Ақтаудың ең сұлу қызы таңдалды
Жарияланған күні:
Ақтауда 25 қыркүйекте ең сұлу ару таңдалды. 18 жастағы Мерей Әзімтай "Ақтау аруы-2024 " атанды, деп хабарлады Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
25 қыркүйекте Ақтауда "Ақтау аруы-2024" сұлулық байқауы өтті. Кастинг арқылы іріктелген 10 қыз байқаудың ақтық сынына қатысты.
Байқау алты кезеңнен тұрды. Біріншісі – ұлттық киімде презентация жасау, екінші кезеңде қыздар өнерін көрсетті.
Үшінші кезеңде арулар хореографиялық қойылым қойса, төртінші кезеңде байқауға қатысушылар дизайнер Татьяна Пугачеваның киімдерін киіп, сән көрсетілімін көрсетті. Бесінші кезеңде қыздар сұрақтарға жауап берді.
Байқаудың ақтық кезеңде арулар сахнаға кешкі көйлекпен шықты.
Қазылар алқасының шешімімен "Ақтау аруы-2024" титулы 18 жастағы Мерей Әзімтайға бұйырды.
Альбина Оңғар, Әйгерім Бауыржанова, Айханым Қуанышбекова "Ақтау аруы-2024" байқауының жүлдегерлері атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2166916-aqtaudyng-eng-sulu-qyzy-tangdaldy-foto/