Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар данышпан балалардың психологолиялық дертке жиі шалдығатынын дәлелдеді

Опубликовано:

Шотландия ғалымдары балалық шағында алғырлығы өте жоғары болған адамдарда психикалық аурудың белгілері  жоғары болатынын дәлелдеді.

Глазго университетінің (1451 жылы ашылған ЖОО) зерттеушілері 2000 адам туралы ақпарат жинақтап, оларды сараптаған. Көп жылдық арнайы зерттеу жұмысына 8 жасында қатыстырылған адамдар кейін 22-23 жасқа келгенде қайта сауалнамадан өткен. Нақты жүйемен жұмыс жасаған ғалымдар өз тұжырымын ұсынды, деп жазды The Daily Mail.

Ғалымдар 8 жастағы жеткіншектердің ақыл деңгейін бағалап, оларда психикалық аурудың белгілерін іздейді. Балалық шағында алғырлығы өте жоғары болған адамдарда психикалық аурудың белгілері замандастарына қарағанда он сатыға жоғары болған.

Лондон Корольдік колледжі мен deCODE genetics компаниясының зерттеушілері Исландияның 86 292 тұрғыны туралы да деректер жинап, аталған зерттеудің ғылыми дұрыстығын қуаттады.

Ол зерттеуде шизофрения мен биполярлық ауытқушылық шығармашылық тұлғалар арасында көп кездесетінін көрсетті.

Балаларды жас кезінде шектен тыс, тым көп ақпараттандыру зиян екенін ғалымдар осылайша дәлелдеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/868579-ghalymdar-danyshan-balalardynh-psikholo/

pixel