10 түрлі хош иіс: күз мезгілінде қандай әтір себу керек
Жарияланған күні:
Күз – жылылық сыйлайтын және жағымды хош иіс себетін уақыт. Сондықтан бұл мезгілде себілетін иіс су айналадағы әдемілікпен бірге ерекше көңіл-күй сыйлауы керек. Сән басылымдары күзгі маусымға тамаша үйлесетін ең жақсы иіс сулар туралы ақпарат ұсынады.
- Күзгі маусымға арналған 10 үздік хош иісті әтір ұсынылады, оның ішінде Eleventh Hour, Oud Nude, Vanilla 28, Paradoxe және басқалары бар.
- Әтірлер әртүрлі ноталармен ерекшеленеді: ағаш, ваниль, гүл және дәмдеуіш иістері, олар күздің салқын күндерінде жылылық пен жайлылық сезімін береді.
- Ұсынылған әтірлер танымал брендтерден шыққан, олардың көпшілігі 2022-2023 жылдары шығарылған, әрі күзгі маусымға арнайы жасалған.
Eleventh Hour
Eleventh Hour — бұл Byredo швед парфюмерлік үйі шығарған унисекс иіс суы. Бұл өнімде ащы және ағаш ноталары үйлесім тапқан. Жоғарғы ноталардағы бергамот пен сычуань бұрышының комбинациясы әтірге хош иіс береді. Ром, інжір және сәбіз дәндерінің үйлесімі оны жылы әрі тәтті етеді. Базалық ноталарда кедр, тонка бұршақтары және кашемир ағашы әтірдің әдемі негізін құрайды.
Парфюм иісінің ұзақ уақытқа дейін шығып тұруы және жылы ароматикалық композициясы күздің салқын күндерінде жағымды әсер қалдырады. Harper's Bazaar сән журналы бұл иіс судың кез келген ванильді хош иістермен керемет үйлесетінін жазады.
Oud Nude
Oud Nude — сезімді оятатын хош иіс, бұл өнім Guerlain парфюмерлік үйінің L’Art & La Matière коллекциясы аясында шығарылған. Бұл парфюмде шығыстық және ағаш иістеріне тән ноталар үйлесім тапқан: бағалы уд ағашы, бадам, ваниль және сандал ағашының кремді акценттері әтірге нәзіктік береді.
Elle сән журналы Oud Nude хош иісінің жұмсақ әрі нәзік сипаты оны ерекше жайлы және сәнді етеді деп жазады. Бұл хош иіс сізді күздің жаңбырлы кешінде жібектей кашемир жамылғыға оранғандай сезімге бөлейді.
Vanilla 28
Vanilla 28 — Kayali бренді шығарған сәнді әрі жылы ванильді хош иіс. Glamour әйелдер журналының мәліметінше PerfumeTok (TikTok-тағы парфюмді табуға көмектесетін қауымдастық) мүшелері гурмандық ваниль хош иістеріне қызығады, ал Vanilla 28 солардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.
Хош иісті әтірде жасмин мен ваниль орхидеясының иісі үйлесім тапқан. Сондай-ақ тәтті қоңыр қант пен тонка бұршақтарының иісі сезіледі. Ал базалық ноталар амбра, мускус және пачулидің әдемі иістерімен ерекшеленеді. Бұл әтірдің хош иісі суық мезгілде жақсы әсер қалдырады.
Paradoxe
Prada компаниясының 2022 жылы шығарған хош иісті әтірі балғын және жылы ноталардың үйлесімін көрсетеді. Иіссу композициясын бірден үш шебер-парфюмер жасаған: Надеж Ле Гарлантезек, Антуан Мезондье және Шьямал Мезондье. Хош иістің көпқабатты композициясы қазіргі заман әйеліне тән болмысты көрсетеді, ол энергия мен нәзіктікті, батылдық пен әсемдікті біріктіреді.
Хош иістің негізгі ноталары: нероли гүлі, янтарь аккорды және ақ мускус. Хош иіс ұзақ сақталады әрі себілгені анық байқалады. Бұл парфюм күні бойы теріден кетпей, артынан жағымды иіс қалдырады.
Autumn Vibes
Autumn Vibes — Maison Margiela брендінің Replica топтамасындағы хош иіс. Бұл топтамадағы иіс сулар белгілі бір сәттер мен естеліктерді қайта жаңғырту идеясына шабыттанып жасалған, әрбір хош иіс өз иесін нақты уақыт пен мекенге апарады.
Maison Margiela Autumn Vibes иіс суын ағаш, дәмдеуіш иісіне, аздап шайыр және жерге тән иісі бар хош иіс ретінде сипаттауға болады, бұл шынайылықтан қашып, күзгі орманға енгендей әсер береді. Парфюмерлік композицияның жоғарғы ноталары дәмдеуіш қызғылт бұрыш пен кардамонның хош иістерімен ашыла түседі. Бұл иістер күзгі таңның салқынын еске салып, сергітеді.
