Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәмді әрі тойымды бәліш: Диана Есенбекова ұсынған рецепт

Опубликовано:

Етті бәліш. Көрнекі сурет
Етті бәліш. Көрнекі сурет: pixabay.com

Етті бәліш көпшілігіміздің бала күнімізден сүйіп жейтін, ең дәмді әрі тойымды тағамдардың бірі. Оны үйде өзіңіз-ақ пісірсеңіз болады.

Етті бәлішті әзірлеудің түрлі тәсілі бар. Назарларыңызға танымал фудблогер Диана Есенбекова ұсынатын ең оңай әрі дәмді нұсқасының рецебін ұсынамыз.

Сипаттамасы

Асхана: славян елдері

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 40 минут

Құрамы

Ұн - 500 г

Сары май - 180 г

Айран - 200 г

Тұз - 1 ас қасық

Сода - жарты шай қасық

Картоп - 3-4 дана

Пияз - 1 дана

Консервідегі тунец балығы - 1 дана

Жұмыртқа - 1 дана

Қара бұрыш, күнжіт - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Жұмсақ қамыр илейміз

Жұмсақ қамыр илейміз. Көрнекі сурет
Жұмсақ қамыр илейміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдымен електен өткізілген ұнға сары майды салып, ұнмен араластырып, әбден ұсақтап аламыз. Айранға тұз бен соданы қосып, жақсылап араластырамыз. Кейін барлық құрамды біріктіріп, жұмсақ қамыр илейміз. Тындырып қоямыз.

2. Салмасын дайындаймыз

Салмасын дайындаймыз. Скриншот
Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Картопты аршып, жуып, шаршы етіп турап аламыз. Пиязды да қабығынан аршып, ұсақтап тураймыз. Сосын консервідегі тунец балығын қосамыз. Тұз бен бұрышты қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Осымен бәліштің салмасы дайын болады.

3. Қамырды жаямыз

Қамырды жаямыз. Көрнекі сурет
Қамырды жаямыз. Көрнекі сурет : pixabay.com

Тындырылған қамырды екіге бөлеміз. Әр бөлігін орташа қалыңдықта жаямыз. Сосын бәліш пісетін пішіннің ішін майлап аламыз. Қамырды ішіне салып, артық бөлігін алып тастаймыз. Кейін қамырды шанышқымен тесіп шығамыз.

4. Бәлішті пісіреміз

Бәлішті пісіреміз. Көрнекі сурет
Бәлішті пісіреміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Пішіндегі қамырға салмасын саламыз. Бәліштің бетін қамырдың қалған бөлігімен жабамыз. Бетін әсемдеп шығамыз. Сондай-ақ бетіне жұмыртқа жағамыз. Бәліш тез пісуі үшін, оның бетін шанышқымен тесіп шығамыз. Бетіне күнжіт себеміз. Осылайша, дәмі тіл үйіретін етті бәліш дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2125200-damdi-ari-toiymdy-balish-diana-esenbekova-usyngan-retsept/