Диана Есенбекова қонақтарға арналған ерекше тіскебасар ұсынды
Жарияланған күні:
Чечилді әдетте жеке өзін жеп, тамаққа немесе салатқа қоса бермейді. Десе де өзінің қышқыл әрі ащы дәмімен ол салатқа ерекше дәм беретінін көпшілік біле бермейді. Осы ретте, назарларыңызға чечил қосып дайындалатын ерекше салаттың рецебін ұсынамыз.
Чечил ірімшігін асүйде көптеген қыз-келіншек қолдана бермейді. Алайда оның ерекше қышқыл дәмі түрлі салаттарға айрықша дәм беріп, көкөністермен тамаша үйлесім табады екен. Осы орайда, белгілі фудблогер Диана Есенбекова ұсынған чечил ірімшігі қосылған салаттың рецебімен таныс болыңыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Армения
Санаты: тіскебасар
Дайындалу уақыты: 10 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Бөдене жұмыртқасы - мөлшеріне қарай
Шұжық - 300-400 г
Қатты ірімшік - 400 г
Черри қызанағы - 300 г
Көк пияз, аскөк - қалауыңызша
Лимон шырыны - жарты
Тұздалған қияр - дәміне қарай
Тұз, бұрыш, қыша, майонез - дәміне қарай
Чечил ірімшігі - дәміне қарай
Салат жапырақтары - қалауыңызша
Дайындалуы
1. Бөдене жұмыртқасын пісіріп, тураймыз
Алдымен бөдене жұмыртқаларын пісіріп, сыртын аршып, ортасынан бөліп турап аламыз.
2. Шұжықты тураймыз
Шұжықтың жартысын алып, алдымен жұқа тілімдерге бөлеміз. Сосын әр тілімді төртке бөліп, бөдене жұмыртқасы бар ыдысқа саламыз.
3. Қатты ірімшікті турап, қосамыз
Қатты ірімшікті алдымен орташа қалыңдықтағы тілімдергі бөлеміз. Сосын әр бөлікті төрт бұрышты етіп тураймыз.
4. Черри қызанағы мен көк пияз, аскөкті қосамыз
Черри қызанақтарын ортасынан бөлеміз. Сосын көк пияз бен аскөкті тураймыз. Бәрін салатқа қосамыз.
5. Тұздалған қияр мен жарты лимон шырынын қосамыз
Салатқа жарты лимон шырынын қосамыз. Тұздалған қиярды турап саламыз.
6. Дәміне қарай тұз, бұрыш, майонез қосамыз
Дәміне қарай тұз, бұрыш, қыша және майонез қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.
7. Чечил ірімшігін қосамыз
Салаттың барлық құрамын жақсылап араластырып алған соң, тәрелкеге салат жапырақтарын саламыз. Үстіне салатты салып, бетіне чечил ірімшігін орналастырамыз. Осылайша, дәмі ерекше салат дайын болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2124615-diana-esenbekova-qonaqtarga-arnalgan-erekshe-tiskebasar-usyndy/