Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тер киімге сіңіп қалмас үшін не істеу керек: оңай әрі жылдам кетірудің 5 тәсілі

Жарияланған күні:

Жейде киген бойжеткен. Көрнекі сурет
Жейде киген бойжеткен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Киімдегі тер ізін кетіру оңай болмайды. Сарғайған тер дағын тіпті кір жуатын машинаның өзі кетіре алмайды. Үй жағдайында киімдегі сарғайған тер дақтарынан қалай арылуға болады? Үй шаруашылығын жүргізу бойынша сарапшылар Сара Агирре мен Мэдлин Буяно өз кеңестерімен бөліседі.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада киімдегі тер іздерін кетірудің 5 тәсілі түсіндіріледі: кір сабын, тұз, ас содасы, лимон шырыны немесе қышқылы және сірке суы қолдану.
  • Әр әдіс үшін қолдану жолдары мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі сипатталған, мысалы, кір сабынмен киімді суық суға малып, көпіртіп жағу керек.
  • Сарапшылар Сара Агирре мен Мэдлин Буяно тер дақтарының пайда болу себептері мен оларды кетірудің тиімді жолдары туралы кеңестер береді.

Кір сабын

Тердің құрамында концентрациясы жоғары тұздар мен минералдар көп болады. Тер қара немесе ақ киімге сіңіп қалған кезде, киімді бүлдіріп, сарғайған із қалдырады. Сондықтан киімдегі тер дақтарын уақытылы кетіріп отырған дұрыс. Ол үшін қарапайым кір сабынды қолдансаңыз болады. Себебі, оның құрамында тер мен май молекулаларын бұза алатын сілтілер бар.

Киімдегі тер дақтарын қалай кетіреміз? Алдымен киімді суық суға малып, сосын кір сабынды көпіртіп, аямай жағыңыз. Киімдерді легенде 40–50 минутқа қалдырыңыз. Сосын тер іздерін қолмен жақсылап жуып, киімді кір жуатын машинаға салыңыз. Бұл ретте машинадағы су температурасы ыстық болған жөн. Сол сияқты кір сабынды үккіштен өткізіп, 10 л cуға салсаңыз болады. Сосын киімдерді осы суға салып, суды отқа қойыңыз. Киімдерді осы суда шамамен 30–50 минуттай қайнатыңыз. Соңында киімдерді алып, кір машинасында жусаңыз болады.

Кір сабын түрлері. Көрнекі сурет
Кір сабын түрлері. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тұз

Үй шаруашылығын жүргізу жөніндегі сарапшы Сара Агирре киімде тез іздерінің қалуының негізгі себебі тер минералдарының антиперспирант және дезодоранттың (негізінен алюминий) құрамдас бөліктерімен араласуы деп түсіндіреді. Сол себепті ақ киімдерде сары дақ, ал түрлі-түсті киімдердің қолтығында сұр дақтар пайда болады. Тер мен дезодорант дақтарын киімнен кетіру үшін, қарапайым ас тұзын пайдаланса болады.

Дақтан арылудың бұл әдісі жібек, мақта және лен сияқты маталардан тігілген киімдерге қолайлы болып келеді. Ол үшін бір стакан суға 1 шай қасық суды қосыңыз. Осы қоспаны киімге төгіп, оны 1 сағатқа қалдырыңыз. Сосын кір жуатын ұнтақпен жуып алыңыз.

Киімдегі бұрыннан қалған тер іздерін кетіру үшін, тұзды көптеп қосу керек болады. Сол себепті тұз ерітіндісі бар суға бір шай қасық нашатыр спиртін құюға тура келеді. Осы ерітіндіні киімге жағып, щеткамен ысып жіберіңіз. Нашатыр спирті мен тұздың қосындысы киімдегі тер ізін жылдам кетіреді.

