Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәнді шаш үлгісі: ұзын және қысқа шашты түю тәсілдері

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шашын түйіп алған қыз
Қыз. Көрнекі фото: freepik.com

Шашты түйіп қою қай кезде де сәннен шыққан емес. Ең бастысы бұл шаш үлгісі кездесуге барғанда, йогамен айналысқанда өте ыңғайлы, көп уақытты алмайды. Бұл материалда шаштараздар Кларисс Рубинштейн мен Дафна Евангелистаның қысқа және ұзын шашқа арналған шаш үлгілері туралы кеңестерін ұсынамыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Шаштараздар Кларисс Рубинштейн мен Дафна Евангелиста 2024 жылғы трендке сай қысқа және ұзын шашқа арналған шаш үлгілерін ұсынады.
  • Қысқа шашты бос түйіп қою үшін құрғақ сусабын, шаш лагы және қыстырғыштар қолданылады, ал ұзын шашты түю үшін тегістейтін спрей, помада немесе балауыз және шаш лагы қажет.
  • Шаш үлгісін ұзақ сақтау үшін лак қолдану, түйреуіштермен бекіту және аксессуарлармен әшекейлеу ұсынылады.

Қысқа шашты қалай жинауға болады

Шаштараз Дафне Евангелиста 2024 жылдың трендтері шашты табиғи етіп көрсететін шаш үлгілері екенін айтады. Оның айтуынша, аса қатты бұйраланбаған шаш үлгілері трендте. Мысалы, қысқа шашты бос түйіп қою.

Бұл шаш үлгісін шаштың барлық түріне жасауға болады: түзу шашты да, бұйра шашты да түйіп қоюға болады.

Бұл шаш үлгісін жасаудың негізгі шарттары:

  • Шаштың ұзындығы кем дегенде 15 см болуы керек, егер желке тұстағы шаш қысқа болса, онда шаштың бәрін емес, жоғары жақтағы ұзын шашты түйіп қоюға болады.
  • Шашты қатырып қоятын сұйықтықтар қажет. Ipsy басылымының жазуынша, қысқа (иықтан келетін) шашты ретсіз түйіп қою үшін аздантай құрғақ сусабын, шашқа арналған лак пен бірнеше шаш қыстырғыш қажет.
  • Шашты осы үлгімен жинайтын күні шашты жууға болмайды; Шашты түймес бұрын 1-2 күн жумай тұра тұрыңыз.

Барлық шашты түюдің қажеті жоқ. Төбеден екі жерден түйіп, желке тұстағы шашты жіберіп қойсаңыз, сырт көзге әдемі көрінеді.

Шашын түйіп алған қыз
Қыз. Көрнекі фото: freepik.com

Қысқа шашты қалай әдемі көрінетіндей етіп түйіп қоюға болады? Керемет шаш үлгісін жасау үшін мына кеңеске құлақ түрген жөн:

  • Керек материалдар мен құралдарды дайындаңыз: тарақ, шашқа арналған көрінбейтін түйреуіштер, шашқа арналған резеңке, құрғақ сусабын, шашты қатыратын лак.
  • Шаштың түбіне құрғақ сусабын жағыңыз. Бұл сіздің шашыңызға көлем береді.
  • Шашты жинап, буып қойыңыз. Шашыңыз шығып кетпеуі үшін жақсылап буылғанына көз жеткізіңіз.
  • Буылған шашты теңдей екі бөлікке бөліңіз.
  • Бір бөлігін жарты ай пішінінде қайырып, резеңкеге қыстырып қойыңыз. Қалған шаш көрінбеуі үшін көзге көрінбейтін түйреуіштермен бекітіп қойыңыз.
  • Қалған шашты да дәл солай екінші жаққа қарай қайырып, ұшын резеңкеге қыстырып, түйреуіштермен бекітіп қойыңыз.
  • Желке тұста бос шаш қалмағанына көз жткізіңіз. Қажет болса, бірнеше түйреуішпен қыстырып қойыңыз.
  • Шаштың шығып кетпеуі үшін шашыңызға көбірек лак себіңіз.
  • Көлем беру үшін түйінді саусақтарыңызбен қозғап қойыңыз.
  • Арасынан шаш шығарып қоюға болады.

