Раушан той: ерлі-зайыптының үйленгеніне 10 жыл толған мерейтойды қалай тойлаған жөн
Жарияланған күні:
Читать на русскомҮйленіп, үй болған күн ерлі-зайыптылар үшін ерекше маңызды. Алғашқы маңызды мерейтой – раушан той. Бұл материалда неке туралы кітаптың авторы Стефани Кунц келтірген мәліметтер негізінде мерекенің ерекшеліктері мен оны қалай тойлау жөнінде кеңестер ұсынамыз.
- Раушан той – заңды некенің 10 жылдығына арналған мерейтой.
- Мерекеге орай раушан гүлдері, қызыл балық немесе тауық еті, раушан күлтесі қосылған торт дайындалады, ал негізгі түстер – көк пен күміс.
- Дәстүрлі сыйлықтар қалайы немесе алюминийден жасалады, сондай-ақ гауһар тасты зергерлік бұйымдар, романтикалық демалыс немесе бірлескен саяхат сыйлауға болады.
Раушан той туралы жалпы мәліметтер
Үйлену тойының әр мерейтойы – үйленген күннен бастап әр он жыл сайын тойланатын маңызды күн. Оның өз атауы, мәні, дәстүрі бар. Ерлі-зайыптылардың ресми қарым-қатынасының бірінші маңызды мерейтойы – раушан той.
Раушан той ерлі-зайыптылар отау құрғаннан кейін неше жылдан кейін тойланады? Үйлену тойына арналған Hochzeiterie желілік басылымының жазуынша, мерейтой ресми некеге он жыл толғанда аталып өтеді. Раушан – сұлулық пен нәзіктіктің көрінісі ғана емес, сонымен қатар ерлі-зайыптылардың отбасылық бақытқа апаратын тікенді жолының символы.
Әлемнің әр түкпірінде алғашқы мерейтой әртүрлі атаулар мен ерекшеліктерге ие. Британдық этикет пен дәстүр бойынша Debretts жетекші басылымының жазуынша, оны "қалайы" деп те атайды. Үйлену той туралы америкалық Brides басылымы онжылдық мерейтой "алюминий той" ретінде де белгілі екенін жазады.
Hochzeiterie блогында жарияланған мәлімет бойында, раушан тойдың ерекше символикасы бар:
- Тікен – соңғы он жылда еңсерілген қиындықтар мен кедергілердің символы.
- Бүршік – қарым-қатынасты нығайта түскен құмарлық пен адалдықтың символы.
Ерлі-зайыптылар бұл мерейтойды көбіне жақындарымен тойлайды немесе үлкен мереке ұйымдастырады. Мерекелік іс-шараны ұйымдастыру кезінде мерекенің атауы мен мәніне назар аударылады. Үстелге басқа тағамдермен бірге қызыл балық немесе тұтас пісірілген тауық еті қойылады. Десертке раушан күлтесі қосылған торт пен шай береді.
Brides басылымының жазуынша, бұл тойдың негізгі түстері – көк және күміс түс. Үй шаруасындағы әйелдерге арналған Good House Keeping басылымы он жылдық үйлену тойының дәстүрлі гүлі – бақыт символы саналатын нәркес екенін атап өтеді. Раушан тойына қонақтар раушан реңктері бар киім киіп, соған сай әшекейлер тағып барады.
Он жылдық мерейтойға байланысты әртүрлі елде бірқатар наным-сенім бар. Бұл күні отағасы күні бойы қалтасына қалайы қасық салып алып жүріп түнде әйелінің жастығының астына қою арқылы отбасын қызғаныш пен ашудан сақтайды. Мереке күні есікке ілінген раушаннан өрілген гүлдестені кейін кептіріп, сақтап қояды. Ерлі-зайыптылардың қонақтардан бір-біріне беретін сыйлықтарының маңызы зор.
Раушан тойында қандай сыйлық сыйлау қажет?
"Неке, тарих: мойынсұнудан жақындыққа дейін немесе махаббат некені қалай жеңді" кітабының авторы Стефани Кунцтың айтуынша, ағылшын тілді елдерде сыйлықты мерейтойға орайластырып беру XIX кең тарай бастаған.
Раушан тойға не сыйлауға болады? Brides басылымындағы мәлімет бойынша, он жылдыққа арналған мерейтойлық сыйлық дәстүрлі түрде қалайыдан немесе алюминийден жасалады, бұл некенің беріктігі мен тұрақтылығын білдіреді. Үйлену той туралы Marriage басылымының жазуынша, оған металдан жасалған мүсіншелер, ыдыс-аяқтар, сағаттар, бақша құралдары жатуы мүмкін. Қазіргі заманда гауһар тасты зергерлік бұйымдар да сыйлауға болады. Hochzeiterie ерлі-зайыптыға бір-біріне раушан гүлін, жеке кәдесыйлар беруді және бірге уақыт өткізіп, жаңа дүниелерд тануды ұсынады.
