Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аналарға кеңес: киім мен жиһазға жабысып қалған слаймды қалай кетіруге болады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Слайммен ойнап отырған қыз
Қыз бала. Көрнекі фото: freepik.com

Слайммен балалар қызыға ойнайды. Дегенмен ол киім мен жиһазға жабысып қалса, кетіру қиын. Үй шаруашылығы бойынша сарапшылар Мэри Марлоу Леверетт пен Кристин Перри әртүрлі маталардан слаймды кетіру құпияларын бөлісті.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада киім мен жиһазға жабысып қалған слаймды кетірудің бірнеше әдісі ұсынылған, соның ішінде сірке суын, бензин немесе керосинді, тұзды, спирт немесе ацетонды, сабын ерітіндісін және сода пастасын қолдану әдістері бар.
  • Механикалық әдістер де көрсетілген, мысалы үтіктің буын немесе мұзды пайдалану арқылы слаймды кетіруге болады.
  • Үй шаруашылығы сарапшылары Мэри Марлоу Леверетт пен Кристин Перри слаймды кеуіп қалмай тұрғанда бірден кетіруге кеңес береді.

Сірке суы

Слайм (жабысқақ) – тұтқыр материалдан жасалған ойыншық. Балалар бұл желе тәрізді ойыншықты жақсы көреді, оны мыжғылауға, созуға немесе қабырғаға лақтыруға болады. Бірақ слайм киімге, төсенішке және кілемге жабысып қалса, кетуі қиын.

Үй шаруашылығы бойынша сарапшы Мэри Марлоу Леверетт киімдегі слаймды ылғал кезінде кетірген дұрыс екенін айтады. Жабысқақ дақтарды кетіру үшін сірке суын қолданыңыз.

Нұсқаулық:

  • Сірке суын 1:1 мөлшерде сумен араластырыңыз.
  • Слайм жабысқан жерге осы ерінтіндіні шашыңыз.
  • 5 минутқа қалдырыңыз.
  • Слайм қалдығын кетіру үшін жұмсақ щетка пайдаланыңыз.

Тазаланған жерді саусағыңызбен тексеріңіз. Жабысқақ болмаса, слайм жабысқан жерді жылы сумен шайыңыз. Жиһаздың қаптамасы болса, кептіріңіз, ал киім болса, жуыңыз.

Ер адам дивандағы дақты сүртіп жатыр
Үй тазалау. Көрнекі фото: freepik.com

Бензин немесе керосин

Киімдегі кеуіп қалған слаймды қалай кетіруге болады? Қалың мақта маталарды слаймнан тазарту үшін бензин немесе керосин қолданыңыз. Талшық құрылымына зақым келтірмеу үшін бұл әдісті жұқа маталарға қолданбаңыз.

Нұсқаулық:

  • Мақтаны бензинге немесе керосинге малып алыңыз.
  • Оны слайм жабысып қалған жерге жағып, 20-40 минут ұстаңыз.
  • Слайм бөліктерін алып тастап, дақты ақырын сүртіңіз.
  • Жылы сумен шайыңыз.

Сұйықтықты резеңке қолғаппен ұстаңыз. Тазалап болғаннан кейін өткір иісті кетіру үшін бөлмені желдетіңіз. Киімді кондиционер қосылған ыстық сумен жуыңыз.

Тұз

Кәдімгі ас тұзы да киімдегі слаймды кетіруге көмектеседі. Жақыслап тазарту үшін тұзбен бірге мүсәтір спирті мен лимон шырынын қолдануға боалды. Нәтижесінде матаның талшықтарына енген жабысқақ заттың молекулаларын бұзатын белсенді қоспа пайда болады.

Нұсқаулық:

  • 2 ас қасық тұзға 20 тамшы мүсәтір спиртін, 3 шай қасық лимон шырынын қосып, араластырыңыз.
  • Қоспаны слайм жабысқан жерге жағып, 20-30 минутқа қалдырыңыз.
  • Сонан соң слайм жабысқан жерді тіс щеткасымен тазалап, жылы сумен шайыңыз.

Слаймнан кейін бояудың немесе жылтырақтың дағы қалып қойса, затты кептірмеңіз. Дақтарды дақ кетіргішпен кетіріңіз және жылтырақты жабысқақ таспамен алып тастаңыз.

