Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Картоп қосылған чебурек: Ақнұр Тілекқызынан үлбіреген жұмсақ қамыр рецебі

Жарияланған күні:

Дәмді чебурек
Қызарып піскен чебурек. Көрнекі сурет: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Картоп қосылған чебурек қарапайым әрі ерекше дәмнің тамаша үйлесімі. Тартылған еттің орнына картоп езбесі мен көк жуа қосуға болады. Дәмді тағамды пісіру үшін менің рецебімді пайдаланыңыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Картоп қосылған чебурек дайындау рецепті ұсынылады, ол дәстүрлі Қырым татар тағамының өзгертілген нұсқасы.
  • Чебуректің қамыры ұн, су және өсімдік майынан жасалады, ал салмасы картоп езбесі мен көк жуадан тұрады.
  • Рецепт бойынша чебуректі дайындау процесі егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде қамыр илеу, салма дайындау және қуыру әдістері көрсетілген.

Мен қолжетімді ингредиенттерден пісірілетін әр түрлі тағамның рецептімен танысуға шақырамын. Оларды менің YouTube арнамнан табуға болады. Арнама жазылып, менімен бірге дәмді тағамдар пісіріңіз.

Чебурек – Қырым татарларының дәстүрлі тағамы. Бұл атау "шикі" (салмасына қатысты) дегенді мағынаны білдіретін "çiy" және "börek" - "бәліш" сөздерінен шыққан. Дәстүрлі тағамға тартылған ет, дәмдеуіштер мен пияз қосылады, ашытқысыз қамырдан жарты шеңбер тәрізді жасалады. Басқа тағамдар сияқты чебурек әр түрлі аспаздық интерпретациялардан өтті, соның бірі картоппен пісірілетін нұсқасы. Картоп қосылатын чебурек қолжетімділігі мен тойымдылығына байланысты танымал болды әрі вегетариандар үшін де өте жақсы тағамға айналды.

Сипаттамасы

Асханасы: Қырым татарлары

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 40 минут

Мөлшерлік калориясы: 200 ккал

Ингредиенттер

Жоғары сорттық бидай ұны – 500 г

Сүт – 50 г

Өсімдік майы – 460 мл

Көк жуа – дәміне қарай

Картоп – 500 г

Тұз – дәміне қарай

Қара бұрыш – дәміне қарай

Су – 250 мл

82,5 пайыздық сары май – 50 г.

Дайындалуы

1. Қамыр дайындаңыз

Қамыр дайындау
Қамырға қосылған қоспалар. Көрнекі сурет: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Қамыр дайындау үшін алдымен су қайнатыңыз. Қайнаған су тұрған ыдысқа 3 ас қасық өсімдік майын құйып, 1 шай қасық тұз қосып араластырыңыз. Ұнды шұңғыл ыдысқа елеуіштен өткізіп салып, ортасына ойық жасаңыз. Ұнға ыстық су құйып, қасықпен араластырыңыз.

2. Қамыр илеңіз

Қамыр илеу
Иленген қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Ұн суды сіңіріп, қамыр аздап суығаннан кейін қамырды қолмен илеңіз. Қамыр біркелкі тығыз консистенцияға айналғанша 5-6 минут илеңіз. Содан кейін қамырды полиэтилен пакетке салып, шамамен 15 минутқа қалдырыңыз.

3. Салмасын дайындаңыз

Чебурек салмасы
Чебурек салмасын дайындау. Көрнекі сурет: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Картоптың қабығын аршып, бірнеше бөлікке бөліп тураңыз және тұз қосылға суға салып, әбден жұмсарғанша пісіріңіз. Пісірілген картопқа сүт, 50 г сары май қосып, біркелкі езбеге айналғанша миксермен араластырыңыз. Көк жуаны майдалап турап, картопқа қосыңыз. Дәміне қарай тұз бен бұрыш қосыңыз, ингредиенттерді араластырыңыз.

4. Қамырды бірнеше бөлікке бөліңіз

Қамырды бөлу
Бірнеше бөлікке бөлінген қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Қамырды қалтадан шығарып илеңіз. Содан соң қайтадан целлофанға 15 минутқа қойыңыз. Сол кезде қамыр жұмсақ болады. Қамырды үш бөлікке бөліп, әрқайсысын шұжық тәрізді айналдырыңыз. Қамырды 5-6 бөлікке бөліңіз. Қамыр кеуіп қалмас үшін оны тостағанмен жауып қойыңыз.

5. Чебурек пішінін жасаңыз

Чебурек жасау
Чебурек пішінін келтіріп кесу. Көрнекі сурет: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Қамырдың әрбір бөлігін мүмкіндігінше жұқа етіп, дөңгелек қабатқа жайыңыз. Салмасын ортасына салыңыз. Қамырдың шеттерін біріктіріп, чебурек пішінін жасаңыз. Қамырдың шеттерін саусақпен басыңыз. Чебурек әдемі көріну үшін жиектерін арнайы пішіндегі пышақпен тегістеңіз. Барлық чебуректі осылай жасап шығыңыз.

6. Чебуректі пісіріңіз

Чебуректі қуыру
Майға пісірілген чебурек. Көрнекі сурет: YouTube/ Aknur Tilekkyzy

Қазанға күнбағыс майын құйып қыздырыңыз. Қуырған кезде чебуректер қалқып тұруы үшін май жеткілікті болуы керек. Қамырды қызған майға салып, екі жағын қызарғанша қуырыңыз. Дайын чебуректерді ыдысқа салып, ыстықтай жеуге ұсынамын.

Рецепт видеосы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2154274-kartop-qosylgan-cheburek-aqnur-tilekqyzynan-ulbiregen-zhumsaq-qamyr-retsebi/