Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Душ пен шүмектерді әк өңезінен қалай тез тазартуға болады: 5 пайдалы лайфхак

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шүмек
Шүмек. Көрнекі фото: freepik.com

Душ пен сантехниканы әк өңезінен қалай тазартуға болады? Оны оңай әдістермен ерітуге болады. Үй тазалау бойынша сарапшы Серафина Ди Миззурати ұсынған және Cleanipedia энциклопедиясында келтірілген лайфкахтарды талдап көрейік.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Душ пен шүмектерден әк өңезін кетіруге сірке суы тиімді. Сірке суы мен суды 1:1 мөлшерде араластырып, пакетке құйып, пакетті шүмекке кигізіп түні бойы қалдыру керек.
  • Балауыз қағазы немесе балауыз шам да әк өңезін кетіруге көмектеседі. Олармен шүмекті ысып, құрғақ шүберекпен сүрту қажет.
  • Лимон шырыны мен сабынды су да шүмектер мен душ кабиналарын тазартуға қолданылады. Лимон шырынын 30 минутқа қалдырып, ал сабынды суды жұмсақ губкамен жағу керек.

Сірке суы

Әк өңезі – үнемі су тиетін беттерде және құрылғыларда жиналып қалатын тұз. Шүмектер мен душ кабиналарын әк өңездері жиі тұтып қалады.

Cleanipedia энциклопедиясы душтағы әк өңезі негізінен екі жерде – шүмектің артқы жағында және су жиналатын бөліктерінде болатынын жазады. Шүмектерді және су құйғыштарды оңай тазалау үшін мына лайфхакты қолданып көріңіз:

  • Ыдысқа сірке суы мен суды 1:1 мөлшерде қосып, араластырыңыз.
  • Ерітіндіні пластик пакетке құйыңыз.
  • Пакетті шүмекке кигізіп, резіңкемен байлап қойыңыз. Пакет шүмектің аузында түнімен тұрғаны дұрыс.
  • Пакетті шешіп, шүмектегі ерітіндіні тіс щеткасымен мұқият тазалаңыз. Таза сумен шайып, жылтырағанша құрғақ шүберекпен сүртіңіз.

Душ кабинасының тазалығын қалпына келтіру үшін 200 мл су жылытып, 2 ас қасық сірке суын қосыңыз. Қабырғаларды және душ тегенін жылы ерітіндімен сүртіңіз. Содан кейін жылы, таза сумен шайыңыз.

Минералды тұздар тығыз қабат түзсе, 9% сірке суы мен мүсәтір спиртін (әрқайсысы 100 мл) дайындап, оған 3 ас қасық ас содасын қосыңыз. Қоспаны әкке жағып, 15 минуттан кейін губкамен сүртіп алыңыз.

Қол жуғыш. Көрнекі фото
Қол жуғыш. Көрнекі фото: Artem Hvozdkov / Getty Images

Балауыз қағазы немесе балауыз

Шүмектер мен душ кабиналарында минералды шөгінділердің жиналуы проблемаға туғызуы мүмкін. Әк өңезін балауыз қағазымен немесе балауыз шырағымен кетіріп көріңіз.

Балауыз қағазы – парафинмен қапталған ылғалға төзімді қағаз. Онымен шүмектерді және душ әйнегін тазалауға да болады. Ол үшін мына нұсқаулықты орындаңыз:

  • Балауыз қағазын умаждап алып, онымен әк өңезін сүртіңіз.
  • Балауыз қабатын құрғақ шүберекпен алып тастаңыз және шүмекті жылтырағанша сүртіңіз. Душтағы әйнекті де осы әдіспен сүртіңіз.

Шүмекті тазалау үшін оның жан-жағын балауыз шамымен сүртіңіз. Содан кейін бетін құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Балауызбен бірге өңіз кетеді. Бұл өнім бетіне жұмсақ әсер етеді және хром және никель жалатылған бөлшектерге зақым келтірмейді.

