Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір шай қасықта неше грамм бар: әр түрлі өнімнің салмағын қалай өлшеу керек

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ша қасықтағы өнімдер
Шай қасыққа салынған өнімдер. Көрнекі фото: freepik.com

Шай қасықты өлшеуіш ретінде жиі пайдаланады. Бір шай қасыққа қанша грамм өнім сыяды? Бұл материалда Webstaurant Store һқоғамдық тамақтандыру сайтында жарық көрген мәліметтерге сүйене отырып шай қасықтың осы және өзге құпияларын ашамыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Шай қасық - көлемі 5 мл болатын ыңғайлы өлшеу құралы, бірақ оның граммдағы салмағы әр өнімге байланысты әртүрлі болады.
  • Мақалада әртүрлі тағам өнімдерінің бір шай қасықтағы салмағы көрсетілген: мысалы, тұз - 7-10 г, ұн - 5-10 г, қант - 4,2-7,5 г.
  • Шай қасықпен дұрыс өлшеу үшін өнімнің артығын алып тастау керек, ал дәл нәтиже алу үшін ас үй таразысын қолдану ұсынылады.

Түрлі өнімдер бір шай қасықта неше граммнан болады?

Шай қасық сусымалы өнімдер үшін жақсы өлшеу құралы болып саналады. Бірақ оның көлемі әрқашан граммдағы салмағына сәйкес келе бермейді. Webstaurant Store қоғамдық тамақтандыру компаниясының сайтында жарияланған мақалада бұл қасықтың сыйымдылығы ас қасықтан 3 есе аз екені айтылған. Стандарт бойынша мұндай қасықтың көлемі 5 мл. Онымен сусымалы өнімдерді өлшегенде, қаншалықты толтырып алатыныңызды ескеріңіз.

Салмақтың мынандай көрсеткіштеріне назар аударыңыз:

  • Тұз. Бір шай қасықта қанша грамм тұз бар? Бір шай қасық тұзда шамамен 7 г, толтырып алсаңыз 10 г тұз бар.
  • Ұн. Бір шай қасықта 5-6 г, ал толтырып алатын болсаңыз, 8-10 г ұн болады.
  • Ас содасы. Бір шай қасықта 7-8 г сода болады, толтырып алатын болсаңыз 12 г болады.
  • Желатин. Бір шай қасыққа 3 г желатин сыяды, толтырып алғандағы салмағы 5 г болады.
  • Қант. Бір шай қасықта қанша грамм қант бар? Бір шай қасықта шамамен 4,2 г құмшекер болады, толтырып алсаңыз шамамен 7,5 г болады.
  • Лимон қышқылы. Бір шай қасықта 5 г лимон қышқылы болады,толтырып алсаңыз, 7-8 г болады.
  • Құрғақ ашықты. Бір шай қасықта 2-3 г ашықты болады, қасықты толтыра алсаңыз 4 г болады.
  • Қосытқыш. Бір шай қасықта қанша грамм қопсытқыш бар? Бір шай қасықта 3 г қопсытқыш болады, қасықты толтыра алатын болсаңыз, 5 г сыяды.
Шай қасыққа салынған какао, ашытқы және қант
Шай қасықпен алынған өнімдер. Көрнекі фото: freepik.com

Кейде рецепт бойынша мына өнімдерді де шай қасықпен өлшеп алуға тура келеді. Бір шай қасықта олардың салмағы:

  • Ұнтақталған кофе – 3 г, қасықты толтыра алғанда – 6 г.
  • Какао – 3 г, қасықты толтыра алғанда –5 г.
  • Ұнтақталған бұрыш – 2-2,5 г, қасықты толтыра алғанда – 4 г.
  • Құрғақ қыша – 4 г, қасықты толтыра алғанда – 6 г.
  • Агар-агар – 2 г, шай қасықты толтыра алғанда – 4 г.
  • Құрғақ сүт – 7 г, шай қасықты толтыра алғанда – 12 г.
  • Картоп және жүгері крахмалы – 3 г, шай қасықты толтыра алғанда – 10 г.
  • Ұнтақ жарма – 4 г, шай қасықты толтыра алғанда – 6-7 г.
  • Қарақұмық – 5-6 г, шай қасықты толтыра алғанда – 8 г.
  • Күріш – 6 г, шай қасықты толтыра алғанда – 8 г.
  • Тары – 10 г, шай қасықты толтыра алғанда – 15 г.

