Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұздың қандай түрлері бар: дәмдеуіштің қай түрі денсаулыққа пайдалырақ

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тұз
Тұз. Көрнекі фото: pixabay.com

Тұз ежелгі заманнан бері негізгі дәмдеуіш болып саналды. Тұз дәмі, құрамы және тексурасына қарай әртүрлі болып келеді. Бұл материалда тұздың әр түріне жеке тоқталып, қандай мақсатта қолданылатынын талдаймыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Тұздың негізгі түрлері - ас тұзы, теңіз тұзы, йодталған тұз, Гималай қызғылт тұзы, қара тұз, хош иістендірілген тұз және ысталған тұз екендігі туралы айтылған.
  • Әр тұз түрінің ерекшеліктері, құрамы және қолдану аясы талқыланған. Мысалы, теңіз тұзы дайын тағамға қосылса, йодталған тұз консервілеуге жарамайды.
  • Тұздың тағамға дәм беру, сақтау мерзімін ұзарту сияқты маңызды қасиеттері бар екені, сонымен қатар кейбір тұз түрлерінің денсаулыққа пайдасы туралы айтылған.

Ас тұзы

WebMD медициналық журналындағы мәлімет бойынша, ас тұзы негізінен жерасты кен орындарында өндірілетін тас тұзынан жасалған. Тұзды суда ерітеді, ерітіндіде ол тазартудан өтеді, тазарту барысында барлық қоспа жойылады. Содан кейін тұздағы ылғал буланады, ал қалдықтар арнайы центрифугалардың көмегімен шығарылады. Кептірілген өнімнің құрамында 3 пайыздан аспайтын су болады және ұсақ, біртекті ақ кристалдар түріндегі тұзға айналады. Олар жабысып қалмас үшін қоспалармен байытылуы керек.

Ас тұзы – кез келген тағамды әзірлеуге және тағамды тұтыну кезінде қосуға болатын әмбебап өнім. Ас тұзын консервілеуге пайдалану ұсынылмайды, өйткені тығыздалуға қарсы заттар тұзды лайлы етеді.

Теңіз тұзы

Дұрыс тамақтану туралы Eating Well сайты теңіз тұзы теңіз және мұхит суын күн астында арнайы ванналарда немесе тоғандарда буландыру арқылы алынады деп жазады. Теңіз тұзының таза болуы мен құрамы тұз өндіру үшін пайдаланылатын теңіз суына байланысты.

Теңіз тұзы әдетте үлкен, біркелкі емес кристаллдар түрінде келеді. Натрий хлоридінен басқа, теңіз тұзында аздаған йод, кальций, магний және калий болуы мүмкін. Ас тұзынан айырмашылығы, теңіз тұзы сату алдында өңделмейді деуге болады.

Әдетте, теңіз тұзын тағам әзірлеу кезінде емес, дайын дағамды ұсынар кезде қосады. Оның үлкен кристалдары дәмнің әртектілігін тудырады, бұл әсіресе қуырылған ет, құс және балықты жеген кезде жақсы. Тығыздауға кедергі келтіретін қоспалардың болмауына байланысты теңіз тұзын ірі тас тұзымен бірге консервілеу үшін пайдалануға болады.

Тұз
Тұз. Көрнекі фото: pixabay.com

Йодталған тұз

Дұрыс тамақтану туралы Healthline журналындағы мәліметке сәйкес, 1917 жылы дәрігер Дэвид Мари тағамды йодпен байыту қалқанша безі ауруларының қаупін айтарлықтай төмендететінін дәлелдеген. 1920 жылы көптеген елде йодталған тұз шығарыла бастаған, бұл әдетте ас тұзының бір түрі, оны Батыста ас тұзы деп те атайды. Оның құрамында тығыздалуына жол бермейтін заттардан бөлек, йод бар. Минерал қосу тұздың дәмін өзгертпейді, бірақ адамның йодқа деген қажеттілігін толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Кәдімгі ас тұзы сияқты, йодталған тұзды кез келген тағамға қосуға болады. Тұздың бұл түрін үйдегі консервациялауға қосуға кеңес берілмейді. Линкольндегі Небраска ауылшаруашылық институтының сайтында жарияланған ақпарат бойынша, йодталған тұздан көкөністердің түсі өзгеріп, дақтар пайда болуы мүмкін. Бұған қоса йод қосылған тұз дайын өнімге жағымсыз дәріге ұқсас дәм береді.