Тұз
Тұз. Көрнекі фото: pixabay.com

Спирт немесе ацетон

Lifehacker интернет-басылымы авторлары жиһаздың бетіндегі слаймды спиртпен, ацетонмен немесе лак кетіргішпен тазалауға кеңес береді. Еріткішті таңдағанда, затты бүлдіріп алмау үшін оны матаның кішкене бөлігіне жағып, байқап көріңіз.

Нұсқаулық:

  • Слайм кеуіп үлгермеген болса, оны пышақпен қырып алып тастаңыз.
  • Мақтаны еріткішке малып алыңыз.
  • Мақтаны слайм жабысқан жерге бірнеше минутқа қойып қойыңыз.
  • Бірнеше минуттан кейін мақтаны алып тастаңыз.

Слайм дағы толық кетпеген болса, осы әдісті қайталап жасап көріңіз. Слайм матадан толығымен алынғанша процедураны бірнеше рет қайталаңыз.

Сабын ерітіндісі

Слаймды қалай жуу керек? Слаймның құрамында жабысқақ заттар (полисахаридтер, желім) болады. Матадағы слайм дақтарын кір сабынмен жуыңыз.

  • Сабынды үккіштен өткізіп, оны ыстық суда ерітіңіз.
  • Ерітіндіні слайм жабысқан жерге құйып, 15 минутқа қалдырыңыз.
  • Жібіген слайм қалдығын кетіру үшін дақты жұмсақ щеткамен сүртіңіз.

Сонан соң затты жылы сумен сүртіп, әдеттегідей жуыңыз. Жиһазды суға матырылған щеткамен тазалап, шаш кептіргішпен кептіріңіз.

Кір сабын
Көрнекі фото: pixabay.com

Сода пастасы

Қалың матадан жасалған жиһаздар мен сырт киімдердегі слаймды ас содасымен тазалаңыз. Белсенді реакция талшықтарды жабысқақтан тазартуға көмектеседі.

Нұсқаулық:

  • 1 ас қасық содаға 1-2 тамшы сұйық сабын қосыңыз.
  • Осы ерітіндіні слайм жабысқан жерге губкамен немесе тіс щеткасымен жағып, ақырын ысқылаңыз.
  • 5 минутқа қалдырыңыз, содан кейін жылы сумен шайыңыз.

Слайм дағы толық кетпесе, осы әдісті бірнеше рет қайталауға болады. Реакцияны күшейту үшін слаймға ас содасын жағып, үстіне сірке суын құйыңыз. Содан кейін көпіршікті массаны қалған слайммен бірге алып тастаңыз.

Механикалық әдіс

Слайм құрамында жоғары температурада еритін жабысқақ заттар бар. Жабысқақ дақтан біржола құтылу үшін үтіктің буын қолданыңыз.

Киімдегі слаймды үтікпен қалай кетіруге болады? Ол үшін мына нұсқаулықты орындаңыз:

Үтікті 120°C-қа дейін алдын ала қыздырыңыз. Слайм жабысқан жерге таза мақта матаны немесе дәке төсеңіз. Үтіктің табанын матаға қойып, бу функциясын қосыңыз. Үтікті слайм кеткенше бірнеше минут ұстаңыз. Шүберекті слайммен бірге алып тастаңыз.

Ыстық өңдеуден кейін матаны толығымен салқындағанша қалдырыңыз. Содан кейінслайм дағын толығымен кетіру үшін қатты щеткамен тазалаңыз.

Тоңазыту

Жазушы Кристин Перри киімдегі жабысқақ массаны тоңызыту әдісімен кетіруді ұсынады. Төмен температура слаймның құрылымын өзгертеді.

Егер слайм жиһазға немесе үлкен заттарға жабысып қалса, мына нұсқаулықты орындаңыз:

  • Бірнеше мұз текшесін полиэтилен пакетке салыңыз.
  • Қапшықты кеуіп қалған слаймның үстіне қойыңыз.
  • Қолмен немесе пинцетпен матадан қатты слаймды алып тастаңыз.
  • Слайм дағы қалған жерді жылы сумен жуып, құрғатыңыз.
Мұз
Мұз. Көрнекі фото: pixabay.com

Слаймды жабысқан кезде бірден кетіріп тастау керек. Әйтпесе кеуіп қалған слайм дағын кетіру қиынға соғады. Киімдегі немесе жиһаздағы слаймды жоғарыда айтылған әдістердің бірін қолданып кетіруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2192859-analarga-kenges-kiim-men-zhihazga-zhabysyp-qalgan-slaimdy-qalai-ketiruge-bolady/