Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәмді әрі құнарлы: Диана Есенбекова дәмі тіл үйіретін ет бәлішінің ерекше рецебін ұсынды

Жарияланған күні:

Дәмді ет бәліші. Скриншот
Дәмді ет бәліші. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Ет бәліші - күн суытып, даладан тоңған сәтте жақындарыңыздың сүйіп жейтін тағамдарының бірі. Бәліштің дәмді әрі ерекше рецебімен бүгінгі материалда бөлісетін боламыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Танымал фудблогер Диана Есенбекова ет бәлішінің ерекше рецебін ұсынады.
  • Бәліш үшін тунец балығы, картоп, пияз және басқа да ингредиенттер қолданылады.
  • Рецепт қамыр илеу, салма дайындау және бәлішті пісіру процесін қадамдап түсіндіреді.

Ет бәлішінің ерекше рецебімен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстыратын болады. Блогердің YouTube арнасынан осы және өзге де тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: славян

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 20 минут

Дайын болу уақыты: 30-35 минут

Құрамы

Тунец балығы - 1 консерві

Картоп - 3-4 дана

Пияз - 1 дана

Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

Ұн - 500 г

Cары май немесе маргарин - 130 г

Айран - 300 мл

Сода - шым-шым

Жұмыртқа - 1 дана

Күнжіт - қалауыңызша

Дайындалуы

1. Ұн мен сары майды араластырамыз

Ұн мен сары майды араластырамыз. Скриншот
Ұн мен сары майды араластырамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Ұнды шұңғыл ыдысқа, електен өткізіп саламыз. Үстінен құрғақ сары майды салып, екеуін жақсылап араластырып аламыз.

2. Жұмсақ қамыр илейміз

Айранға тұз бен ас содасын қосамыз. Скриншот
Айранға тұз бен ас содасын қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Айранға тұз бен ас содасын салып, араластырып аламыз. Сұйық массаны ұнға салып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырды тындырып қоямыз.

3. Салмасын дайындаймыз

Салмасын дайындаймыз. Скриншот
Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Картоптың қабығын аршып, жуып, ұсақтап, төрт бұрышты етіп тураймыз. Пиязды да дәл солай тураймыз. Үстінен тунец консервісін қосамыз. Тунец балығының орнына тартылған етті пайдалансаңыздар болады. Дәміне қарай тұз бен қара бұрышты саламыз.

4. Қамырды жаямыз

Қамырды жаямыз. Скриншот
Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Тындырылған қамырды екіге бөліп, орташа қалыңдықта жаямыз. Сосын табаны майлап, қамырды табаға жаямыз. Қамырдың артық тұстарын кесіп алып тастаймыз. Қамыр көтерілмеуі үшін, шанышқымен қамырды тесіп шығамыз.

5. Салмасын салып, бәлішті пісіреміз

Бәліштің салмасын салып, пісіреміз. Скриншот
Бәліштің салмасын салып, пісіреміз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

Қамырдың бетіне салмасын салып, жайып шығамыз. Қамырдың екінші бөлігін бетіне жабамыз. Ал, артылған қамырды өріп, бәліштің шетіне қойып шығамыз. Бетіне жұмыртқа жағып, қалауыңызша күнжіт себесіз. Бәлішті 180 градусқа, алдын ала қызып тұрған пешке салып, 30 минутта пісіріп аламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2182355-damdi-ari-qunarly-diana-esenbekova-dami-til-uiiretin-et-balishining-erekshe-retsebin-usyndy/