыз, сосын үстінен қант себеміз. Барлығын араластырып, қайнатып аламыз.
3. Жемістерді сүзіп, блендерден өткіземіз
Қайнаған соң судан жемістерді сүзіп аламыз. Сосын блендерден өткізіп аламыз. Қайтадан суға салып, отты басып, сусынды салқындатамыз.
4. Жалбыз қосамыз
Дайын болған сусынға қалауыңызша жалбыз қоссаңыз болады. Сонда шырынның дәмі ерекше болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2124603-ystyqta-taptyrmas-susyn-apelsin-shyrynyn-qalai-daiyndauga-bolady/