Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лечоны қалай жабамыз: Ариана Дәуренқызы қысқы салаттың жасалу жолын көрсетті

Жарияланған күні:

Қысқа дайындалған лечо салаты. Көрнекі сурет
Қысқа дайындалған лечо салаты. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыстың қамын жазда ойла демекші, көкөніс салаттарын қазірден бастап жапқаныңыз дұрыс болады. Мұндай салаттардың ішінде ең танымал түрі - қызанақ лечосы. Бүгінгі рецептте ең дәмді лечоны дайындау тәсілімен бөлісетін боламыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Ариана Дәуренқызы атты танымал фудблогер қысқа арналған ең дәмді қызанақ лечосын дайындау рецептін ұсынады.
  • Рецепт бойынша лечо дайындау үшін пияз, сәбіз, болгар бұрышы, қызанақ, өсімдік майы, сарымсақ, аскөк, қант және дәмдеуіштер қолданылады.
  • Дайындау процесі көкөністерді турау, қуыру, бұқтыру және дәмдеуіштер қосудан тұрады, ал дайын өнімді банкаларға салып, бір күнге жылы жерде сақтау керек.

Лечо салатының ең дәмді рецебімен танымал фудблогер Ариана Дәуренқызы таныстыратын болады. Блогердің YouTube каналынан осы сияқты басқа да рецепттермен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Венгрия

Санаты: тіскебасар

Дайындалу уақыты: 30 минут

Дайын болу уақыты: 35-40 минут

Құрамы

Пияз - 1 кг

Сәбіз - 1 кг

Тәтті болгар бұрышы - 3 кг

Қазанақ - 3 кг

Өсімдік майы - 300 мл

Сарымсақ - 2 дана

Аскөк - қалауыңызша

Қант - 250 г

Тұз - 3 ас қасық

Қара домалақ бұрыш - дәміне қарай

Дайындалуы

1. Cәбіз бен пиязды тураймыз

Пияз бен сәбізді тураймыз. Көрнекі сурет
Пияз бен сәбізді тураймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдымен пияз бен сәбіздің қабығын аршып, дайындап аламыз. Сосын пиязды орта мөлшерде майдалап тураймыз. Кейін сәбізді жіңішке жолақша пішінде турап аламыз.

2. Болгар бұрышын тураймыз

Тәтті болгар бұрышын тураймыз. Көрнекі сурет
Тәтті болгар бұрышын тураймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тәтті болгар бұрышын жуып, ішіндегі дәндерін алып, тазалап тастаймыз. Сосын бұрышты орташа тілім етіп турап аламыз.

3. Қызанақты тураймыз

Қызанақты тураймыз. Көрнекі сурет
Қызанақты тураймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызанақтарды жуып, тазалап, орташа көлемде немесе төрт бұрышты көлемде, ұсақтап тураймыз.

4. Көкөністерді қуырамыз

Сәбіз бен пиязды қуырамыз. Көрнекі сурет
Сәбіз бен пиязды қуырамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдымен кастрюльге сұйық майды құйып, қыздырып аламыз. Сосын пиязды салып, жұмсарғанша жақсылап қуырып аламыз. Үстінен сәбізді салып, тағы 5-7 минут қуырамыз. Кейін қызанақты салып, ыдыстың бетін жауып, 10 минут баяу отта бұқтырамыз.

5. Сарымсақ пен аскөкті тураймыз

Сарымсақ пег аскөкті тураймыз. Көрнекі сурет
Сарымсақ пег аскөкті тураймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сарымсақтың қабығын аршап, жұқа етіп, орташа көлемде тураймыз. Аскөкті де жуып, ұсақтап турап аламыз. Баяу оттағы көкөністерді жақсылап араластырып, тағы да бетін жауып, 20 минут бұқтырамыз.

6. Салатқа сарымсақ пен дәмдеуіштерді, аскөкті қосамыз

Лечоға қалған құрамын қосамыз. Көрнекі сурет
Лечоға қалған құрамын қосамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қайнап жатқан лечоға алдымен сарымсақты қосып, араластырып, бұқтырамыз. Сосын қант пен тұз қосып, жақсылап араластырамыз. Соңында аскөкті қосып, тағы да араластырып жібереміз. Барлығын 20 минут баяу отта бұқтырамыз.

7. Салатты банкаларға саламыз

Салатты банкаларға саламыз. Көрнекі сурет
Салатты банкаларға саламыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдымен лечоға арналған банкаларды тазалап жуып, зарарсыздандырып аламыз. Сосын ішіне дайын болған лечоны құямыз. Қақпағын жауып, дайын болған салаттың жылы көрпешемен бір күнге жауып, қалдырамыз. Осылайша, дәмді лечолар қысқа дайын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2167879-lechony-qalai-zhabamyz-ariana-daurenqyzy-qysqy-salattyng-zhasalu-zholyn-korsetti/