Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнадай таза: газ және электр плитасындағы майды кетірудің ең тиімді тәсілдері

Жарияланған күні:

Жанып тұрған газ плитасы. Көрнекі сурет
Жанып тұрған газ плитасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Газ плитасының бетіндегі май дақтары көп жағдайда сарғайып, оңайшылықпен кете қоймайды. Үй шаруашылығын жүргізу жөніндегі сарапшылар Мэри Мерлоу Леверетт және Александра Келли асханадағы тамақ дайындайтын плита бетіндегі дақтарды кетірудің ең тиімді жолдарын ұсынады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада газ және электр плиталарының әр түрлі бетіндегі май дақтарын кетірудің тиімді әдістері түсіндіріледі.
  • Үй шаруашылығы мамандары Мэри Мерлоу Леверетт пен Александра Келли әр түрлі плита беттеріне (эмаль, нержавейка, шойын, шыны керамика, индукционды) арналған арнайы тазалау әдістерін ұсынады.
  • Тазалау үшін қолданылатын заттар арасында ыдыс жуу құралы, кір жуу ұнтағы, қыша, сода, сірке суы және тіс пастасы бар, ал индукционды плиталар үшін әйнек тазалағыштар ұсынылады.

Беті эмаль газ плитасын тазарту

Беті эмаль плитаны тазартуда абай болған жөн. Себебі, эмаль шытынап, плитаңыздың бетінде қара сырықтар мен дақтар пайда болуы мүмкін. Эмаль плитаның бетіндегі май дақтарын қалай кетіруге болады? Ол үшін плитаның бетіне ыдыс жуатын құрал мен кір жуатын ұнтақты себіңіз.

Осылайша, газдың бетін көпіртіп, май дақтары сіңген жерлерді ысыңыз. Сосын көпірікті 20–30 минутқа қалдырып қойыңыз. Кейін ыдыс жуатын матамен бетін сүртіп, тазалап алсаңыз болады. Сонымен бірге көпірген суға плитаның металл шеңберлерін салып қойыңыз. Ондағы май дақтарын тез кетіру үшін, шеңберлерді арнайы щеткамен ысып жіберіңіз.

Ал, плитаның бетіне салатен темір торды қатты, металл губкамен ысып жіберсеңіз болады. Соңында оны да көпірген суға малып, жақсылап жуып жіберіңіз.

Беті нержбен қапталған газ плитасын жуу

Беті нержбен қапталған газ плитасының үстіңгі қабаты тез сырылады. Сондықтан мұндай газ плитаның май дақтарын кетіру үшін, жуатын құралды мұқият таңдаған жөн. Мысалы, мұндай плитаның бетін тазарту құралдары немесе қатты губкалармен жууға тыйым салынған.

Газ плитаның бетін сырмау үшін, келесі кеңеске құлақ асыңыз. Беті нержбен қапталған газ плитасын жуу үшін, қыша ұнтағынан қоспа дайындап алыңыз. Ол үшін бір стакан суға 4 ас қасық ұнтақты қосып, барлығы қоюланғанша жақсылап араластырыңыз.

Қоспаны плитаның бетіне біркелкі етіп жағып, 10 минутқа қалдырыңыз. Сосын газдың бетін құрғатып сүртіп алыңыз. Дәл осы әдіспен плитаның газ домалақтарын да жуып алыңыз. Сол сияқты плита торы мен ыдыс-аяқ қоятын құралды қыша ұнтағы қоспасында 2 сағатқа жуық қалдырыңыз.

Беті нерждалған газ плитасы. Көрнекі сурет
Беті нерждалған газ плитасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Арнайы домалақтары бар электр плитасы

Ескі үлгідегі газ плиталарының спиральдары рапидті конфоркамен жабдықталған және шойынмен қапталған. Тамақ даярлау барысында оның бетіне май жиі тамады. Мұндай газ плитасының бетіндегі майды кетіру үшін, алдымен газды өшіріп, сууын күту керек. Ал, бетіндегі дақты кетурі үшін, ас содасының тұнбасын жасап алыңыз. Ол үшін, содаға суды қосып, аздап көпіртіңіз.

