Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәуапқа арналған тұздық: Гүлжанат Нұрышевадан пайдалы кеңес

Жарияланған күні:

Тауық етінен кәуап. Скриншот
Тауық етінен кәуап. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Дәмді тұздық етті нәрлі әрі жұмсақ етеді. Ол кәуапқа жұмсақтықпен бірге, ерекше дәм береді. Үй жағдайында тауық етінен жасалатын кәуапқа тұздықты қалай дайындауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

Кәуапқа арналған етті тұздаудың ең жеңіл әдісімен танымал фудблогер Гүлжанат Нұрышева таныстыратын болады. Белгілі фудблогердің YouTube арнасынан осы және өзге де тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Кавказ

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Пияз - 4 дана

Лимон - 0.5 дана

Тауық еті - 1.5 кг

Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

Су - 0.5 ст.

Сірке суы

Дайындалуы

1. Сірке суы мен суды араластырамыз

Сірке суы мен суды араластырамыз. Скриншот
Сірке суы мен суды араластырамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Кесеге бөлме температурасындағы суды құямыз. Сосын 70%-дық сірке судан 1 ас қасық қосамыз. Тұздыққа 9%-дық та сірке суын қосуға болады. Мұндай уксусты жарты стакан суға 3 шай қасықтан қосамыз.

2. Дәмдеуіштерді қосамыз

Дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот
Дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Суға тұз бен қантты қосамыз. Судағы тұз бен қант ерігенше, сұйық массаны жақсылап араластырамыз.

3. Тауық етін маринадтаймыз

Тауық етін маринадтаймыз. Скриншот
Тауық етін маринадтаймыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Тауық етіне дәміне қарай қара бұрышты себеміз. Сосын етке маринадты құямыз. Үстінен туралған пияз бен лимонды саламыз. Барлығын жақсылап араластырып, бір түнге маринадтап қоямыз.

4. Кәуапты пісіреміз

Кәуапты пісіреміз. Скриншот
Кәуапты пісіреміз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Маринадталған етті темір таяқшаларға тіземіз. Кәуапты дайын болғанша, екі жағын қызартып, пісіреміз. Осылайша, тауық етінен дайындалатын кәуап дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2137278-kauapqa-arnalgan-tuzdyq-gulzhanat-nuryshevadan-paidaly-kenges/