Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cұлыдан жасалған: Диана Есенбековадан диеталық әрі пайдалы құймақтың рецебі

Жарияланған күні:

Cұлыдан жасалған құймақтар. Скриншот
Cұлыдан жасалған құймақтар. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Сұлыдан жасалған құймақ - ақуыз бен көмірсудың таптырмас көзі. Оны оңай әрі тез пісіруге болады. Бүгінгі рецептте сұлы қосып пісіретін ең дәмді құймақты қалай жасауға болатынын біле аласыздар.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Диана Есенбекова танымал фудблогер сұлыдан дайындалатын диеталық және пайдалы құймақтың рецептін ұсынады.
  • Құймақтың құрамында жұмыртқа, қант, сүт, өсімдік майы, қопсытқыш және сұлы жармасы бар.
  • Дайындау процесі төрт қадамнан тұрады: сұйық құрамдас бөліктерді араластыру, құрғақ құрамдас бөліктерді қосу, май қосу және пісіру.

Сұлыдан жасалатын дәмді құймақтардың рецебімен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады. Блогердің YouTube арнасынан осы және өзге де тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: тіскебасар

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 2 дана

Қант - 3 ас қасық

Сүт - 200 мл

Өсімдік майы - 3 ас қасық

Қопсытқыш - 1 шай қасық

Сұлы жармасы - 150 г

Дайындалуы

1. Жұмыртқа мен сүтті араластырамыз

Жұмыртқа мен сүтті араластырамыз. Скриншот
Жұмыртқа мен сүтті араластырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Сүтті алдын ала жылытып аламыз. Шұңғыл екі жұмыртқаны жарып, саламыз. Үстінен дылы сүтті құйып, қант қосамыз. Барлығын венчикпен жақсылап араластырамыз.

2. Құрғақ құрамды қосамыз

Құрғақ құрамды араластырамыз. Скриншот
Құрғақ құрамды араластырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Сұлы жармасын ұсақиап аламыз. Сосын жұмыртқа мен сүтке бір шай қасық қопсытқышты қосамыз. Үстінен сұлы жармасын қосып, барлық құрамды араластырамыз.

3. Сұйық май қосамыз

Сұйық май қосамыз. Скриншот
Сұйық май қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Барлық құрамды жақсылап араластырған соң, 3 ас қасық сұйық май қосамыз. Құймақтың қамырын тағы да араластырамыз.

4. Құймақты пісіреміз

Құймақты пісіреміз. Скриншот
Құймақты пісіреміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Құймақ пісіруге арналған табаны алдын ала қыздырып аламыз. Сосын үстінен сұйық майды тамызып, бетіне жағып шығамыз. Табаға құймақтың қамырын құйып, алдымен бір жағын, сосын екінші бетін қызарғанша қуырып аламыз. Осылайша, оңай әрі тез дайындалатын сұлы құймақтары дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2149302-culydan-zhasalgan-diana-esenbekovadan-dietalyq-ari-paidaly-quimaqtyng-retsebi/