Әйел сырғасын жоғалтып алса, тұрмысқа шығады: махаббаттың тағы қандай белгілері бар
Жарияланған күні:
Читать на русскомСүйікті адамын кезіктірерде адамға неше түрлі белгі берілуі мүмкін. Махаббат жақындап қалғанын қандай белгілер арқылы анықтауға болады? KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
- Махаббат белгілерінің бірі – құстар жұбын көру. Аққулар мен көгершіндер жұбы жақсылықтың нышаны болып саналады.
- Алма, қызыл қоңыз және белгілі сандар (5 пен 7) махаббат жақындап қалғанын білдіретін символдар ретінде қарастырылады.
- Сақина жоғалту немесе үйлену рәсімінде қалыңдықтың гүл шоғын қағып алу да махаббат пен жаңа бастаманың белгілері болып саналады.
Құстар жұбы
Құстар жұбы жақын арада сүйіктіңізді кезіктіретініңізден хабардар етуі мүмкін. Кейде құстар сіз күтпеген жерлерде көзге түседі – ашық терезенің жақтауы, көрші үйдің шатыры. Құс жұбын көру – жеке өміріңіздегі оң өзгерістердің белгісі.
Алайда нақты қандай құстарды кездестіргеніңізге мән беріңіз. Ата-аналарға арналған Mom Junction басылымының жазуынша, аққулар – жұптар символы. Мойнын түйістіріп тұрған екі аққуды көрсеңіз, көп ұзамай бір адамның аялысына айналуыңыз ықтимал. Көгершіндер жұбы да – жақсылықтың нышаны.
Ал тоқылдақты кезіктірсеңіз, сүйіктіңізді ұзағырақ күтуге тура келеді.
Алма
Үйлену тойына арналған Marriage журналының жазуынша, алма махаббат символдарының бірі болып саналады. Ол туралы әпсананы скандинавиялық және грек мифологиясынан, ежелгі қытай мәдениетінен кездестіруге болады. Ежелгі Грецияда біреуге алма лақтыру арқылы сол адамға деген сезімін білдірген.
Егер тамақ ішіп отырғанда үстелдегі қызыл алма домалап түссе, көп ұзамай үйде жағымды қонақтар келетінін білдіреді. Мұндай жағдайдан кейін қыз арманындағы жігітті, ал ер адам сүйкімді ханшайымын кезіктіреді.
Сандар
Махаббаттың жақындап қалғанын білдіретін сандардың бірі – 5 саны және бестің екі рет, үш рет, төрт рет көзге түсуі. Бұл өмірдегі елеулі өзгерістердің, соның ішінде жеке басқа қатысты өзгерістердің жаршысы саналады. Жақсы хабарды тек сағаттардан ғана емес, автокөлік нөмірлерінен, телефон қоңырауларынан және басқа да цифрлық белгілерден көруге болады.
Махаббаттан хабардар ететін тағы бір сан – 7 және оның комбинациясы. Жеті армандарыңызды орындайтын уақыт келгенін білдіреді. Егер сіз махаббат пен қарым-қатынас құру үшін жұп табуды армандап жүрген болсаңыз, жақынарада болатын кездесуге дайын болыңыз.
Қызыл қоңыз
Қызыл қоңыз да кейбір елдерде махаббаттың символы саналған. Егер ала қоңыз ұшып келіп алақаныңызға қонса, оны ұшырып жіберуге асықпаңыз. Mom Junction басылымының жазуынша, кейбір азиялық адамдарда осы қоңызға қатысты ырым бар. Егер қолыңыздағы қоңызды ұшырып жіберсеңіз, ол болашақ жарыңызға қарай ұшып барып, оның құлағына атыңызды сыбырлайды деген сенім болған.
Осы сенімді еске алып, қолыңыздағы қоңызға арманыңызды сыбырлап, ұшырып жіберіңіз.
Сақина жоғалту
Психотерапиялық Better Help басылымының жазуынша, сақина – басы мен соңы жоқ пішін, мәңгілік махаббаттың символы. Бұл түсінік Рим империясынан бастау алады. Ежелгі Мысыр артефактілерінен бір-біріне сақина тоқып жатқан ғашықтардың бейнесі табылған.
Махаббатқа қатысты белгілер де сақинамен байланыстырылады. Үйде сақина жоғалса, көп ұзамай сүйіктіңізді жолықтырасыз деген сенім бар. Егер әйел сырғасын жоғалтып алса, оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс түсіп, келін атанады.
Қалыңдықтың гүл шоғы
Тағы бір әйгілі белгі – үйлену рәсімі кезінде қалыңдықтың гүл шоғын қағып алу. Түс жору және символика бойынша сарапшы, доктор Елена М. Ривера қалыңдықтың гүл шоғын қағып алу жай ғана ойын-сауықтың бір түрі емес, оның мәні тереңде жатқанын айтады.
Қалыңдықтың гүл шоғы болашақ бақытқа деген үміт пен жаңа бастаманың нышаны саналады. Гүл шоғына қарай ұмтылған әйелдер қалыңдық болуға үміттеніп қана қоймайды, сонымен қатар махаббатқа деген ұмтылыстарын, армандарын көрсетеді.
"Махаббатсыз дүние бос" десек, жер бетіндегі әр адам нағыз махаббатын жолықтырудан үмітті. Алайда жоғарыда келтірген белгілерге сену-сенбеу әркімнің өз еркінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2179250-aiel-syrgasyn-zhogaltyp-alsa-turmysqa-shygady-mahabbattyng-tagy-qandai-belgileri-bar/