Тұнбаны плитаның үстіне жағып, жұмсақ губкамен жуыңыз. Тағам дайындайтын домалақтарды да алып тастап, бетін сода қосындысымен жуыңыз. Егер май дақтары кетпей жатса, щеткамен ысып жіберіңіз. Сосын барлығын жылы сумен шайып жіберіңіз. Үй шаруашылығын жүргізу жөніндегі сарапшы Мэри Марлоу Леверетт плитаның әр элементін жуып болған соң, құрғақ матамен сүртіп алуға кеңес береді.

Шыны керамикалық панельді плита

Беті шыны керамикалық панельді плитаның беті үстіне жиі ыдыс қойылатындықтан, тез кірленеді. Мұндай плита айнадай таза болуы үшін, оны күн сайын жуып отыру қажет. Егер мұндай плитаның бетіне байқаусызда сұйық зат төгіліп кетсе, дереу сүртіп алыңыз. Ал, ескірген май дақтары үшін арнайы жуу құралдарын пайдаланыңыз.

Беті шыны керамикамен қапталған газ плитасының дақтарын кетіру үшін, тіс пастасын қолданыңыз. Әсіресе, тісті ағартуға арналған паста мұндай дақты тез кетіретін болады. Ол үшін пастаны газдың бетіне жұқа етіп жағып, оны жұқа салфеткамен сүртіп алыңыз. Сол кезде оның бетіндегі күйік пен май дақтары кететін болады. Дақ тез кету үшін, меламинді губканы да пайдалансаңыз болады.

Беті шыны керамикалық газ плитасы. Көрнекі сурет
Беті шыны керамикалық газ плитасы. Көрнекі сурет : pixabay.com

Беті шыны газ плитасы

Асхана плитасының беті шыны болуы өте әдемі көрінеді, алайда оның беті қара болса, плитадағы дақтар үнемі көрініп тұрады. Шыны бетіндегі май дақтарын тез әрі толығымен кетіру үшін, келесідегідей қарапайым әдісті қолданып көріңіз. Ол үшін үйдегі сірке суын пайдалансаңыз болады.

Үй шаруашылығы мамандары Алисия Чилтон мен Ханна Брунеман мұндай плитаның бетіне сірке суын сеуіп, үстінен соданы себуге кеңес береді. Сосын оның бетіне жылы суды сепсеңіздер болады. Осылайша, плитаны 10–15 минутқа қалдырып қойыңыз. Соңында газ бетін матамен сүртіңіз. Егер май дақтары кетпей жатса, аталған тәсілді тағы да қайталаңыз.

Индукционды плита

Заманауи индукционды плиталар түбі ферромагнитпен қапталған арнайы ыдыстарды талап етеді. Мұндай газ плитасын нұсқаулыққа сәйкес пайдаланбаса, сындырып алуыңыз мүмкін. Үй шаруашылығын жүргізу маманы Александра Келли индукционды газ плитасын тазарту барысында құрамында ағартқыш немесе аммиак бар таразту құралдарынан бас тартқан жөн екенін айтады.

Индукционды плитаның бетіндегі май дақтарын кетіру үшін, әйнек жууға арналған құралдарды пайдалансаңыз болады. Оның құрамында спирті бар заттар болғандықтан, ол май мен тұз молекулаларын ыдырататын қасиетке ие. Ол үшін спрейді плитаның барлық бетіне шашыңыз. Кірленген тұстарды бірден қағаз маялықпен сүртіп отырыңыз. Егер май дақтары кетпесе, аталған әдісті тағы да қайталыңыз.

Қыз-келіншектер газ плитасын күнделікті жуғанымен, ондағы май дақтары толығымен кетпеуі мүмкін. Сондықтан жоғарыдағы кеңестерге құлақ түре отырып, үйдегі газ плитаңызды айнадай таза етіп ұстауға тырысыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2153563-ainadai-taza-gaz-zhane-elektr-plitasyndagy-maidy-ketiruding-eng-tiimdi-tasilderi/