Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миксерсіз торт: Анаргүл Құдайбергеновадан ең оңай торттың рецебі

Жарияланған күні:

Миксерсіз дайындалатын торт. Скриншот
Миксерсіз дайындалатын торт. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Тортқа арналған корждарды миксердік көмегінсіз-ақ дайындауға болады. Үй жағдайында оңай әрі тез даярлауға болатын десерттің рецебімен бүгінгі материалда таныс болыңыздар.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Анаргүл Құдайбергенова миксерсіз дайындалатын ең оңай торттың рецептін ұсынады.
  • Торт жасау үшін сары май, ұн, қант, жұмыртқа, сүт, жүгері крахмалы және шоколад қолданылады.
  • Дайындау процесі қамыр қуыру, крем жасау және торт қабаттарын жинаудан тұрады.

Үй жағдайында тортты миксерсіз де дайындауға болады екен. Танымал фудблогер Анаргүл Құдайбергенова ең оңай даярланатың тәттінің рецебімен таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 5 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Жұмыртқа - 1 дана

Сүтті шоколад - қалауыңызша

Қант - 270 г

Ұн - 310 г

Cүт - 800 мл

Жүгері крахмалы - 3 ас қасық

82,5% сары май - 260 г

Дайындалуы

1. Сары май мен ұнды араластырамыз

Сары май мен ұнды араластырамыз. Скриншот
Сары май мен ұнды араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Ұнды шұңғыл ыдысқа саламыз. Үстінен сары майды үккіштен өткіземіз. Сары май мен ұнды араластырамыз. Кейін қант қосамыз. Барлығын тағы да жақсылап араластырамыз.

2. Қамырды қуырамыз

Қамырды қуырамыз. Скриншот
Қамырды қуырамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Табаны қыздырып аламыз. Оған қамырды салып, қамыр сарғайғанша, жақсылап қуырамыз. Дайын болған қамырды табадан алып, суытамыз.

3. Жұмыртқа мен крахмалды араластырамыз

Жұмыртқа мен крахмалды араластырамыз. Скриншот
Жұмыртқа мен крахмалды араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Кремді табада дайындаймыз. Ол үшін қызып тұрған табаға бір жұмыртқаны жарып, үстінен шамамен 1 пиала қант қосамыз. Сосын жүгері крахмалын қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

4. Кремге сүт қосамыз

Кремге сүт қосамыз. Скриншот
Кремге сүт қосамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Табаға сүт құйып, крем біртекті консистенцияға айналғанша барлығын жақсылап араластырамыз. Табадағы сүті бар крем күйіп кетпеуі үшін, оны ара-арасында араластырып отырамыз. Крем қайнаған соң, отты өшіріп, тағы да 3-4 минут ұстаймыз. Сосын қайта отты қосып, сары майды саламыз. Осылайша, кремді баяу отта сары май еріп, ол қоюланғанша ұстап тұрамыз.

5. Торт корждарына кремді жағамыз

Тортты жинаймыз. Скриншот
Тортты жинаймыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Табаққа торттың қамырын салып, үстінен крем жағамыз. Тортты жинауды бастамастан бұрын, торт жинауға арналған кондитерлік сақинаны табаққа қоюды ұмытпаңыз. Сонда торт тез жиналатын болады. Осылайша, әр корждың үстіне кремді жаға отырып, торты жинаймыз.

5. Торттың бетіне шоколад себеміз

Торттың бетіне шоколад себеміз. Скриншот
Торттың бетіне шоколад себеміз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

Торт әдемі болуы үшін, оның бетіне шоколадты үккіштен өткізіп, себеміз. Осылайша, миксерсіз оңай әрі тез дайындалатын торт дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2149344-miksersiz-tort-anargul-qudaibergenovadan-eng-ongai-torttyng-retsebi/