Ас содасы

Тер киімде сары дақпен бірге жағымсыз иіс те қалдырады. Ол дезододарант сынды косметикалық құралдардың құрамындағы заттармен бірге киімнің түсін бүлдіріп, дақ қалдырады. Киімдегі тер іздерін ас содасымен де кетіруге болады екен. Ол үшін содадан паста дайындаңыз. Яғни сумен араластырып, консистенциясы қаймақ сияқты болатындай етіп, араластырыңыз.

Сосын киімді теріс қаратып, сода пастасын жағыңыз. Оны киіммен бірге 20 минутқа қалдырыңыз. Сосын дақты жұмсақ щеткамен жуып, кран астындағы суық сумен шайып жіберіңіз.

Соңында киімді жұмсақ кір жуатын ұнтақпен жуып жіберуді ұмытпаңыз. Кірді жуып болған соң, киімдегі дақты қараңыз. Егер ондағы тер іздері кетпесе, осы тәсілді қайталап, жасаңыз.

Үстел үстіндегі ас содасы. Көрнекі сурет
Үстел үстіндегі ас содасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Лимон шырыны немесе қышқылы

Киімдегі тер іздері әсіресе қолтықтың тұсында білініп қалады. Тер кепкен кезде, киімде оның сарғайып, жағымсыз иіс шыға бастайды. Осындай сәтте ақ киімдегі тер дағын қалай кетіруге болады? WikiHow жобасы киім-кешектегі тер іздерін лимон шырынымен кетіруге кеңес береді. Себебі лимонның ағартқыштық қасиеті бар. Сондықтан ол ақ киімдегі тер іздерін кетіруге таптырмас құрал бола алады.

Ол үшін киімге аздаған балғын шырында сығып, ол сіңу үшін 30 минутқа қалдырыңыз. Сосын тер тиген тұсты жақсылап жуып, суық сумен шайып жіберіңіз. Дақты кетірген соң, киімді кір жуатын машинаға салып, жуып алыңыз. Үйіңізде лимон болмаса, лимон қышқылын пайдалансаңыз болады. Ол үшін бір шай қасық лимон қышқылын 1 стакан суға салып, оған киімді салыңыз. Мұндай ерітіндіде киімді 40-60 минут ұстаған жөн. Cосын дақты қолмен ысып, қалған ерітіндіні қолмен жуып жіберіңіз. Егер сары дақ іздері кетпесе, аталған тәсілді қайталап жасаңыз. Бұрыннан қалған тер дағы үшін, киімді лимон қышқылы бар суда (5 л суға 2 ас қасық) түнімен қалдыру керек.

Сірке суы

Үй шаруашылығын жүргізу жөніндегі сарапшы Мэдлин Буяно киімдегі тер іздерін сірке суының көмегімен кетіруге кеңес береді. Сірке суының құрамында антибактериалдық заттар бар және ол матадағы жағымсыз иісті оңай кетіреді. Сірке суының иісі киімге сіңіп қалмауы үшін, оларды таза ауада кептіріп алған дұрыс.

Ол үшін легендегі суға 9%-дық сірке суды қосыңыз. Киімді суға салып, қолтықтарын ысып жіберіңіз. Немесе осы ерітіндісі бар суды тер дағына жағып, киімді 30 минутқа қалдырыңыз. Сосын кірленген жерді суық сумен жуып жіберіңіз. Соңында киімді кір машинасында кір жуатын ұнтақпен жуып алуды ұмытпаңыз. Осы әдістің көмігемін матадағы тез іздері кетпесе, онда сірке суына соданы қосып жіберіп, аталған тәсілді тағы да қайталаңыз. Сірке суы мен соданың химиялық реакциясы мата талшықтарындағы тер молекулаларын тез ыдыратады.

Киімдегі сарғайған тер дағын кетіру үшін, өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдап алыңыз. Сосын киімді міндетті түрде кір машинасында жуып алуды ұмытпаңыз. Ол сізге матадағы жағымсыз иістен арылуға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2152047-ter-kiimge-singip-qalmas-ushin-ne-isteu-kerek-ongai-ari-zhyldam-ketiruding-5-tasili/