Hochzeiterie мынандай сыйлық нұсқаларын ұсынады:
- Оюмен өрнектелген зергерлік бұйымдар.
- СПА-да романтикалық демалыс.
- Эмоция сыйлатын сыйлықтар (әуе шарымен ұшу, ерлі-зайыптылар үшін арнайы орынға бірлескен саяхат).
- Отбасылық суреттер бар фотокітап.
- Романтикалық кешкі ас.
- Есімінің бас әріптері кестеленген жастықшалар.
- Бірлескен фотосессия.
- Раушан хош иісі бар парфюмерия.
Ер адамға қалайы күлсалғыш, саптыаяқ немесе құты, коллекциялық қару немесе мерейтойлық медаль сыйлауға болады. Классиканы ұнататын адам жеңілгек мен әдемі белдікті бағалайды. Әйелге іш киім, косметика мен парфюмерия сертификаттарын тарту етуге болады. Қонақтар сыйлық ретінде төсек-орын жапқыштарын, көрпе, картиналар және мерейтойлық керек-жарақтары бар жұптасқан футболкалар бере алады.
Раушан тойға арналған құттықтаулар
Раушан тойға арналған сыйлықтар жақсы тілекпен өрілсе, нұр үстіне нұр болмақ. Ол үшін ChatGPT көмегіне сүйенуге болады.
***
Жаным, бүгін біздің отбасын құрғанымызға 10 жыл толды. Осы жылдар ішінде сен менің тірегім, өмірімнің мәні, қуанышым болдың. Әрбір сәтіміз үшін өзіңе алғысым шексіз. Сенімен бірге өткізген әр күнім – бақытқа толы. Алдағы өміріміз де махаббат пен сыйластыққа толы болсын. Мен сені шексіз жақсы көремін!
***
Жаным, раушан тойымыз құтты болсын! Осы он жыл ішінде біз бірге көп нәрсені бастан өткердік: қуанышты да, қиындықты да. Қай сәтте де сен менің жанымда болдың. Сенімен бірге өткізген әр күнім – мен үшін баға жетпес сый. Келесі он жылды да, одан кейінгі жылдарды да осылай махаббатпен, сыйластықпен өткізуімізді нәсіп етсін. Сен менің бақытымсың!
***
Қымбаттым, осы он жыл ішінде мен саған тек алғыс айтамын. Сен менің өмірімді жарыққа, шаттыққа толтырдың. Әрқашан мені түсініп, қолдап келесің. Отбасымызды осындай берекелі етіп сақтағаның үшін ризамын. Сенің жаныңда болғаным – менің ең үлкен бақытым. Махаббатымыз мәңгі болсын!
***
Сүйіктім, 10 жыл бұрын таңдаған жолымыз ең дұрыс жол екенін дәлелдедік. Сені шексіз сүйемін және әрқашан жанымда болғаның үшін алғысым шексіз. Біздің махаббатымыз мәңгі жасасын!
***
Жаным, сен менің өмірімнің ең жарқын жұлдызысың. Осы 10 жыл ішінде маған сыйлаған бақытың үшін алғысым шексіз. Алдағы өміріміз одан да керемет, одан да бақытты болсын. Сені әрдайым жақсы көремін!
Мұндай құттықтау сөздер ерлі-зайыптылардың арасындағы махаббатты одан әрі нығайта түседі.
Құрметті (ерлі-зайыптылардың есімдері)!
Отау құрғандарыңызға он жыл толуы құтты болсын! Алда да дәл осылай қуаныш пен шаттыққа толы күндеріңіз көп болсын. Отбасылық одақтарыңыз әрдайым берік, махаббаттарыңыз мәңгі болсын!
***
Ардақты (есімдер)!
Отау құрғандарыңа 10 жыл толыпты, бұл – шыдамдылық пен махаббаттың белгісі. Алдағы өмірлеріңде де қуаныштарың көп болып, босағаларың ырыс пен берекеге тола берсін. Балаларыңның қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешулеріңе тілектеспіз!
***
Қымбатты (есімдер)!
10 жылдық мерейтойларың құтты болсын! Махаббаттарың жылдан жылға артып, өмірлерің тек қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Тағы талай белестерді бірге бағындыра беріңдер!
Он жылдық мерейтой ерлі-зайыптылардың өміріндегі маңызды оқиға. Сондықтан бұл атаулы күнді ерекше есте қаларлық етіп атап өткен жөн.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2195289-raushan-toi-erli-zaiyptynyng-uilengenine-10-zhyl-tolgan-mereitoidy-qalai-toilagan-zhon/