Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерге де, әйелге де пайдасы зор: Кегель жаттығулары деген не және ағзаға әсері қандай

Жарияланған күні:

Жаттығу жасап отырған әйел
Әйел. Көрнекі фото: freepik.com

Кегель жаттығуларының жамбас бұлшықеттеріне пайдасы зор. Бірақ мұндай жаттығуды дұрыс жасау маңызды. Кегель жаттығуларының пайдасы мен қалай дұрыс жасау керек екенін KAZ.NUR.KZ мамандар мен арнайы басылымдар кеңесіне сүйене отырып ұсынады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Кегель жаттығулары жамбас қуысы бұлшықеттерін нығайтуға арналған, оны америкалық гинеколог Арнольд Кегель әзірлеген.
  • Бұл жаттығулар зәрді ұстай алмау, жиі кіші дәретке бару сияқты мәселелерді шешуге көмектеседі және босанған әйелдерге, менопауза кезінде, спортшыларға пайдалы.
  • Кегель жаттығулары әйелдерде оргазм алуды жеңілдетеді, ал ерлерде эрекцияны жақсартады және ерте эякуляциямен күресуге көмектеседі.

Кегель жаттығулары жамбас қуысы бұлшықеттерін нығайтады

Белгілі бір факторлардың әсерінен жамбас қуысының, жамбастың төменгі бөлігінде "гамак" түрінде келетін және ішкі мүшелерге әсер ететін бұлшықеттер мен тіндер тобының тонусы әлсірейді.

Олардың әлсіреуі жөтелгенде немесе күлгенде зәрді ұстай алмауға және жиі кіші дәретке баруға әкеп соқтырады. Мұндай симптомдарды жою үшін XX ғасырдың ортасында америкалық гинеколог Арнольд Кегель әйелдердің жамбас бұлшықеттерін нығайтуға арналған гимнастика түрін әзірледі. Ол жамбас қуысының бұлшықеттерін нығайтуға көмектеседі. Кейінірек ер адамдарға да арналған жаттығулар пайда бола бастады.

Health Strive компаниясының медициналық сарапшысы, медицина ғылымдарының докторы Николь Левин NUR.KZ тілшісіне Кегель жаттығулары қандай принципке негізделгенін түсіндірді:

Кегель жаттығулары – қынаптың, уретраның және анустың бұлшықеттерін жаттықтыруға және нығайтуға арналған жаттығу түрі.

Бұл жаттығуларды жатып, отырып немесе ыңғайлы жерде тұрып жасауға болады. Оны жасау аса қиындық тудырмайды және қарсы көрсетілімдері де жоқтың қасы деуге болады, сондықтан олар еш симптомы жоқ адамдарға да пайдалы.

Кегель жаттығулары босанған әйелдерге пайдалы

WebMD медициналық басылымының жазуынша, жамбас қуысы бұлшықеттерінің әлсіреуі кіші жамбас мүшелерінің төмен қарай түсіп кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Кіші жамбас мүшелеріне қуық, уретра, тік ішек және еркектердің жыныс мүшелері (қуықасты безі) және әйел жыныс мүшелері (қынап, жатыр мойны және жатыр денесі) жатады. Мына факторлар осы органдардың төмен түсіп кету қаупін арттырады:

  • физиологиялық босану;
  • жүктілік;
  • жасқа байланысты өзгерістер;
  • кіші жамбас аймағына жасалған ота (кесарь тілігі, гистерэктомия, қуықасты безіне жасалған ота);
  • қант диабеті немесе семіздік;
  • генетикалық бейімділік;
  • жамбас мүшелеріне қысым түсіретін жиі жөтелу, күлу немесе түшкіру.
Жүкті әйел
Жүрек пішінін ұстап тұрған жүкті әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мұндай жаттығулар менопауза, жиі іш қату, жоғары физикалық белсенділік, соның ішінде спортшылар үшін және жамбас жарақаттары кезінде пайдалы. Бірақ бұл жаттығулар кіші жамбас мүшелерінде вирустық және бактериялық инфекциялары бар адамдарға ұсынылмайды.

Қуық толы болса, Кегель жаттығуларын жасауға тыйым салынады

Жаттығуларды дұрыс орындау үшін жамбас бұлшықеттерінің орналасу ретін дұрыс анықтау керек. Healthline медициналық басылымының мәліметінше, адам зәр шығаруды тоқтатқанда дәл осы бұлшықеттер тартылады. Мұны былай анықтауға болады:

  • әйел қынапқа таза саусағын енгізіп, оны қынап бұлшықеттерімен қысуға тырысуы керек;
  • ер адамға саусақты тік ішекке енгізу керек және оны іштің, бөкселердің немесе жамбастың бұлшықеттеріне қысым түсірмей қысуға тырысуы керек.