Гималай қызғылт тұзы

Британдық Time журналы қызғылт тұз Пәкістанның Гималай тауларындағы тұз кенінен өндірілетінін жазады. Ол толығымен табиғи және жуу, булау, ағарту сияқы немесе басқа жолмен өңделмейді. Құрамына тығыздандырмайтын қоспалар қосылмайды.

Гималай тұзының құрамында темір, калий және магний сияқты микроэлементтер бар, бұл микроэлементтер тұзға қызғылт реңк береді. Пайдалы минералдар тұздың дәмін жұмсартады, бірақ олардың саны тым аз, сондықтан адам ағзасына оң әсерін тигізеді деп айтуға келмейді. Гималай тұзын салаттар мен дайын тағамдарға қолдануға болады, оның үлкен кристалдары әсіресе әдемі көрінеді.

Тұз
Тұз. Фото: pixabay.com

Қара тұз

Food Network аспаздық сайты қара тұз бүкіл Оңтүстік Азияға белгілі екенін жазады. Оны "үнді тұзы", кейде "Гималай қара тұзы" немесе "кала намак" деп атайды. Өнімнің жер тәрізді реңкі және күкіртке ұқсас исі болады. Тұз Солтүстік Үндістан мен Пәкістанда өндіріледі.

Құрамында көптеген темір қосылыс пен күкірт бар. WebMD медициналық басылымының мәліметінше, күніне 6 г-ға дейін кала намак тұтыну газ түзілуін азайтуға және ісінуден арылуға көмектеседі.

Тұз чат масала, йогуртты райта соусы сияқты үнді дәмдеуіштерін және чатни деп аталатын тәтті-ащы пасталарды әзірлеу үшін қолданылады. Жұмыртқаға ұқсас дәмінің арқасында қара тұз вегетариандар арасында танымал. Олар оны тофуға, ноқат ұнынан жасалған омлеттерге, салаттарға және вегетариандық майонезге қосады. Сондай-ақ қара тұзды пісірілген көкөністер мен фри картоптарына себуге болады.

Хош иістендірілген тұз

Хош иістендірілген тұздың көптеген түрі бар, олардың барлығы тағамға дәм және хош иіс беру үшін қолданылады. Тұзды кез келген құрғақ және хош иісті шөптермен, ащы дәмдеуіштермен, жаңа піскен немесе кептірілген пиязбен және сарымсақпен араластырылып әзірленеді. Hill Street Grocer аспаздық сайтына сәйкес, тұз кейде қызыл шараппен хош иістендіріледі.

Хош иістендірілген тұздардың ішіндегі ең танымалдары адыгей және сван тұздары. Бұл тұз Сван тұзының құрамына көк тасбеде (уцхо-сунели), сарымсақ, аскөк тұқымы, кориандр дәндері, ащы қызыл бұрыш, зире, имерет запрангүлі кіреді.

Адыгей тұзына көбірек етіп сарымсақ пен түрлі дәмдеуіштер қосады. Ең жиі қолданылатын аскөк, кориандр, ақжелкен, жебір, қара бұрыш және қызыл бұрыш. Тұздың бұл түрі әсіресе көкөніс салаттары мен грильде піскен етке ерекше дәм береді.

Тұз
Тұз. Көрнекі фото: pixabay.com

Ысталған тұз

Ысталған тұз – жаңа, бірақ кең танылып үлгерген әмбебап дәмдеуіш, ол тағамдарға дәмді ағаш түтінінің дәмін береді. MasterClass сайтының жазуынша, ысталған тұз екі апта бойы суық түтінмен өңделген тұз.

Өнімнің дәмі негізінен тұзды ыстауға қолданылатын ағаш түріне байланысты. Көбіне тұзды емен, шие, үйеңкі, гикори, алма ағашы және қандыағаш түтінемен ыстайды. Негізінен теңіз, гималай немесе тас тұзның ірі үгіндісі қолданылады.

Ысталған тұзды дайын болған немесе оттан жаңа алынған тағамдарға сепкен жақсы, сонда тағамға хош иіс береді. Ысталған тұз попкорнмен, сорпалармен, жұмыртқа тағамдарымен және пісірілген картоппен жақсы үйлеседі.

Тұз – ежелден келе жатқан дәмдеуіш. Ол әлі де тағамға ерекші дәм беретін және ұзақ уақыт сақталуына көмектесетін маңызды қоспа болып қала береді. Бір шымшым тұз кейбір өнімдердің ащылығын жасырып, кейбір тағамдардың тұщылығын реттейді, бұған қоса кондитерлік өнімдердің тәтті дәмін арттырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2157156-tuzdyng-qandai-turleri-bar-damdeuishting-qai-turi-densaulyqqa-paidalyraq/