Суши бургер: желіде хит болған ерекше тағамның ең дәмді рецебі
Жарияланған күні:
Желіде көптің көңілінен шыққан суши бургер тағамын үй жағдайында оңай әрі тез дайындауға болады. Ерекше тағамның дәмді рецебімен бүгінгі материалда танысатын боласыздар.
- Суши бургердің тез дайындалатын және дәмді рецебі ұсынылды, оны үй жағдайында оңай әзірлеуге болады.
- Фудблогер Ақнұр Тілекқызы суши бургердің құрамы мен дайындалу жолын егжей-тегжейлі түсіндірді.
- Рецептте күріш, нори жапырақтары, балық, қияр және басқа да ингредиенттер қолданылып, бургер кляр мен нан ұнтақтарына аунатылып, табада қуырылады.
Суши бургер - аз уақыт аралығында көпшіліктің көңілінен шығып, желіде "хит" тағамдардың біріне айналды. Ерекше тағамның рецебімен фудблогер Ақнұр Тілекқызы таныстырады.
Сипаттамасы
Асхана: жапон
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 10 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Күріш - 250 г
Су - 300 г
Нори жапырақшалары - қалауыңызша
Күрішке арналған соус - дәміне қарай
Сірке суы 9% - 12 гр
Қант - 25 г
Тұз - 1 шай қасық
Ірімшік сыры - мөлшеріне қарай
Қияр - мөлшеріне қарай
Балық - қалауыңызша
Жұмыртқа - 2 дана
Қытырлақ нан ұнтақтары - мөлшеріне қарай
Дайындалуы
1. Күрішті пісіріп аламыз
Күрішті тазалап, қайнаға суға саламыз. Баяу отта бұқтырып, жұмсарғанша жақсылап пісіріп аламыз.
2. Соус дайындаймыз
Жылы суға сірке суы, тұз, қант салып, жақсылап араластырамыз. Дайын болған соусты күрішке құйып, она да араластырып аламыз.
3. Суши бургерді жинаймыз
Теңіз қырыққабаты немесе нори жапырақтарын жайып, алдымен күрішті бірқалыпты етіп жаямыз. Күрішті қолымызды сулап отырып жайған дұрыс. Сосын ортасына крем чиз, яғни ірімшік сырын жағамыз.
4. Қызыл балық пен қиярды саламыз
Қызыл балықты біркелкі етіп турап саламыз. Үстінен қияр тілімдерін салып, тағы да крем чиз жағамыз. Бетін күрішпен жабамыз. Нори жапырағын сулап, бургердің бетін жабамыз.
5. Кляр дайындаймыз
Екі жұмыртқаға аз-аздап ұн қосып, біркелкі масса шыққанша араластырып аламыз. Бургерді клярға саламыз. Сосын ұсақталған нан ұнтақтары бар ыдысқа бургерді аунатамыз.
6. Бургерді табада қуырамыз
Бургерді қызып тұрған майға салып, екі жақ беті сарғайғанша жақсылап қуырып аламыз. Осымен бургер суши дайын болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2175212-sushi-burger-zhelide-hit-bolgan-erekshe-tagamnyng-eng-damdi-retsebi/