Хош иістің негізі — жұпар жаңғағы мен сәбіз дәндері, олар хош иіске жылылық береді. Кедр мен мүктің негізгі ноталары орман мен күзгі табиғатты еске салады.
Goddess
Goddess иіс суын 2023 жылы британдық Burberry бренді шығарған. Хош иіс гурмандық және ванильді ноталарға баса назар аударады, ол сән-салтанат пен сенімділік сезімін тудырады. Бұл тәтті гурмандық хош иістерді ұнататындарға, салқын ауа райында жылытып, жайлылық беретін дүние іздейтін жандарға ұнайды.
Хош иістің негізі тәтті ваниль болса да, парфюм тым тәтті емес. Композицияның жоғарғы ноталарындағы лаванда оған балғындық пен жеңіл гүл нотасын қосады, ал негізгі какао мен зімбір дәмдеуіш секілді сәл жұмсақ акцент береді.
Myrrhe Mystere
Tom Ford бренді 2023 жылы шыққан. Бұл иіс су Tom Ford Private Blend эксклюзивті желісінің бір бөлігі болып саналады. Бұл топтамадағы басқа хош иістер сияқты Myrrhe Mystеre күрделі және сирек кездесетін парфюмерлік композицияларды бағалайтындарға арналған.
Иіс судың құрамы мирра құпия мен сезімталдық атмосферасын жасайды, ал ваниль мен ағаш ноталары оған жылулық пен жайлылық қосады. Бұл хош иіс шығыс ноталарына, терең және жылы акценттерге басымдық беретіндерге ұнауы мүмкін.
Fall Cashmere
Fall Cashmere — табиғи парфюмериялар арқылы танымал Калифорниялық Skylar бренді шығарған иіс су. Ол күзгі маусымның жайлылығы мен жылылығын сезінуге арналған. Хош иіс салқын ауа райына өте жағымды, кашемирдің жұмсақтығы күзгі кештердің жайлылығын сезінуге ықпал етеді. Harper's Bazaar әйелдер журналы бұл қуырылған бадам, зімбір, даршын және қалампыр иістерінің үйлесімі екенін жазады.
Ваниль мен амбра хош иіске жұмсақтық пен аздап тәтті реңк береді. Композицияда сандал ағашының негізгі ноталары да бар. Бұл иіс су теріге кашемир свитерін күртесіндей жайлы, бірақ әдемі болып сезіледі.
Fenty
Fenty Eau de Parfum — бұл атақты әнші Рианна негізін қалаған Fenty брендінің алғашқы иіс суы. Elle әйелдер журналының жазбасында хош иіс 2021 жылы шығарылып, көптің қызығушылығын туғызған әрі сатылым басталғаннан кейін бірден сатылып кеткен көрінеді. Бұл хош иіс балғындық пен сезімталдықты үйлестіруімен ерекшеленеді.
Гүлді және шөпті ноталар өнімге балғын әрі нәзік иіс береді. Болгар раушаны, герань және магнолия хош иіске әсемдік пен романтика қосады. Негізгі ноталардағы пачули мен мускус иіс суға жылулық, тереңдік және аздап тәтті иіс береді.
Бұл парфюм барлық маусымға жарамды, әсіресе күз және қыс мезгілдерінде жақсы үйлеседі. Ерлер мен әйелдерді бірдей қызықтыру үшін өнім унисекс форматта жасалған.
Lavande 31
Lavande 31 — Le Labo парфюмерлік маркасының ерлер мен әйелдерге арналған фужерлік хош иісі, 2023 жылы шығарылған. Бұл иіс су лаванданың хош иісін шығару мақсатында жасалған. Әдеттегі балғын және шөпті иіс сулардан айырмашылығы ретінде бұл өнімде ағаш және тәтті иістерді әдемі үйлесетінін айта кету керек.
Who What Wear сән басылымы бұл иіс су лаванда туралы ескірген түсінікті өзгертетінін және заманауи әрі стильді бірегей хош иіс екенін жазады. Лавандаға қазіргі заманға сай екпін нероли мен бергамот арқылы беріледі, кейін амбра, мускус және тонка бұршағымен жылы әрі жұмбақ ағаш негіз етіледі. Бұл хош иіс лаванданың дәстүрлі иісін өзгеше түрде ұсынатын иіс су іздегендерге жарайды.
Әрбір хош иіс өз кезегінде күздің атмосферасын сезінуге ықпал етеді, бірақ барлығын біріктіретін нәрсе жылылық пен жайлылық сезімін тудыруында болса керек. Ең бастысы хош иіс салқын ауа райында жылы әрі жайлы бұйымға оранып отырғыңыз келетін кезде көңіл-күйді көтереді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2160888-10-turli-hosh-iis-kuz-mezgilinde-qandai-atir-sebu-kerek/