Сүрткеннен кейін көрінбейтін пленка пайда болады. Соның арқасында шүмектер біраз уақыт өңін бермей тұрады.

@makelifesimpler_ Here’s an easy trick to keep your faucets sparkling! ✨ Simply rub candle wax over the faucet and polish it with a dry microfiber cloth for a smooth, water-repellent finish. You can also use wax paper for the same effect! Both methods create a barrier that helps prevent those stubborn hard water stains, keeping your faucets looking brand new! #cleaningtiktok #cleaninghacks #home #homehacks ♬ Bed Chem - Sabrina Carpenter

Лимон шырыны

Хром мен жезден жасалған сантехникалық құрылғылар белсенді қышқылдар әсерінен сырылып, күңгірт тартады. Тұз шөгінділерінің алғашқы белгілері пайда болған кезде, үй тазалау жөніндегі маман Серафина Ди Миззурати лимон шырынын пайдалануға кеңес береді.

Мына лайфхакты қолданыңыз:

  • Лимонды екіге бөліп, аздап шырынын сығып алыңыз.
  • Лимонның жарты бөлігін шүмектің ағызғышына салыңыз. Содан кейін матаны лимон шырына матарып алып, шүмектің қалған бөлігін ораңыз. 30 минутқа қалдырыңыз.
  • Душ кабинасын лимон шырынына малынған губкамен сүртіңіз.
  • Кабинаны, шүмекті, су құйғышты таза сумен шайыңыз. Сантехникалық құрылғыларды құрғатып сүртіңіз.

Әк өңезі қалың жерлерді тіс щеткасын пайдаланып лимон шырынымен сүртіңіз. Аздап ас содасын қосу арқылы шырынның әсерін күшейтіңіз. Қоспаны жарты сағатқа минералды тұздар қатып қалған жерлерге жағыңыз. Жайлап сүртіңіз, содан кейін таза сумен шайып, құрғатыңыз.

@mr.topexperimenter НАДЕНЬТЕ НА КРАН ЛИМОН! РЕЗУЛЬТАТ УДИВИТ!#лайфхак#mr_crezy_experimenter ♬ оригинальный звук - Mr.Top Experimenter

Сабынды су

WikiHow жобасы алтынмен, жезбен, никельмен немесе жұқа қабаты бар басқа металмен қапталған душ кабиналары мен шашыратқыштар үшін жұмсақ тазалау әдісін қолдануды ұсынады. Ол үшін:

  • Азғантай тазартылған суды жылытып алыңыз. Тазартылған судың шүмектегі судан айырмашылығы ешқандай із қалдырмайды.
  • Жылы суға бірнеше тамшы сұйық сабын қосып, ерітіндіні көпіртіңіз.
  • Ерітіндіге жұмсақ губканы матырып алыңыз. Ластанған бетті сүртіңіз.
  • Шүмектер мен душтарды жылтырығанша микроталшықтан жасалған құрғақ шүберекпен сүртіңіз.

Душ кабинасының қабырғаларындағы өңезді кетіру үшін кішкене ыдысқа 2 ас қасық ас содасына 1 стақан ыстық тазартылған су құйып, араластырып алыңыз. Ерітіндіге микроталшықтан жасалған сулықты соған матырып алып, дақтарды сүртіңіз. Соданы тазартылған сумен шайып, артынша микроталшықты сулықпен құрғатып сүртіңіз.

Әйел шүмект жуып жатыр
Шүмек. Көрнекі фото: freepik.com

Душ пен шүмектерді жиі жуу керек. Егер әк өңезі қалыдап кеткен болса, жоғарыда аталған әдістердің бірін қолданыңыз. Нәтижесінде сантехникаңыз жаңа сатып алғандай жалтырап тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2196321-dush-pen-shumekterdi-ak-ongezinen-qalai-tez-tazartuga-bolady-5-paidaly-laifhak/