Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазда ішуге жеңіл сорпаны қалай пісіруге болады: Диана салқын "окрошканың" рецебін ұсынды

Жарияланған күні:

Окрошка сорпасы. Көрнекі сурет
Окрошка сорпасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Окрошка - жаз мезгілінде дайындалатын, жеңіл әрі құнарлы сорпа. Оны үй жағдайында оп-оңай даярлауға болады. Бүгінгі материалда әйгілі сорпаны әзірлеудің ең оңай жолын ұсынамыз.

Окрошка - жаз мауысымында салқын күйінде берілетін жеңіл әрі құнарлы тағам. Әйгілі сорпаның рецебімен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: славян елдері

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 10 минут

Құрамы

Жұмыртқаның сарысы - 4 дана

Аскөк, көк пияз - қалауыңызша

Қаймақ - 120 г

Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

Қыша - жарты ас қасық

Айран - 180 г

Газдалған сусын - қалауыңызша

Картоп - 3 дана

Қияр - 2 дана

Редис көкөнісі - 3-4 дана

Ет - 300 г

Дайындалуы

1. Жұмыртқаның сарысы мен көк шөптерді араластырамыз

Жұмыртқа пен көк шөптерді араластырамыз. Скриншот
Жұмыртқа пен көк шөптерді араластырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Жұмыртқаның сарысын шанышқымен жақсылап езіп аламыз. Үстінен аскөк, көк пиязды ұсақтап турап, барлығын жақсылап араластырамыз.

2. Қаймақ пен қышаны қосамыз

Қаймақ, қыша, тұз, бұрыш қосамыз. Скриншот
Қаймақ, қыша, тұз, бұрыш қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қоспаға қаймақ пен қыша қосамыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш себеміз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

3. Айран мен газдалған сусынды қосамыз

Айран мен газдалған фусынды қосамыз. Скриншот
Айран мен газдалған фусынды қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қоспаға алдымен айранды құямыз. Сосын газдалған сусынды қосамыз. Барлық құрамды жақсылап араластырамыз.

4. Картоп пен қиярды қосамыз

Картоп пен қиярды қосамыз. Скриншот
Картоп пен қиярды қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Картопты пісіріп аламыз. Сосын орташа етіп, шаршы түрінде турап, сорпаға қосамыз. Қиярды да орташа шаршы пішінде түрінде турап, негізгі құрамға қосамыз.

5. Редисканы қосамыз

Редисті турап, қосамыз. Скриншот
Редисті турап, қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Орташа мөлшердегі редис көкөнісін тазалап жуып, орташа шаршы түрінде тураймыз. Сорпаға қосамыз.

6. Шұжық немесе етті қосамыз

Етті турап қосамыз. Скриншот
Етті турап қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Алдымен етті пісіріп аламыз. Ұсақтап турап, сорпаға қосамыз. Еттің орнына қалауыңызша шұжық қоссаңыз болады. Осылайша окрошка тағамы дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2134962-zhazda-ishuge-zhengil-sorpany-qalai-pisiruge-bolady-diana-salqyn-okroshkanyng-retsebin-usyndy/