Шашты бұдан да оңай түю үшін шашты буған соң оны екіге бөліп қайырып, тағы бір резеңкемен буып қоюға болады. Інжу немесе гүлдері бар шаш қыстырғыш сияқты аксессуарларды қолдансаңыз, шашыңыз әдемі көрінеді. Зергерлік бұйымдардың киімге және жалпы көрініске сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Ұзын шашты түю ерекшелігі

Ұзын шашты түйіп қою кез келген әйелді талғампаз етіп көрсетеді. Ұзын шашты қалай әдемі етіп түюге болады? Ол үшін мына нұсқаулықты орындаңыз:

  • Тарақ (щетка және жұқа тістері бар жұқа), тегістейтін спрей, помада немесе балауыз, шашты қатты қатыратын лак лак, қатты резеңке, бірнеше шаш қыстырғыштары мен түйреуіштер әзірлеңіз.
  • Шашыңызды түбінен ұшына дейін жақсылап тараңыз.
  • Шашты тегіс болуы үшін шашыңызға тегістейтін спрей себіңіз.
  • Шашыңызды төбе тұсынан резеңкемен буыңыз. Содан кейін төменгі бөлікті қосып, оны да резеңкемен буыңыз.
  • Буылған шаштың айналасын тісі ұсақ тарақпен жақсылап тараңыз. Шашыт тегістеу үшін помада немесе балауыз қолданыңыз. Сонда желке тұсындағы шаш шығып кетпейтін болады.
  • Буылған шаштың ұшын резеңкеге қарай бірнеше рет бұрап, қыстырғышпен қыстырып қойыңыз.
  • Кларисс Рубинштейн мұндайда француз шаш түйреуішін қолдануға кеңес береді. Ондай түйреуіш болмаса, шаш қыстырғышқа спей сеуіп қойыңыз. Сол кезде түйін босап, шығып кетпейді.
  • Шашқа қатты қатыратын лак себіңіз.

Ұзын шашты түю кезінде ескеретін жайт – түйіннің желкеге қарай түсіп кетуіне жол бермеу. Ол үшін шашқа қосымша қолдау көрсету үшін қатайтатын өнім пайдаланыңыз. Мысалы, көлемді лак түйіннің жылжымай бір орында тұруын қамтамасыз етеді. Лакты шашқа сеуіп қойсаңыз, шаш үлгісі күні бойы сол қалпында тұрады.

Көзге жеңіл көрінетін түйін кез келген қыздың өңін ашады. Бұл шаш үлгісі кездесуге шығатын кезде, қалада серуендеуге немесе достармен кездесуге өте ыңғайлы. Ұзын шашты шашыраңқы етіп түйіп қою үшін шашты бостау етіп жинау керек. Шашты түйіп болған соң бірнеше шашты тартып шығарып қоюға болады.

Түйілген шашқа сән бергіңіз келсе, кекіл шығарып қоюға болады. Cosmopolitan сән журналы кекіл шығару сәнге айналғанын жазады. Шашыңызды жарқыраған тастары бар түйреуіштермен, інжу-маржаны бар шаш қыстырғыштармен де сәндеп қоюға болады.

Қысқа шашты да, қзын шашты да жинақы әрі сәнді етіп түйіп қоюға болады. Шаш үлгісі ұзақ тұрсын десеңіз, шашқа арналған лактар, түйреуіштер, қыстырғыштар, балауыз қолдануға кеңес береміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2151685-sandi-shash-ulgisi-uzyn-zhane-qysqa-shashty-tuiu-tasilderi/