Су, сүт, сироп, кілегей, соя соусы, сірке суы сияқты сұйық консистенциясы бар өнімдерді алсақ, бір шай қасыққа 5 г сыяды. Бір шай қасықта неше грамм май бар? Бір шай қасықта 5-6 г (шамамен 5 мл) өсімдік майы бар. Йогурт пен айран да осындай мөлшерде болады.

Қою өнімдердің салмағы әдетте көбірек болады. Мысалы:

  • Қойытылған сүт – 12 г (5-6 мл).
  • Бал – 7 г (5 мл).
  • Сұйық тосап – 7 г (5 мл).
Нанға жағылған тосап
Бір шай қасық тосап. Көрнекі фото: freepik.com

Жұмсақ, тығыздығы жоғары тағамдарды шай қасықпен өлшегендегі салмағы мынадай болады:

  • қаймақ – 7 г, шай қасықты толтырып алғандағы салмағы – 10 г;
  • сары май – 8 г, шай қасықты толтырып алғандағы салмағы – 10 г;
  • сүзбе – 5 г, шай қасықты толтырып алғандағы салмағы – 10 г;
  • майонез – 10 г, шай қасықты толтырып алғандағы салмағы – 15 г;
  • кетчуп – 6-8 г, шай қасықты толтырып алғандағы салмағы – 10-12 г;
  • томат пастасы – 8 г, шай қасықты толтырып алғандағы салмағы – 10-12 г;

Шай қасық – көлем өлшемі , ал грамм – масса өлшемі. Сондықтан "Бір шай қасықта қанша грамм болады?" деген сұраққа нақты жауап жоқ. Бұл қолданылатын ингредиентке және оның тығыздығына байланысты.

Өнімді шай қасықпен қалай дұрыс өлшеуге болады

Тағамның салмағын дәл өлшеу үшін ас үй таразысын пайдаланыңыз. Дей тұрғанмен, өлшеуіш ретінде шай қасықты қолдану әлдеқайда ыңғайлы. Өнімді шай қасықпен өлшеу үшін рецепттерде қажет мөлшері көрсетіледі және мынандай белгілер қолданылады:

  • шай қасық;
  • ш. қасық;
  • ш. қ.;
  • tsp или teaspoon.

Шай қасықтардың бәрі бірдей емес. Олар мына параметрлер бойынша ерекшеленуі мүмкін:

  • әзірленген материалына қарай (тот баспайтын болат, алюминий, күміс, жез, пластик);
  • ұстағышының ұзындығына қарай;
  • қалақшасының пішініне қарай (дөңгеоек, сопақ, терең)

Ас үйде шай қасықты өлшеуіш қасық ретінде пайдаланған кезде, пропорцияларға күмән келтірмеу үшін нақты бір қасықты таңдаған дұрыс. Punch Kitchen блогы дәмдеуіштер, қопсытқыштар немесе сығындылар сияқты аз мөлшердегі ингредиенттерді өлшеу үшін шай қасықты пайдалануды ұсынады.

Өнімдерді өлшемес бұрын, сусымалы заттың тығыздығы оның салмағына әсер ететінін есте сақтаңыз. Мысалы, бір қасықта ұсақ ас тұзына қарағанда тас тұзы аз болады. Кейбір өнімдер ылғалдылыққа байланысты (тұз, қант, ұн, крахмал) ауыр болады.

Шай қасыққа салынған дәмдеуіштер
Шай қасықпен алынған дәмдеуіштер. Көрнекі фото: pixabay.com

WikiHow сайты ингредиенттерді шай қасықпен өлшеу өте оңай екенін деп жазады. Ол үшін алдымен өнімді қасықпен алғаннан кейін жиегіндегі артығын пышақпен алып тастаңыз. Нәтижесінде сіз шай қасық деңгейіне сәйкес келетін грамм мөлшерін аласыз. Қосымша өлшемдер қажет емес.

Шай қасықпен өлшеу салыстырмалы нәтиже береді, бірақ тамақ әзірлеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Үй шаруасындағы әйелге рецептте қасық саны көрсетілген болса, оны таразымен граммдап өлшеудің қажеті жоқ. Әртүрлі тағамдарды шай қасықпен өлшеу ережелерін ұстанатын болсаңыз, процесті жеңілдетуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2167047-bir-shai-qasyqta-neshe-gramm-bar-ar-turli-onimning-salmagyn-qalai-olsheu-kerek/