Бау-бақшаға ерекше сән беретін көпжылдық 10 гүл
Жарияланған күні:
Читать на русскомАулаға сән беріп тұратын, бірақ көп машақатты талап етпейтін көпжылдық өсімдіктер іздеп жүрген жандарға бау-бақша мамандары Мари Яннотти мен Мэдлин Буяно бірнеше өсімдік түрін ұсынады. Бұл материалда ландшафт дизайнына қолдануға болатын сол өсімдіктерге кеңірек тоқталып, несімен ерекшеленетінін айтамыз.
- Мақалада бау-бақша мамандары Мари Яннотти мен Мэдлин Буяно ұсынған, көп күтімді қажет етпейтін көпжылдық өсімдіктер туралы айтылады.
- Хауттюйния, аюга, жебіршөп, жайыла өсетін Чарли, ирландиялық мүк және жатаған таңқурай сияқты тез өсетін, жерді жабатын өсімдіктердің ерекшеліктері мен өсіру жағдайлары сипатталады.
- Сонымен қатар, жапон орман шөбі, гейхера, осока және қырыққұлақ сияқты көпжылдық өсімдіктердің ландшафт дизайнында қолданылуы туралы кеңестер беріледі.
Хауттюйния
Бау-бақша маманы Мари Яннотти хауттюйния мен аюга инвазиялық өсімдік қатарына қосады. Егер олардың өсуін шектемесе, олар бақшадаға басқа түрлерді тезарада ығыстырып тастайды.
Хауттюйния (Houttuynia cordata Chameleon) – Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан өсімдік. Олардың қызғылт сабақтары мен түрлі-түсті жапырақтары биіктігі 20 см-ге дейін жетеді және бақшадағы барлық бос орынды алып кететіндіктен, түрлі-түсті кілемдей елестейді.
Хауттюйния ылғал және құрғақ топырақта, ашық жерде де, көлеңкеде де өсе береді. Бірақ -15 ° C-тан төмен аязда оның тамыры қатып қалады, сондықтан қыста суық аймақтарда өсімдік контейнерге ауыстырылып, жертөлеге жасырылады.
Аюга
Аюга (Ajuga reptans) – тауқалақайлар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Өсімдік жерге жайылып өседі. Сабағы 10-25 см-ге жетеді. Аюганың дегелекті жапырақтары тараққа ұқсайды. Маусым-шілде айларындағы биіктігі 7-8 см болатын қара көк масақ тәрізді гүлшоғырлар бақшаға көрік береді.
Бұл гүл жартылай көлеңкені және ылғалды сазды немесе құмды сазды топырақты жақсы көреді. Өсімдікті гүлзарлардың шетіне, жол жиегіне отырғызылады және жартас бақтары мен ағаш діңдерін безендіреді. Аюга арамшөптердің өсуіне тосқауыл жасайды, бірақ онысиретіп отырмаса, гүлзарды толығымен жауып қалады.
Жебіршөп
Тез өсетін қандай гүлдер бар? Бау-бақша маманы Мэдлин Буяно жебіршөп, жайыла өсетін чарли, ирландиялық мүк және жатаған таңқурай сияқты тез өсетін өсімдіктерді отырғызуға кеңес береді.
Жебіршөп – ерекше хош иісі бар өсімдік. Қатты бұтақталған сабақтарында ұсақ жапырақтар өседі. Шілде-тамыз айларында гүлшоғырында қызғылт-күлгін гүлдер ашылады.
Жебіршөп топырақ таңдамайды, тіпті тастарда да өсе береді. Бірақ оған көп күн сәулесі және жақсы дренажды қабат қажет. Өсімдік бірнеше вегетациялық кезеңде аумақты толығымен жауып тұрады.
Жайыла өсетін Чарли
Жайыла өсетін Чарли (жер шырмауығы – Glechoma hederacea ) – көпжылдық шөптесін өсімдік. Өздігінен өніп, жайыла өсетін сабақтарымен оңай көбейеді.
Жайыла өсетін Чарлидің сабақтарының биіктігі 30 см-ге дейін жетеді. Оны жиектері бар жылтыр жасыл жапырақтары жауып тұрады. Көктемнен жаздың басына дейін жер жамылғысы қоңырау тәрізді көк-күлгін гүл шоғырын ашып тұрады.
Бұл өсідікке ылғалды, көлеңкелі жерлер өте қолайлы. Ол ағаштар мен бұталардың астына, ғимараттардың солтүстік жағына отырғызылады. Жайылмалы өсімдік бүкіл аумақты алып кетпеуі үшін дер кезінде сабағын кесіп отыру керек.