Жамбас қуысын дұрыс жаттықтыру үшін мына ережелерді ұстану қажет:

  1. Жаттығуды қуықты босатқаннан кейін ғана жасаңыз. Әйтпесе, жаттығу зәр шығару жолдарының инфекциясын тудыруы мүмкін.
  2. Кеуде, жамбас, бөкселер немесе іш бұлшықеттеріне күш түсірмей, денеңізді бос ұстап, терең тыныс алыңыз.
  3. Жаттығуларды күніне үш рет жасаңыз – таңертең, түстен кейін және кешке.
  4. Жаттығу уаұытын біртіндеп ұзартыңыз.

Жаттығуларды дұрыс орындасаңыз, 6-8 аптадан кейін жамбас бұлшықеттері өзгергенін байқайсыз. Кегель жаттығулары еш жеріңізді ауыртпауы керек, егер ауырсыну сезілсе, тоқтап, медициналық көмекке жүгініңіз.

Кегель жаттығулары әйелдердің оргазм алуын жеңілдетеді

Кегель жаттығулары босанғаннан кейін әйелге зәр ұстай алмау проблемасынан арылуға көмектеседі. Сонымен қатар ол интимдік өмірді жақсартады және әйелдің жыныстық қатынас кезінде қанағаттану деңгейін арттырады. Кегель жаттығуларының арқасында:

  • қынапта және жамбас бұлшықеттерінде қан айналымы жақсарады;
  • оргазм алуды жеңілдетеді.
Ер адам мен әйел
Жодасына өкпелеп отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйелдерге арналған Кегель жаттығуларын қалай жасауға болады? Medical News Today медициналық басылымы әйелдерге Кегель жаттығуларын жасамас бұрын ішін, кеудесін, жамбастарын және бөкселерін бос ұстауды ұсынады, содан кейін мына әрекеттерді орындау керек:

  • жамбас бұлшықеттерін 5-10 секундқа зәр шығаруды тоқтатуға тырысатындай қысыңыз;
  • бұлшық еттеріңізді 5-10 секундқа босаңсытыңыз;
  • 5-10 секунд үзіліс жасаңыз.

Жаттығуды 10 рет қайталаңыз. Жамбас бұлшықеттері күшейген сайын, оларды 10 секунд бойы қысып ұстауға тырысыңыз.

Кегель жаттығулары ер адамдардың эрекциясын арттырады

Кегель жаттығуларының ерлерге қандай пайдасы бар? Олар ерлердің жыныстық өмірін жақсартады, емдік әсерге ие және простатит, қуық асты безінің аденомасы, уретрит, геморрой, зәр шығару және зәр ұстай алмау сияқты аурулардың алдын алады, дейді Мейо клиникасының мамандары.

Passionerad медициналық басылымының авторы, лицензиясы бар сексолог, 18 жылдан астам тәжірибесі бар Софи Роос NUR.KZ тілшісіне Кегель жаттығуларының ерлер ағзасына пайдасын былай түсіндірді:

Кегель жаттығулары ерлердің гормоналды деңгейін жақсартады, еркектің қауқарын арттырады, жыныстық қатынастың сапасын жақсартады, ерте эякуляциямен күресуге көмектеседі. Мұндай жаттығулар әсіресе созылмалы жамбас ауруы синдромынан зардап шегетін ер адамдарға пайдалы.

Дәрігерге қаралып отырған ер адам
Дәрігер мен науқас. Көрнекі фото: freepik.com

Кегель жаттығулары ішектегі және несеп-жыныс жүйесіндегі әртүрлі ауруларды емдеудің, сондай-ақ жамбас мүшелерінің төмен түсіп кетуінің алдын алуға көмектесетін тиімді әдіс болып саналады. Жамбас бұлшықеттерінің жаттығуы ерлерге де, әйелдерге де пайдалы.

Назар аударыңыз! Материал тек ақпарат беру мақсатында жазылған. Мұнда ұсынылған кеңестерді дәрігермен ақылдасып барып қолдану керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2150562-erge-de-aielge-de-paidasy-zor-kegel-zhattygulary-degen-ne-zhane-agzaga-aseri-qandai/