"Ғалам аруы-2025" байқауының жеңімпазы белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Мексикалық ару Фатима Бош "Ғалам аруы-2025" халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды шараны ұйымдастырушыларға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Байқаудың Instagram желісіндегі парақшасында жеңімпазға тәжді табыс еткен сәттен видео жарияланды.
Желі қолданушылары видеоның астына пікір қалдырып, жеңімпазды құттықтап, қолдау білдіріп жатыр.
Мексика өкіліне тәжді былтырғы жеңімпаз Дания елінің өкілі Виктория Кьяр Тейлвиг кигізді.
Вице-мисс-2025 қатарынан:
1-ші вице-мисс – Правинар Сингх (Таиланд);
2-ші вице-мисс – Стефани Абасали (Венесуэла);
3-ші вице-мисс – Ахтиса Манало (Филиппин);
4-ші вице-мисс – Оливия Ясе (Кот-д'Ивуар) көрінді.
Айта кетейік, байқауға Қазақстан атынан қостанайлық Дана Алмасова қатысты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/lady/2311648-galam-aruy-2025-baiqauynyng-zhengimpazy-belgili-boldy/