Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күз ханшайымы" сайысына арналған көйлектер: ерекше идеялар топтамасы

Жарияланған күні:

"Күз ханшайымы" сайысына арналған көйлек
Көйлек. Көрнекі фото: iledi.ru

Күз – жылдың ең әсем мезгілі әрі суретшілер мен дизайнерлер үшін шексіз шабыт көзі. Балабақшалар мен мектептерде де осы мезгілде берекелі күздің құрметіне түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Бұл жолы сондай сайыстардың бірі – күзгі балға және балабақшадағы ертеңгіліктерге арналған көйлектер идеясын ұсынып, тігілу жолдарын түсіндірмекпіз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Күзгі балға арналған көйлектердің үш түрі ұсынылады: жапырақтармен безендірілген жеңіл көйлек, ағаш бейнесіндегі қалың көйлек және торлы матадан жасалған белдемше.
  • Күзгі көйлекті қоқыс салатын пакеттерден де жасауға болады, оны жасау жолдары түсіндіріледі.
  • Күзгі бал костюмін толықтыру үшін әртүрлі әшекейлер мен аксессуарлар жасау идеялары беріледі, мысалы ағаш бұта, гүлдесте, қанат және арнайы грим.

Күзгі балға не күз тақырыбындағы ертеңгілікке киетін көйлейтің күз тақырыбына сәйкес келуі үшін түсін мезгілге лайықтап таңдау қажет және қиялға ерік бере отырып, табиғи не қолда бар жасанды материалдардан түрлі көйлектер жасап алуға болады.

Осы орайда көйлек тігудің үш нұсқасын ұсынамыз:

Ол үшін қызыл не сары түсті жеңіл матадан жеңіл көйлек тігуге болады. Қажет матаны таңдап, қыз баланың өлшемін алып, кең көйлек тігіңіз, не болмаса дайын көйлек сатып алуға болады. Көйлектің етек жағына картоннан сары түске боялған жапырақтар жасап немесе кәдуілгі жапырақтарты жабыстырып қоюға болады.

Күз тақырыбын ашу үшін ағаш образын таңдауға болады. Ол үшін қоңырлау түсті мата таңдап, одан қалыңдау етіп көйлек тігу қажет не болмаса дайын көйлек сатып аулға болады. Көйлек ағашқа ұқсауы үшін ортаңғы бөлігіне қара барқыт мата тігіп қою керек, бұл ағаштың діңі болады. Образды ашу үшін бұл көйлекпен резіңке етік киіп шығуға боалды. Ал көйлектің жоғарғы бөлігіне қағаздан жасалған түрлі құстарды желімдеу керек.

Торлы матадан жасалған күзгі белдемше

Белдемше жасауға қажет заттар:

  • қызғылт сары, жасыл, қоңыр, сары түсті торлы мата (фатин). Осы түстердің бірін не бірнеше түсті араластырып алуға болады;
  • атлас бау;
  • резеңке;
  • әшекейлер (матадан жасалған гүл, жапырақтар, шетен және т.б.)
  • қайшы;
  • ыстық желім не ине-жіп.
Фатиннен жасалған белдемше
Торлы матадан жасалған белдемше. Фото: my-karnaval.ru

Қыз баланың белін және белінен тізесіне дейінгі өлшемін аласыз. Сол өлшемге сай келетін резеңке және торлы матаны екі бүктегенде тізесіне жететіндей етіп кесіп алыңыз.

Торлы матаны резеңкеге байлап шығыңыз. Ол үшін ұзынша етіп алынған матаны екіге бүктеп, резеңкеге өткізіп, байлаңыз. Қатты қысып байламаңыз. Матаны резеңкеге өткізіп байлап болған соң, резеңкені тігіп, ашық қалған жеріне қалған матадан бант жасап, тігіп қоюға болады. Кеудесіне сол түске сай келетін киім киюге, не болмаса басқа матадан кеуде бөлігін тігіп алуға болады. Дайын болған костюмді қолдан жасалған немесе табиғи жапырақтармен, шетенмен сәндеңіз.

Осы орайда айта кетерлігі, жапырақты сары түсті жылтыр картоннан, сары түсті киіз матадан, сәтеннен не болмаса қағаздан қиып, әзірлеп алуға болады.

Пакеттен жасалған күзгі көйлек

Күз тақырыбындағы көйлекті тұрмыста қолданылатын жұқа пакеттен де жасап алуға болады. Бұл көйлекті жоғарыдағы торлы матадан жасалған көйлектің тәсілімен әзірлейміз.

Пакеттен көйлек жасауға қажет заттар:

  • бірнеше бума ұзын әрі сары, қызғылт сары, қызыл түсті пакет;
  • бір тал ақ пакет;
  • қағаз майлықтар – қағаз майлықтарды дөңгелек етіп қиып аламыз;
  • ине-жіп;
  • ыстық желім;
  • қайшы.
Пакеттен жасалған көйлек
Күзгі балға арнап пакеттен жасалған көйлек. Скриншот: youtube.com/@ЭмКи-Эм

Алдымен белдемше дайындап аламыз. Ол үшін ақ пакетті ұзынша етіп кесіп аламыз. Оған түрлі-түсті пакеттерді ұзынша етіп алып, екіге бүктеп байлап шығамыз. Түрлі-түсті пакеттерді ақ пакетке байлап болған соң, екі ұшын бір-біріне жалғап байлап қоямыз.

Онан соң көйлектің кеудесін жасаймыз.

  • Ол екі пакетті ұзынша етіп бүктеп алып, бір-біріне ыстық желіммен желімдейміз.
  • Екі жанына қысқалау әрі ұзынша етіп алынған бірнеше пакетті желімдейміз. Бұл көйлектің бауы болады.
  • Көйлекті сәндеу үшін дөңгелек етіп қиып алынған қағаз майлықтырды бір-бірінің үстіне қойып, буып, түбін жіппен жақсылап орап қоямыз. Үстіңгі және астыңғы жағынан артығын кесіп тастаймыз. Дайын болған гүлді көйлектің кеудесіне ыстық кілеймен желімдейміз. Осы әдіспен бірнеше гүл жасап алуға болады.

Күзгі балға арналған көйлекпен тағатын әшекейлер мен аксессуарлар

Көйлекті әзірлеп алған соң образды айшықтау үшін қосымша әшекейлер мен аксессуарлар да қажет болады. Образды толықтыру үшін мынандай әшекейлер жасауға болады:

Акварель бояумен боялған ағаш бұта. Перизаттың не болмаса күз аруының образын жасау үшін таяқша ұстап, не болмаса гүлдесте тағып шығуға болады. Гүлдестені жапырақтардан, жасанды гүлден әзірлеуге болады.

Әшекей көздің жауын алып жарқырап тұрғанын қаласаңыз, аксессуарды әшекейлегенде жылтырақ ұнтақтар не жылтырақ лак қолдануды ұсынамыз..

Перизат не күзгі ару образына қанат тағып шығуға болады. Оны картоннан не болмаса матаны сымтемірге жабыстырып дайындап алыңыз.

Образға сай грим жасауға кеңес береміз. Ол үшін бетке жуылатын арнайы бояумен жапырақ, гүл не көбелектің суретін салып қоюға болады.

Бұған дейін де айтқанымыздай образға сай жапырақ не жасанды гүлдер, жидектер желімдеп қойыңыз.

Әшекейлерді жұмсақ киізден де әзірлеуға болады. Мүмкіндік болса, табиғи материалдарды пайдаланыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2171275-kuz-hanshaiymy-saiysyna-arnalgan-koilekter-erekshe-ideialar-toptamasy/