Асқабақтан пірәндік пісіріп көрдіңіз бе: ерекше дәмді печенье рецебі
Жарияланған күні:
Асқабақ печеньесі - күзде даярлауға болатын ең дәмді рецепттердің бірі. Онда асқабақпен бірге дәмдеуіштер де орынды үйлесім табады. Төмендегі рецептті пайдаланып, үй жағдайында оңай әрі тез дайындалатын печеньені дайындап көріңіз.
- Асқабақ печеньесін дайындаудың қарапайым рецепті ұсынылған, оны үй жағдайында оңай әрі тез жасауға болады.
- Рецептте асқабақ, шоколад, ұн, қант және әртүрлі дәмдеуіштер қолданылады.
- Печеньені дайындау процесі қадамдық нұсқаулықпен түсіндіріліп, 180°C температурада 13 минут пісіру керектігі айтылған.
Асқабақ печеньесін қолда бар заттармен оңай әрі тез даярлауға болады. Күз мезгілінде дайындалатын дәмді десерттің рецебімен бүгінгі материалда таныс болыңыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Америка
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 20 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Жұмыртқа - 1 дана
Сүтті шоколад - 255 г
Асқабақ - 240 г
Қант - 100 г
Ұн - 250 г
Өсімдік майы - 120 мл
Зімбір - 0.5 шай қасық
Тұз - 0.5 шай қасық
Ас содасы - 0.75 шай қасық
Мускат жаңғағы - 0.5 шай қасық
Қопсытқыш - 2 шай қасық
Даршын - 2 шай қасық
Ваниль шырыны - 1 шай қасық
Қоңыр қант - қалауыңызша
Дайындалуы
1. Қамырдың құрғақ құрамын дайындаймыз
Шұңғыл ыдысқа ұнды електен өткізіп, саламыз. Қосымша қопсытқыш пен ас содасын қосамыз. Сосын ұсақталған даршын, зімбір мен мускат жаңғағын қосамыз. Үстінен 0,5 шай қасық тұз қосамыз. Барлығын қолмен жақсылап араластырамыз.
2. Қант пен майды араластырамыз
Ыдысқа қоңыр және ақ қантты салып, екеуін араластырамыз. Үстінен сұйытылған майды қосып, барлығын қант ерігенше араластырамыз.
3. Жұмыртқа мен асқабақты қосамыз
Қант қоспасы бар ыдысқа бір жұмыртқаны қосамыз. Сосын ванильді саламыз. Барлығын венчикпен араластырамыз. Асқабақты турап, пюре жасаймыз. Оны сұйық қоспаға қосып, барлығын жақсылап араластырамыз. Үйіңізде асқабақ болмаса, дайын асқабақ қоспасын пайдалансаңыз болады.
4. Қамыр илеңіз
Асқабақ қоспасына ұннан дайын болған құрғақ құрамды қосамыз. Асхана күрекшесінің көмегімен барлық құрамды жақсылап араластырамыз. Сонда біркелкі масса пайда болуы керек. Шоколадты ұсақтап, ұнға қосамыз. Барлығын тағы да араластырамыз.
5. Печенье дайындаймыз
Противеньге пергамент қағазын төсейміз. Үстіне балмұздақ жасауға арналған қасықтың көмегімен қамырды алып, пергамент қағазына саламыз. Печенье дөңгелек шар тәрізді болуы керек. Пісу уақытында десерттің көлемі үлкейетіндіктен, оларды бір-бірінен алыс орналастырыңыз.
6. Печеньені пісіреміз
Пешті 180 °C-қа дейін қыздырамыз. Қызған пешке печеньені саламыз. Десертті 13 минутқа қоямыз. Печенье піскен соң пештен алып, суытыңыз. Сосын торға салып, десерттің толық суығанын күтіңіз. Дайын болған тәттіні дастарханға қойып, жақындарыңызды қуантыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2178774-asqabaqtan-pirandik-pisirip-kordingiz-be-erekshe-damdi-pechene-retsebi/