Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдерге тез қартайып кетпеу үшін не істеу керек?

Опубликовано:

Орта есеппен 28 жастан кейін адам қартая бастайды екен. Әдемілікті әжімге айырбастау әйел заты үшін үлкен қорқынышпен тең.

Бұл туралы anabol.kz сайты хабарлайды.

Самайын ақ басқанын, маңдайын әжім «өрнектегенін» көрген келіншектер күйзеліске түсетін көрінеді. Қартаюдың алдын ала алмаймыз. Бұл – табиғи құбылыс. Алайда қартаю процесін бәсеңдету үшін не істеуге болады?

 25-30 жас аралығы

Әдетте, қартаюдың алғашқы белгілері 25-30 жас аралығында біліне бастайды екен және ол сіздің жүзіңізден көрініс табады. Жалпы, бұл табиғи құбылыс болғанымен, қартаю әр адамның жеке ерекшеліктеріне, оның өмірлік ұстанымына, қоршаған ортасына, жеке қасиеттері мен мінез-құлқына, айналысатын ісіне, немен және қалай, қашан тамақтанатынына, тағы басқаларға тікелей байланысты екен.

Бұл жастағы жандардың бет терісі баяғыдай балғын емес, тері шаршаңқы көрінеді. Сонымен қатар көздерінің айналасында ұсақ әжімдер де біліне бастаған.

Көп жағдайда дәл осы 5 бес жыл әр адамның өмірінде ерекше жайттарға толы болатыны белгілі. Отбасын құрып, кішкентайларды тәрбиелеу немесе орнықты жұмыс орнын тауып, карьерасын қалыптастыру көбіне-көп осы жастарға дөп келеді. Соған орай осы бес жылда адам баласы көптеген күйзеліске түседі. Демек, қартаю процесін жеделдетуге өзі де (анығы, өмір ағысы) үлес қосады.

Қартаюды бәсеңдету жолдары

Бет терісіне дұрыс күтім жасауды қолға алу керек. Тазалау, косметикалық құралдар қолдану былай тұрсын, қажет болса, бетке массаж жасап тұрудың да маңызы мол. Сонымен қатар күйзеліске түсіп, ашуға берілмеуге тырысу керек.

 30-35 жас аралығы

Бұл жастағы әйел адамның бет-бейнесі – оның жас кезінде бетіне жасаған «жұмысының» нәтижесі. Яғни жас кезіңізде өзіңізге қаншалықты назар аудардыңыз, қандай күтім жасадыңыз немесе мүлде қарамаған боларсыз. Мұның бәрі бетіңізде «тұрады».

30 жастан асқан соң-ақ қартаю процесі тездете түседі. Кешегі бір-екі сызықтың қалай еселеніп кеткенін байқамай да қаласыз. Бет терісінің өлі клеткалары көбейіп, сыртқа шығып, түріңізді шаршаңқы көрсетеді. Әжімдер кеше ғана маңдайыңызда ғана болса, енді мұрын мен ауыздың маңайына да әжімдердің пайда болғанын байқайсыз.

Терісі құрғақ, арықша келген келіншектерге, әсіресе, мимикалық әжім ерте түседі. Дұрыс күтім жасалмаса, бетіңіз пеште піскен алма сияқтанып кетуі ғажап емес.

Қартаюды бәсеңдету жолдары

Бет терісіне күнделікті косметикалық күтім жасалуы керек. Теріні тыныштандыратын, нәрлендіретін, тазартатын және тартатын косметикалық құралдар қолданыңыз. Кремдердің құрамында С дәрумені болуын қадағалаңыз. Сонымен қатар оттекті косметика қолданған жөн. Массажбен қатар пилинг, лифтингтің де көмегіне жүгініп көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/939416-ayelderge-tez-qartayyp-ketpeu-ushin-ne/

pixel