Ирландиялық мүк
Ирландиялық мүк немесе бізтәрізді майлышөп – тығыз, мүкті жапырақтары бар мәңгі жасыл өсімдік.
Көктемде ол кішкентай ақ жұлдыз тәрізді гүл ашады. Майлышөп қалыпты ылғалды жақсы көреді және жартылай көлеңкеде жақсы өседі.
Ирландиялық мүктің нәзік құрылымы жеңіл жаяу қозғалысқа төтеп бере алады, сондықтан оны көбінде тас төсеуішстердің төңірегіне немесе бақша жолдарының бойына отырғызылады. Ол тез өседі. Тұқыммен және бұталарды бөлу арқылы көбейеді.
Жатаған таңқурай
Жатаған таңқурай – тез өсетін жасыл желек. Оның сабақтары жерге төселіп өседі. Сусымалы таңқурайды куртиналарды айналдыра төмен қоршау жасау арқылы оңай тоқтатуға болады.
Өсімдіктің күзде және қыста қою түске енетін қою жасыл жапырақтары бар. Жазда жапырақтардың арасында ақ немесе қызғылт гүлдер пайда болады, ал күзге қарай жеуге жарамды ұсақ жемістер өсіп шығады.
Жатаған таңқурайды отырғызар кезде жер асты суларының деңгейі төмен күн шуақты жерді таңдаңыз. Ылғал топырақ немесе төбесінен суару өсімдіктің сәнін кетіреді.
Жапон орман шөбі
Бау-бақша мамандары Аричка Элин Сансоне мен Алисса Гаутьери гүлзарға жапон шөбі, гейхера, қияқгүл, қырыққұлақ сияқты көпжылдық өсімдіктерді отырғызуды ұсынады.
Жапон орман шөбі (hakonechloa) қатты сабақтарында 30 см-ге дейін өсетін және кішкентай бамбук сияқты көрінетін ұзын, жолақты жапырақтары бар өсімдік.
Жапон орман шөбі ылғалды, құрғатылған топырақта, жартылай көлеңкеде немесе шашыраңқы жарық жерлерге отырғызылады. Күн түсетін жерлерде оның жапырақтары ашық түске енеді, бірақ қатты ыстық өсімдікті өлтіруі мүмкін.
Гейхера
Гейхера немесе маржан қоңыраулары – аласа келген өсімдік. Ол аласа бұтал түрінде өседі.
Жапырақтары үйеңкі жапырақтарына ұқсайды және әртүрлі реңктерде болады: жылтыр ашық жасыл, сарғыш-қызғылт, ал күзде – қою қызғылт жолағы бар күміс түсті. Жас жапырақтар әрқашан ескілерден реңкімен ерекшеленеді, сондықтан гейхера жыл бойы сыртқы түрін өзгертумен болады.
Түріне байланысты гейхера жартылай көлеңкені немесе күн түсетін жерді жақсы көреді. Қыста қымтапмаса да жақсы өсіп тұрады, жөнсіз жайылып кетпейді.
Қияқгүл
Қияқгүл– көлеңкелі бақтар мен батпақты жерлерге отырғызуға арналған өсімдіктер. Жапырағы ұзын, жіңішке болып келеді . Жапырақтары әртүрлі түсті және онымен саябақтар мен бақтардағы тоғандарды безендіруге болады.
Қияқ көп күтімді қажет етпейді, бірақ ылғал мен көлеңкелі жерлерді жақсы көреді. Жартасты төбелерге отырғызғанда молынан суару керек. Қияқ қыста төзімді келетін өсімдік. Көктемде қыстан қалған жапырағын толығымен кесіп тастаса, бұталарда жаңа жапырақтар пайда болады.
Қырыққұлақ
Қырыққұлақ немесе атириум Filix-Femina, сондай-ақ аталық немесе аналық сағызқарағай ретінде белгілі өсімдік.
Ол көгалдарға және жолдарға басқа гүлдермен бірге отырғызуға өте қолайлы. Оны бақшадағы көлеңкелі жерлерге егуге болады. Күн сәулесі тікелей түскенде және ылғал жетіспеген кезде жапырақтары сарғайып, кебеді.
Өсімдік органикалық заттармен жақсылап тыңайтылған бос және қышқыл топырақты жақсы көреді. Қырыққұлақ споралармен оңай көбейеді, сондықтан оның отырғызылуы тамырсабақтарды бөлу арқылы реттеледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2160916-bau-baqshaga-erekshe-san-beretin-kopzhyldyq-10-gul/