Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәруменге бай: үй жағдайында асқабақ шырынын қалай дайындауға болады

Жарияланған күні:

Дайын болған асқабақ шырыны. Көрнекі сурет
Дайын болған асқабақ шырыны. Көрнекі сурет: pixabay.com

Асқабақ шырыны - дәрумендер мен минералдардың көзі. Оны тіпті қысқыға да консервілеп, дайындап қоюға болады. Үй жағдайында асқабақ шырынын қалай әзірлейміз? Бүгінгі материалдан білетін боламыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Асқабақ шырыны - дәрумендер мен минералдарға бай сусын, оны үйде дайындап, қысқа сақтауға болады.
  • Шырын дайындау үшін асқабақты пісіріп, езіп, оған лимон мен апельсин шырынын, қант пен лимон қышқылын қосу керек.
  • Дайын шырынды банкаларға құйып, жақсылап жауып, суытып алу қажет.

Асқабақ - күздің соңғы айларында пісетін, бақша тектес көкөніс. Одан түрлі тәтті десерттер, асқабақ сорпасын, тіпті сусынын да даярлауға болады. Үй жағдайында асқабақ шырынын қыс мезгіліне дайындаудың рецебімен бүгінгі материалда бөлісетін боламыз.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: сусын

Дайын болу уақыты: 10 минут

Дайындалу уақыты: 30 минут

Құрамы

Асқабақ - 2 кг

Қант - 250 г

Лимон - 1 дана

Апельсин - 1 дана

Су - 1.5 л

Лимон қышқылы - 0.33 шай қасық

Дайындалуы

1. Асқабақты турап, пісіріп аламыз

Асқабақты турап, пісіріп аламыз. Скриншот
Асқабақты турап, пісіріп аламыз. Скриншот: YouTube/ Мой Дастархан Вкусно и Быстро

Асқабақтың қабығын аршып, ортасындағы дәндерін алып тастаймыз. Көкөністі үлкендеу етіп турап, қазанға саламыз. Үстінен 1,5 су құйып, отқа қоямыз. Суы қайнай бастағанда, отты баяулатып, 15–20 минут бойы, асқабақ піскенше, қайнатып аламыз. Су бетіндегі көбікті алуды ұмытпаймыз.

2. Лимон мен апельсин шырынын дайындаймыз

Лимон мен апльсин шырынын дайындаймыз. Скриншот
Лимон мен апльсин шырынын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Мой Дастархан Вкусно и Быстро

Лимон мен апельсинді жуамыз. Цитрустарды ортасынан бөлеміз. Сок шырынын даярлаушының көмегімен жемістерден шырынды сығып аламыз.

3. Піскен асқабақты блендермен еземіз

Асқабақты блендермен еземіз. Скриншот
Асқабақты блендермен еземіз. Скриншот: YouTube/ Мой Дастархан Вкусно и Быстро

Асқабақ піскен кезде, оған блендерді салып, езіп аламыз. Сосын үстінен цитрустардың шырынын қосып, мөлшермен қант пен лимон қышқылын қосамыз. Шырынның консистенциясына қарай тағы да су қоссаңыз болады. Шырынды тағы да 3-4 минут қайнатамыз.

4. Шырынды банкаларға құйып, жабамыз

Асқабақты банкаларға құямыз. Скриншот
Асқабақты банкаларға құямыз. Скриншот: YouTube/ Мой Дастархан Вкусно и Быстро

Банкалар мен қақпақтарды алдын ала тазартып аламыз. Дайын болған шырынды банкаларға құйып, бетін қақпақтармен жақсылап жабамыз. Банканы төңкеріп, суығанша бетін жылы жауып қоямыз. Осылайша дәруменге бай асқабақ шырыны дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2191686-darumenge-bai-ui-zhagdaiynda-asqabaq-shyrynyn-qalai-daiyndauga-bolady/